электромеханик

от 195 905
Атырауская дистанция электроснабжения
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдарды жарамды күйде ұстау, Қорғаныс құралдарын, монтаждау құрылғылары мен аспаптарды жарамды күйде ұстау.Бекітілген учаскедегі негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету. Бекітілген учаскедегі объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Бекітілген тізбеге сәйкес жедел-техникалық құжаттаманы жүргізу.Айлық және жылдық техникалық есептерді жасау, электр қондырғылары мен желілердің техникалық паспорттары мен сызбаларын жасау және салыстырып тексеру. Жүктемелердің жыл сайынғы кестелерін жасау. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қозғалыс кестесінің орындалуын қамтамасыз ету.Өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге оқиға орнында дереу алғашқы медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда оларды жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізу шараларын қабылдау және болған жағдай туралы дистанция басшысына баяндау. Дистанция басшысы болмаған жағдайда, бұл ақпарат оған ауысымдық диспетчер арқылы жеткізіледі. ИСМ-нің жұмыс істеуін және нәтижелілігін тұрақты түрде жетілдіруді қамтамасыз ету, ИСМ талаптарын орындау. Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және басқару жұмыстарын жүзеге асыру. Теміржол көлігі объектілерінен жүктер мен материалдық құндылықтардың ұрлану жағдайлары туралы өзінің тікелей басшысына және станция бойынша кезекшіге дереу хабарлау.Электр энергиясын үнемдеу жөніндегі іс-шараларға қатысу.Ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық қосалқы электр станцияларында оларды кернеуден толық ажырата отырып жұмыстарды орындау, электр желілерінде жедел ауыстырып-қосуды жүзеге асыру, трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды және олардың жетектерін конструктивтік элементтерін бөлшектемей тексеру және ревизиялау. Электр жабдықтарын жөндеу, тексеру және техникалық қызмет көрсету, электр аспаптарын бөлшектеу, жинау, реттеу және қызмет көрсету жұмыстарын орындау.Жұмыс орнын дұрыс қоршауды қамтамасыз ету.Бригада мүшелерінің қажетті жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету.Өзі және басқа электромонтерлер тарапынан қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау қағидалары мен жұмыс жүргізу технологиясының сақталуын қамтамасыз ету. Автоматты блоктау және бойлық электрмен жабдықтау желілерін тексеру мақсатында аралау және көлікпен тексеру жұмыстарын жүргізу. Персоналды белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз етуді бақылау. Қорғаныс құралдарының, аспаптар мен монтаждау құрылғыларының бар-жоғын және жай-күйін, өртке қарсы құралдардың жай-күйін бақылау, оларды уақтылы толықтыруды, сынауды және жөндеуді қамтамасыз ету.Электр энергиясын өткізу мен есепке алуды ұйымдастыру. Өзінің құрылымдық бөлімшелерінде бензин, дизель отыны және дизель майын жұмсаудың жоспарлы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету. Ай сайын электр энергиясын тұтынуға жоспарланған айлық көлем бойынша талдау жүргізу.Анықталған ақауларды тіркейді және оларды жоюды ұйымдастырады; электр беру желілеріндегі (ЛЭП), трансформаторлық қосалқы станциялардағы (ТП, КТП) ақаулардың алдын алу және «тар орындарды» жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Транзит бойынша абоненттерді ажырату және қосу туралы актілерді, сондай-ақ баланстық тиесілілікті ажырату актілерін жасайды.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж