«QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалының Экономика және тариф құру бөлімінің маманы

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
177

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

МІНДЕТТЕР:
Филиалдың бюджетін (бизнес-жоспарын) қалыптастыру үшін бастапқы деректерді дайындау, оған қажетті есептеулер мен растайтын құжаттарды, сондай-ақ бюджетті түзетуге арналған есептеулер мен растайтын құжаттарды дайындау.

  1. Тауарлық газды тұтынушыларға өткізу және тасымалдау бағаларын қалыптастыру үшін ақпараттарды жинау және талдау, сондай-ақ баға жобаларын әзірлеуге қатысу.

  2. Жоғары тұрған ұйым және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі белгілеген нысандар бойынша бюджеттің, тарифтік сметаның орындалуы туралы есептілікті жасауға қатысу.

  3. Атырау өндірістік филиалының (АтӨФ) перспективалық бизнес-жоспарын әзірлеу, бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштерін ӨЭжТ бөлімінің бастығымен (өткізу көлемі, жалпы кіріс, жалпы шығыс, пайдалану шығындары, таза пайда) келісу.

  4. Тауарлық газды өткізу және тасымалдау көлемдері бойынша есептілікті және статистика органы белгілеген нысандар бойынша міндетті статистикалық есептілікті жасау және уақтылы ұсыну.

  5. Басшылық тиісті шешім қабылдаған жағдайда және қаражаттың жұмсалу негізділігі ескеріліп, бизнес-жоспарға, газды тасымалдау және өткізу бойынша қолданыстағы тарифтік сметаға түзетулер енгізу.

  6. «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ белгілеген нысандар бойынша бизнес-жоспардың орындалуы туралы есептілікті жасау және уақтылы ұсыну.

  7. АтӨФ-ның қаржылық-экономикалық қызметінің нәтижелеріне талдау жүргізу, сұратылған өзге де ақпараттарды дайындау, бюджетті түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  8. ӨЭжТ бөліміндегі құжат айналымын жүргізу процесіне қатысу.

  9. АтӨФ-ның құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін құжаттарды жинау және жүйелеу.
    10. АтӨФ-ның құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін құжаттарды жинау және жүйелеу.

    Талаптар:

    • Жоғары экономикалық білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;

    • Ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білу;

    • Офистік бағдарламалар пакетін, «1С Бухгалтерия» бағдарламалық қамтамасыз етуін және коммуникация мен байланыс құралдарының өзге де заманауи техникалық құралдарын пайдалана және қолдана білу.

    Шарттар: