Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қадағалау жөніндегі инженер

Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС Степногор қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
191

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • орындаушылық құжаттаманың бар-жоғын және оны дұрыс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;
  • ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне күнделікті бақылауды жүзеге асыру;
  • дірілге ұшырайтын құрылыс конструкцияларын қарау;
  • ғимараттар мен құрылыстарды тоқсан сайын қарау;
  • ағымдағы және күрделі жөндеулерге арналған титулдық тізімге енгізу үшін жыл сайын орындалатын жұмыстар көлемін дайындау;
  • авариялар мен табиғи апаттардан кейін кезектен тыс тексерулерді мерзімді түрде жүзеге асыру;
  • ғимараттар мен құрылыстарды тиісті күйде ұстау үшін қажетті жұмыстар көлемдеріне ақаулық ведомостарын (дефект ведомостарын) жасау;
  • жөндеу жұмыстарын өндіру сапасын және жұмыстар көлемдері мен өндіріс кестелерінің орындалуын бақылау;
  • жаңадан пайдалануға енгізілген және жөндеуден өткен ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
  • ғимараттар мен құрылыстардағы авариялардың себептерін тергеу жөніндегі комиссияларға қатысу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
  • ғимараттар мен құрылыстарды техникалық пайдалану тәртібінің бұзушылықтары туралы нұсқамалар беру;
  • еңбек қауіпсіздігі техникасы ережелерінің, өндірістік санитарияның, өрт қауіпсіздігі ережелерінің технологиялық персонал тарапынан сақталуын бақылау;
  • жоспарлау (инженер-экологпен бірге): қалдықтардың түзілу көлемі, қалдықтарды тасымалдауға және кәдеге жаратуға жұмсалатын шығындардың құны, қалдықтарды кәдеге жарату тәртібі мен мерзімдері, қалдықтарды уақытша сақтау орындары, қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызмет көрсетушілермен шарттар жасасу, шарттарда көзделген талаптарға сәйкес қалдықтарды кәдеге жаратуға шығару;
  • жөндеу-құрылыс учаскесінің персоналының қызметін басқаруды жүзеге асыру;
  • жөндеу-құрылыс учаскесінің қызметкерлері арасында өндірістік тапсырмалар мен жекелеген жұмыстарды бөлу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Білім деңгейі: Жоғары білім;
  • Білім бейіні: Құрылыс, техникалық.
  • Кәсіби ортада жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл: Кемінде 6 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман