Тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, 1-санатты Түркісіб станциясы.«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – Магистральді желінің Жамбыл бөлімшесі.

от 216 575
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
88

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Хабарлама 09 арқылы сұрыптау парағын түзетеді; - Дауыстық хабарландыру құрылғысы арқылы вагон жылдамдығын реттеушілерге (5-санат, әрі қарай – РСДВ) құрамды ыдырату жоспарын, отцептер санын және сұрыптау паркі жолындағы вагондар санын көрсете отырып хабарлайды. Берілген ақпараттың дұрыс қабылданғанын РСДВ-дің «Түсіндік, жазып алдық» деп растауы арқылы тексереді;
- Ыдырату процесінде станциялық технологиялық орталық операторы (әрі қарай – СТЦ операторы) поез құрастырушы мен РСДВ-ге отцептің жүру бағытын, отцептегі вагондар санын, сондай-ақ отцептегі вагондардың түрі мен ерекшеліктерін (әйнек, ашық борты, сырғымалы жүк т.б.) хабарлап отыруы тиіс;
- Әр 3 сағат сайын дауыстық хабарландыру құрылғысы арқылы жолдарда жұмыс істейтіндерге және шалада жүрген азаматтарға арналған техникалық қауіпсіздік ережелерінің мәтіндерін хабарлайды;
- Станция сұрыптауын басқару автоматтандырылған жүйесінен (әрі қарай – АСУСТ) алынатын жинақтаушы тізім бойынша сұрыптау паркі жолдарының жағдайын, жүк пойыздарын құрау жоспарына сәйкес құралатын құрамдардың салмақ пен ұзындық нормаларының сақталуын бақылайды және ақпаратты тау дежурлысына хабарлайды;
- Жинақтаушы тізіммен бірге берілетін қорғау схемасының бұзылуы туралы анықтаманы оны жою мақсатында тау дежурлысына тапсырады; - Жеке электронды есептеуіш машинадағы (әрі қарай – ЖЕЕМ) жабдықтардың толықтығы мен жұмысының үзілуі жөніндегі журналды жүреді. ЖЕЕМ жабдықтары істен шыққан жағдайда ақау туралы бірден АСУСТ механигіне хабарлайды, жүйе жұмысы 10–15 минут ішінде қалпына келмесе, сұрыптау паркі жолдарындағы вагондарды жинақтауды қолмен жүргізуге көшеді;
- Маневрлік диспетчер мен тау дежурлысының нұсқауы бойынша жүкті төгіп жатқан немесе жинақтауға арналған вагондарды сұрыптау паркі жолдарында құрамға қосу жоспарына сәйкес орындайды;
- Хабарлама 48 арқылы сұрыптау паркіндегі вагондарды орнынан қозғалтады; -
Бөлмедегі ЖЕЕМ мен оған арналған жабдықтарды, қажетті заттар мен құрал-жабдықтардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді; - ДУ-31 формасындағы вагондардың бөлінген тұрақталу уақытын есепке алу кітапшасын жүреді;
- Жүктің ұрлануы туралы ақпарат алған кезде, теміржол көлігі объектілері мен материалдық құндылықтарды хабарлау схемасына сәйкес, телефон байланысы арқылы бірден станция басшылығын және тиісті қызметкерлерін хабардар етеді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы: Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;
Жұмыс өтілі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Ұқсас вакансиялар

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» - «Жамбыл» ЖШС Шу локомотив пайдалану депосының Шу стансасының локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехының ауысым шебері
ТЧЭ-30 Шуское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
02.10.2026 |  170
Жалақы көрсетілмеген
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының Жамбыл магистральдық желісі бөлімшесінің Түлкібас жол дистанциясының № 3 өндірістік учаскесінің жол учаскесінің бастығы
Тюлькубасская дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
02.10.2026 |  206
503 670 - 526 150
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Сары-Шаған сигнал беру және байланыс дистанциясы СОБ дистанциясы бастығының орынбасары
Сары-Шаганская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
02.10.2026 |  1868
552 225 - 600 780