Денсаулық сақтау, өндірістік гигиена және қауіпсіздік жөніндегі маманы
«GPC Investment» ЖШС Мақат к.Құрметті ізденуші!
Бос орынға жауап бермес бұрын Сізден конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің дұрыстығына ізденуші жауапты болады. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, "GPC Investment" ЖШС рекрутер ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз. Білу маңызды! «GPC Investment» ЖШС қызметкерлерді бос лауазымдарға жалдаудың/ауыстырудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер қандай да бір іріктеу кезеңдерінде Сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жалдауға/аударуға көмектесу ұсынылса - бұл алаяқтық!
Сіздерді сақ болуға, алаяқтық схемаларға қатыспауға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністеріне жәрдемдеспеуге шақырамыз. Кез келген осындай жағдайлар туралы" жедел желіге " дереу хабарлауды сұраймыз: mail@sk-hotline.kz. 8(800)080-47-47 және WhatsApp 8-771-191-88-16, 8(775)503-85-20. Немесе электрондық поштаға: compliance@gpci.kz, info@gpci.kz
Міндеттері:
- Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту, зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру.
- Медициналық тексерулердің, міндетті медициналық қарап-тексерулердің және диспансерлік бақылаудың уақтылы өтуін ұйымдастыру және бақылау.
- Қызметкерлердің сырқаттанушылығына ай сайын мониторинг жүргізу және талдау жасау, еңбекке жарамсыздық себептерін анықтау және профилактикалық шараларды дайындау.
- Медициналық қызметтердің сапасын және медициналық пункттердің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау, медициналық персоналдың, дәріхана қобдишаларының, жинақтамалардың, байланыс құралдарының және медициналық эвакуация алгоритмдерінің дайындығын қамтамасыз ету.
- Асханаларда, вахталық қалашықтарда, медициналық пункттерде, санитарлық-тұрмыстық және өзге де объектілерде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына және Компанияның ішкі талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс санитарлық-гигиеналық тексерулер жүргізу.
- Асханаларда үй-жайлар мен жабдықтардың санитарлық жағдайын, персоналдың санитарлық режимді сақтауын, медициналық рұқсаттардың болуын, азық-түлік өнімін сақтау, дайындау, тасымалдау және өткізу шарттарын, температуралық бақылауды және белгіленген құжаттаманы жүргізуді бақылау.
- Вахталық қалашықтарда қызметкерлердің тұру жағдайларын, сумен жабдықтау және ішу режимін, желдетуді, микроклиматты, жинауды, санитарлық тораптардың жай-күйін, төсек-орын мен жинау мүлкін сақтауды, киім мен аяқ киімді кептіруді, қалдықтарды шығаруды, сондай-ақ дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді бақылау.
- Тексерулердің нәтижелерін ресімдеу, ұсынымдар мен ескертулер беру, анықталған санитарлық-гигиеналық сәйкессіздіктерді жоюды және түзету іс-шараларының белгіленген мерзімде жабылуын бақылау. Қызметкерлердің өмірі немесе денсаулығына тікелей қауіп анықталған жағдайда, өз өкілеттігі шегінде объектіні пайдалануды шектеуді немесе жұмыстарды тоқтатуды бастамалау. (дәл осы тармақтың соңындағы «в пределах полномочий» бөлігіне қатысты күмән бар)
Талаптар:
- Жоғары медициналық білім.
- Денсаулық сақтау, гигиена және санитария саласындағы мамандық бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5-7 жыл.
- Денсаулық сақтау жүйесінде және/немесе өндірістік объектілерде жұмыс тәжірибесі; мердігер медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі.
-
- Санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және бақылау.
- Қызметкерлердің сырқаттанушылық көрсеткіштерін талдау, диспансерлік бақылау және міндетті медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру.
- Жоғары қауіпті жұмыстарға тартылған қызметкерлердің ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландыруларын бақылау.
- Өндірістік объектілерде дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді бақылау.
- Асханаларда (азық-түлік блогтарында), вахталық қалашықтарда және медициналық пункттерде санитарлық-гигиеналық жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізудің практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптары туралы заңнамасына және ішкі талаптарға сәйкестігін бағалау. («внутренним требованиям» аудармасында «ішкі талаптарға» дұрыс па деген күмән бар)
- Компания: тексерулер нәтижелерін ресімдеу және анықталған сәйкессіздіктерді жоюды бақылау.
- Медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер көрсететін ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау.
- Жоспарларды, есептілікті, бюджеттік өтінімдерді және емдеу-сауықтыру іс-шараларын дайындау.
- Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы.
- Еңбек заңнамасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу.
- Өндірістік гигиена, санитария және қызметкерлердің медициналық қамтамасыз етілуі саласындағы нормативтік талаптар.
- Компанияның ішкі құжаттары, стандарттары және рәсімдері (лауазымдық құзырет шегінде).
- ISO 45001 ішкі аудитор сертификаты және/немесе кіріктірілген менеджмент жүйелері.
- Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік гигиена, алғашқы көмек көрсету және кәсіби тәуекелдерді басқару бойынша оқыту.
Халықаралық стандарттарды білу:
- Кіріктірілген менеджмент жүйесінің негіздері және қолданылатын талаптар: ISO 9001, ISO 14001, ISO 22000, ISO 45001 және ISO 50001, HACCP.
- Денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік гигиена саласындағы тәуекелдерді басқару қағидаттары.
Шарттары:
- Атырау қ. жұмыс
- жұмыс кестесі 5/2
Ұқсас вакансиялар