«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС экономика департаментінің жоспарлау, талдау және экономикалық қызметті дамыту жөніндегі бас менеджері (17 грейд)

от 652 848
«ҚТЖ – ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
85

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметіне ай сайын, тоқсан сайын, жылдық факторлық талдау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
  • бекітуге шығара отырып, шығыстар мен кірістер баптарының түрлері бойынша бекітілген шығындар элементтері шегінде Серіктестік бюджетін түзетуді ұйымдастырады және бақылайды;
  • серіктестік шығыстарының бюджеті мәселелері бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • серіктестіктің шығыстарының бюджетін қалыптастыру тәртібін регламенттейтін серіктестіктің жергілікті актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан серіктестіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және жауапты тұлғаларымен;
  • шаруашылық қызметті жүргізу үшін меншікті қаражаттың жеткіліктілігін талдауды жүзеге асыру және қажетті сыртқы қаржыландыру көлемін айқындау үшін серіктестіктің операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметі бойынша жоспарлы төлемдердің орындалуын мониторингілеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
  • серіктестіктің сатып алу жоспарын, ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын қалыптастыруға және түзетуге өтінімдерді бақылайды және келіседі;
  • қызметтің қаржылық түйінді көрсеткіштерінің есебін жүргізеді: серіктестіктің даму жоспарлары мен бюджетін әзірлеу, келісу, бекіту және орындау мониторингі, түзету қағидаларына сәйкес орта мерзімді перспективада серіктестіктің қызметін басқару және бағалау үшін алдағы 5 жылға арналған қызметтің қаржылық түйінді көрсеткіштерінің есебін (EBITDA, ROACE, таза пайда/залал) жүзеге асырады;
  • жоспарлау, интеграцияланған менеджмент жүйесінің құжаттамасы саласында жұмыс жүргізеді (ISO 9001, ISO 14001,ISO 45001, ISO 50001).

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: экономика; Қаржы; Есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша: кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жылжымалы құрам және механикаландыру департаментінің механикаландыру жөніндегі менеджері (15 грейд)
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
08.10.2026 |  37
от 482 846
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының микропроцессорлық және автоматтандырылған жүйелерін енгізу және сүйемелдеу бөлімі бастығының орынбасары
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
07.10.2026 |  163
от 543 964
ВЧД-8 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалының Астана пайдалану вагон депосының қозғалыс қауіпсіздігі (вагон шаруашылығы бойынша) бойынша ревизоры
ВЧД-8 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
07.10.2026 |  230
461 409 - 477 594