Поезд құрастырушы, 2-санаттағы Аса станциясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жамбыл магистральдіқ желі бөлімшесі филиалы

от 249 274
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
108

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Маневрлік құрамдағы вагондардың дұрыс байланысқанын тексереді. Адамдармен, өлшемнен асатын және қауіпті жүктермен жүретін вагондармен маневрлік жұмыстарды ерекше абайлап орындайды. Станциялық және қосалқы жолдарда автоматты тежегіш қосылған және тексерілген жағдайда, маневрлік жұмыстарды бір адаммен, жол қозғалысының және жеке қауіпсіздіктің толық қамтамасыз етілуімен орындайды. Орталықтанбаған рельс ауысына жақындағанда маневрлік құрамды тоқтатады, рельс ауысын қажетті жағдайға орнатады, штырлы құлпымен (ілмелі құлыппен) бекітеді. Остияқтың рамалық рельске тығыз тиюін және бекітуші закладканың мықты жабылуын тексереді. Осыдан кейін локомотив машинистіне алға жылжу туралы сигнал береді. Штыр немесе закладка болмаған жағдайда вагондарды жөнелту және қабылдау жүргізілмейді. Қосалқы жолдан, остияғы қажетті бағытқа қаратылған (сброс) жолдан шыққанда, поезд құрастырушы рельс ауысынан өткеннен кейін міндетті түрде тоқтап, остияқты қажетті жағдайға орнатып, содан кейін ДСП-ға, ДСПЦ-ге есеп береді. Станциялық және қосалқы жолдарда маневрлік жұмыстар орындалғанда тежегіш башмақтарын орнату және алу жұмыстарын жүргізіп, содан кейін өз міндеттік шеңбері бойынша ДСП-ға, ДСПЦ-ге есеп береді. Маневрлік локомотив машинистімен, ЭЦ-4 санатының операторымен және ДСП-мен радиобайланыстың дұрыс жұмыс істеуін тексереді. Станцияның ТРА-да көрсетілгендей радиобайланыстың тұрақсыз жұмыс істеу жағдайында, алдын ала машинистті хабардар етіп, байланысты қол сигналдары мен дыбыстық сигналдар арқылы жүргізеді. Маневрлік жұмыстарды және подвижной құрамды бекіту кезінде радиостанция бойынша келісу ережесін қатаң сақтауға міндетті.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта білім және бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
Жұмыс өтілі: поезд құрастырушының көмекшісі немесе вагон жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім

Ұқсас вакансиялар

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» - «Жамбыл» ЖШС Шу локомотив пайдалану депосының Шу стансасының локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехының ауысым шебері
ТЧЭ-30 Шуское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
02.10.2026 |  170
Жалақы көрсетілмеген
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының Жамбыл магистральдық желісі бөлімшесінің Түлкібас жол дистанциясының № 3 өндірістік учаскесінің жол учаскесінің бастығы
Тюлькубасская дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
02.10.2026 |  206
503 670 - 526 150
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Сары-Шаған сигнал беру және байланыс дистанциясы СОБ дистанциясы бастығының орынбасары
Сары-Шаганская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Жамбыл облысы
02.10.2026 |  1868
552 225 - 600 780