Экологиялық зерттеулер және мониторинг зертханасының инженері
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Атмосфералық ауа мен радиациялық фонды өлшеулер жүргізу.
- Топырақ пен судан сынамалар алу, сынамаларды зертханалық сынақтарға дайындау.
- Сынақтардың ішкі сапа бақылауына және зертханалар арасындағы салыстыруларға қатысу.
- Өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету.
- Жұмыс журналдарын жүргізу және сынақ хаттамаларын ресімдеу.
- Есептер мен техникалық материалдарды дайындау, бекітілген жоспарларға сәйкес жұмыстарды орындау.
- Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.
- Зертхана қызметі шеңберінде басшының тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- Сәйкес бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
- Бейінді мамандықтар: экология, қолданбалы экология, химия және биология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, мұнай мен газдың химиялық технологиясы.
- Қазақ тілін білу.
- ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарын білу.
- Мұнай-газ саласындағы ҚР заңнамасын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды білу.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін білу.
- MS Office бағдарламаларын сенімді меңгеру (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, Project).
- Жауапкершілік, уақыттылық, коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу.
- Ғылыми-техникалық дағдылар және зертханалық жабдықпен жұмыс істеу дағдылары қажет.
Шарттар:
- Жұмыс кестесі: 5/2.
- Жұмыс орны: Атырау қ.
- Кәсіби оқытуға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға мүмкіндік.
- Заманауи өлшеу құралдарымен және сынақ жабдықтарымен жұмыс.
Ұқсас вакансиялар
Бас инженер-эколог
ЖШС «KMG PetroChem» | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
09.10.2026 | 121
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы-«Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» Жаңа - Есіл жол дистанциясының №4 өндірістік учаскесінің инженері (технологы)
Жана-Есильская дистанция пути (ПЧ-14) | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақмола облысы
06.10.2026 | 124
380 355 - 397 439