А. Жақұтов атындағы ЖЭО-2 қондырғыларын баптау және қоршаған ортаны қорғау цехы бастығының орынбасары
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
ЖҚНиПД жұмыстарын баптауға, жабдықты сынақтан өткізуге, сондай-ақ жабдықтың жұмысын талдауға арналған пайдалану өлшемдерін жүргізуге қатысты орындалу мерзімдерін, көлемін және сапасын бақылайды және жабдықтың пайдалану сипаттамаларын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлейді;
Станцияның су-химиялық режимін бақылау үшін нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістік суларға талдауларды саны, көлемі және сапасы бойынша орындауды қамтамасыз етеді;
ЖЭО-2 бойынша экологиялық заңнаманың сақталуын және табиғатты қорғау қызметі бойынша есептіліктің қалыптастырылуын бақылайды;
Сыртқы ұйымдар жүргізетін жабдықтағы сынақтарға, іске қосу-баптау және ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысады;Жабдықтың жұмысындағы авариялар мен істен шығулардың себептерін тергеуге қатысады;
Өткізілген аудиттердің қорытындылары бойынша түзетуші іс-шаралардың орындалуын бақылайды және СБиОТ-қа ай сайын есеп ұсынады.
Талаптар:
Жоғары техникалық білім және энергетика саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе энергетика саласындағы орта техникалық білім және энергетика саласында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі.
Шарттар:
дс-жм08.00-17.00
жеткізу
тамақтану
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)