**Аға маман (AI)**
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- құрылымдық бөлімшелердің жасанды интеллект технологияларын және автоматтандыруды қолдану қажеттіліктерін жинайды және талдайды;
- ЖИ-ді қолданудың әлеуетті нұсқаларын анықтайды және жүйелейді, оларды басымдыққа қою бойынша ұсыныстар қалыптастырады;
- күтілетін әсерді, тәуекелдерді, деректерге қойылатын талаптарды, ресурстар мен интеграцияларды алдын ала бағалауды жүргізеді;
- ЖИ бастамалары портфелі мен ЖИ шешімдерін енгізу жоспарлары бойынша ұсыныстар қалыптастырады.
- бизнес-процестердің иелерімен және мүдделі бөлімшелермен бірлесіп ЖИ шешімдеріне функционалдық және техникалық талаптарды қалыптастырады;
- технологиялық тәсілдер мен ЖИ-платформаларды таңдау бойынша ұсынымдарды дайындайды және ұсынады
- пилоттық жобаларды ұйымдастырады және пилоттаудың нәтижелерін дайындауды қамтамасыз етеді;
- берілген өкілеттіктер шегінде рұқсат етілген корпоративтік ЖИ құралдарын баптайды және сүйемелдейді;
- ЖИ шешімдерін әзірлеу, интеграциялау және енгізу кезінде ішкі қатысушылар мен жеткізушілердің өзара іс-қимылын үйлестіреді;
- енгізілген шешімдердің сапасын, тұрақтылығы мен тиімділігін мониторинг жасайды, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды;
- ЖИ қолдану бастамаларының, шешімдерінің, ескертулерінің, шектеулерінің және нәтижелерінің тізілімін жүргізеді.
- ЖИ шешімдері пайдаланатын деректердің құрамы, сапасы, қолжетімділігі және қорғалуына қойылатын талаптарды қалыптастырады және құжаттайды;
- жеке деректермен, құпия және коммерциялық тұрғыдан сезімтал ақпаратпен жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
- ЖИ қолдануға байланысты тәуекелдерді (дәлдік, сенімділік, түсіндірілгіштік және ЖИ-дің ықтимал дұрыс емес нәтижелері) бағалауды жүргізеді және оларды төмендету бойынша ұсыныстар дайындайды;
- құжаттарды дайындау және шешім қабылдау кезінде ЖИ нәтижелерін қызметкердің оларды пайдаланар алдында тексеру рәсімдерінің болуын қамтамасыз етеді;
- ақпараттық қауіпсіздік, құқықтық талаптар және ішкі бақылау мәселелері бойынша жауапты бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.
- ЖИ қолдануға арналған ішкі әдістемелік материалдар жобаларын, нұсқаулықтарды, ұсынымдарды және шаблондарды әзірлейді;
- рұқсат етілген ЖИ құралдарын қауіпсіз және тиімді пайдалану мәселелері бойынша қызметкерлерге кеңес береді;
- ақпараттық және оқыту іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, пайдаланушылардан кері байланыс жинайды;
- ЖИ саласындағы қолданылатын тәжірибелер мен технологиялық үрдістерді зерттейді, аналитикалық шолулар мен ұсыныстар дайындайды.
- ЖИ-мен байланысты тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу жоспарына ұсыныстар қалыптастырады;
- сатып алулар жүргізу үшін құзырет шегінде техникалық спецификациялар және өзге де материалдарды дайындайды;
- ықтимал жеткізушілердің ұсыныстарына техникалық бағалау жүргізеді және құзырет шегінде қорытындылар дайындайды;
- шарттардың орындалуын көлемі, мерзімдері, сапасы және нәтижелерді қабылдау бөлігінде сүйемелдейді.
Талаптар:
- Білім беру бейіні бойынша немесе ақпараттық технологиялар, деректерді талдау, бизнес-процестерді автоматтандыру немесе цифрлық жобаларды іске асыру саласында кемінде 2 (екі) жыл.
- Қазақ тілі – орташа деңгей;
- Ағылшын тілі – «Intermediate» деңгейі.
- Жасанды интеллекттің, машиналық оқытудың, генеративті жасанды интеллекттің және табиғи тілді өңдеудің жұмыс істеу қағидаттарын білу;
- ЖИ шешімдерінің өмірлік циклі туралы білім: қажеттілікті анықтау, талаптарды қалыптастыру, деректерді дайындау және тексеру, тестілеу, енгізу, мониторинг және жетілдіру;
- Бизнес-процестерді талдау және сипаттау дағдылары, автоматтандыруға арналған міндеттерді анықтау және ЖИ қолданудың орындылығын бағалау;
- Функционалдық және техникалық талаптарды, техникалық спецификацияларды, есептерді, презентацияларды, нұсқаулықтарды және әдістемелік материалдарды дайындау дағдылары;
- ЖИ шешімдерін тестілеу, нәтижелер сапасын тексеру, шектеулерді анықтау және ескертулерді құжаттау дағдылары;
Шарттары:
- Астана 5/2
- Әлеуметтік пакет
Қажетті қабілеттер
- Работа с искуственным интеллектом
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар
«KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» филиалының Өндіріс басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінің инженері
"KAP Logistics" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
07.10.2026 | 579
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының өндірістік-техникалық секторының (Алматы) бас маманы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
09.10.2026 | 512
от 279 188
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының Тараз ӨР өңірлік тексерушілер аппаратының салалар бойынша қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі тексерушісі
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Жамбыл облысы
09.10.2026 | 321
от 430 270