Жабдықты жөндеу жөніндегі жетекші менеджер

"Волковгеология" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
102

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Өндірісті жоспарлау- Өтінім беру процесін қалыптастыру.2. Өндірісті және жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету- Қосалқы мердігерлік шарттар және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыс шарттары үшін техникалық ерекшеліктерді дайындау;- Жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді келісу және қалыптастыру;- Жоспарлы-алдын ала жөндеу (ЖАЖ) жоспарлары мен кестелерін қалыптастыру.3. Өндірісті бақылау- Механикалық қызмет жұмыстарының барысын бақылау;- Техникалық қызмет көрсету (ТҚК) және ағымдағы жөндеу (АЖ) бойынша деректерді жинақтау;- Бұрғылау жабдығы мен қосалқы бөлшектерді өндіру жоспарларының орындалуын бақылау;- Жабдықтың, электр жабдығының, компрессорлық қондырғылардың, автокөлік пен арнайы техниканың бар болуы мен қозғалысын есепке алу;- Бұрғылау және компрессорлық жабдықты жөндеу сапасын бақылау.4. Өндірістік жұмыстарды үйлестіру- Бұрғылау құралын дайындау жоспарларын қажеттілікке қарай түзету;- ЖАЖ жоспарлары мен кестелерінің орындалуы бойынша есептер дайындау.5. Тиімділік- Компрессорлар мен жабдықтың жарамдылығына мониторинг жүргізу.

Білім:

Жоғары немесе арнаулы орта білімТехникалық (автомобиль шаруашылығы, бұрғылау жабдықтары мен машиналары)

Дағдылар:

1) деректерді талдамалық өңдеу;2) коммуникациялық дағдылар;3) жобаларды және есептілікті басқару;4) техникалық ойлау, талдамалық қабілеттер.

Қосымша:

1) бұрғылау жұмыстарын жүргізу технологиясын;2) қолданылатын бұрғылау жабдығын және оны техникалық пайдалану қағидаларын;3) өндірістік жоспарлау және жедел басқару мәселелері бойынша кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін нормативтік, әдістемелік және өзге де құжаттарды;4) бұрғылау және қосалқы жабдықты жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі нормативтік, әдістемелік және өзге де материалдарды;5) жабдыққа ТҚК және АЖ жүргізу кезінде тауарлық-материалдық құндылықтар (ТМҚ) шығысының есептік-негізделген нормативтерін.БІЛІМҚалаулы- тәуекел-менеджмент саласындағы білім;- сапа және экология саласындағы саясатты, ИМЖ ішкі нормативтік құжаттарын білу;- қарым-қатынас мәдениеті мен қызметтік әдепті білу.

Білетін тілдер:

қазақ және орыс тілдерін білу