Пайдалану сенімділігі және техникалық қызмет көрсету саласындағы деректерді басқару жөніндегі жетекші маман

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
558

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • каталог объектілерінің техникалық түрлері, атрибуттары және профильдері үшін ұсынымдар/стратегиялар әзірлейді, объектілер классификациясын ISO 14224 стандартына сәйкес келтіру арқылы техникалық қызмет көрсету стратегияларын іске асыру және сенімділікті талдау үшін жіктеуді сәйкестендіреді;
  • барлық активтер үшін бірыңғай, унификацияланған құрылымды енгізу арқылы функционалдық учаскелер иерархиясын стандарттайды;
  • бар техникалық қызмет көрсету жоспарларын оңтайландырады, қайталанатын немесе ескірген тапсырыс-нарядтарды жояды;
  • объектілерді пайдалану топтарынан, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінен келіп түсетін ақпарат негізінде КСУТО жүйесіндегі техникалық қызмет көрсетуге арналған жұмыс жоспарлау модулінің деректерін және мазмұнын өзектендіреді әрі оңтайландырады;
  • КСУТО-да активтер мен техникалық қызмет көрсету бойынша деректерді жүргізеді және жетілдіреді;
  • деректерді басқару стандарттарын және онымен байланысты құжаттаманы енгізеді;
  • SAP S/4HANA бағдарламасын енгізуге қолдау көрсетеді (деректерді тазалау, көшіру, валидациялау);
  • бизнес-процестермен және салалық стандарттармен сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, S/4HANA деректерін әзірлеуге үлес қосады;
  • деректер модельдерін және жүйелік архитектураны талдайды және жетілдіреді;
  • КСУТО мазмұнының сапасын қамтамасыз ету және деректерге өзгерістер енгізу сұрауларын уақытылы орындау үшін негізгі тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізудің орындалуын айқындайды және бақылауды жүзеге асырады (Z6 процесс);
  • техникалық қызмет көрсету тобы мен басқа да топтарда техникалық қызмет көрсету жұмыстарын басқару процестерін оңтайландыру үшін зерттелуі қажет аспектілерді айқындайды;
  • бизнес-жоспарға сәйкес, жоспарлы-алдын ала жөндеу және техникалық қызмет көрсету бөліміңіздің кезек күттірмейтін міндеттеріне сәйкес материалдар/ВМ бойынша кез келген іс-шараларды жүргізуге қолдау көрсетеді.

Талаптар:

  • ақпараттық технологиялар / деректерді басқару процесін бағдарламалау саласындағы білім;
  • мұнай-газ саласында тиісті бағыт бойынша халықаралық деңгейде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • техникалық қызмет көрсету бөлімшелеріне SAP-ты компьютерлендірілген техникалық қызмет көрсету басқару құралы ретінде пайдалануға қолдау көрсету тәжірибесі;
  • Primavera-ның SAP-пен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету тәжірибесі артықшылық болып табылады;
  • КСУТО пайдаланушыларына қолдау көрсетуге бағытталған тәсіл.
  • КСУТО шеңберінде техникалық қызмет көрсету бағдарламаларын қолдану және жүйелердің тұтастығын қамтамасыз ету бойынша расталған білім мен тәжірибе;
  • техникалық және іскерлік ақпарат алмасу дағдыларының жоғары деңгейі;
  • мұнай-газ немесе өңдеу өнеркәсібі салаларындағы техникалық қызмет көрсету процестерін түсіну;
  • қарым-қатынас дағдыларының жоғары деңгейі, мүдделі тараптарды басқару дағдылары және көшбасшылық қасиеттер.

Шарттар:

  • Атырау
  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)