«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Саяхат» филиалының техникалық саясат бойынша функционалдық бағыты 1-деңгейінің менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Техникалық және инвестициялық саясат, инженерлік-техникалық іс-шаралар, рационализаторлық қызмет, шаруашылықты қысқы және жазғы кезеңдерде жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралар, метрологиялық қамтамасыз ету, отын-энергетикалық ресурстар, металл сынықтарын өткізу, терроризмге қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс, техникалық оқу, негізгі құралдарды, ғимараттарды, автокөлікті күтіп-ұстау, үй-жайлар мен кірме жолдарды жалға алу мәселелері бойынша жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;
- Филиал қызметінде қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттаманы, жобаларды және технологиялық процестерді әзірлеу және өзектендіру;
- жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізе отырып, озық тәжірибені пайдалану арқылы өндірісті техникалық дайындауды ұйымдастыру;
- өндірістің техникалық-экономикалық дамуына байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы қарау және әзірлеу;
- рационализаторлық ұсыныстардың техникалық мүмкіндігі мен экономикалық орындылығы бойынша қарау және қорытынды беру;
- ғимараттарды тіркеуді және қайта тіркеуді қамтамасыз ету, жер учаскелеріне актілерді ресімдеу;
- тозу дәрежесі жоғары негізгі құралдарды қажетті көлемде жаңарту жөніндегі жұмысты жүргізу;
- келесі жылға арналған шығыстар бюджетінің жоспарланған көлемдерінің есептеулерін жасау дұрыстығын тексеру және оларды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен келісу;
- сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жоспарларын, күрделі салымдарды және инвестициялық жобалар бойынша бизнес-жоспарларды келісуді қамтамасыз ету;
- өндірістік қызметті реттейтін шарттардың басқа кәсіпорындармен уақтылы әзірленуін бақылау және оларды келісу, жасалған шарттар бойынша қаражаттың игерілуін тексеру;
- көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер орындаған жұмыстардың актілерін және қаржыландыруға арналған өтінімдерді келісу;
- Филиалдың өңірлік телімдері бойынша жазғы және қысқы тасымалдарға дайындық мәселелері, техникалық ревизиялар және өзге де өндірістік-техникалық мәселелер бойынша шаруашылықты күзгі-көктемгі комиссиялық тексеруге қатысу;
- Техникалық саясат функционалдық бағытының жұмыс жоспарын жасау және бекіту;
- Филиалдың өндірістік кеңестерінің хаттамаларын жүргізу, олардың орындалуын, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның аппараттық және өзге де кеңейтілген отырыстарының, сондай-ақ басқа да жоғары тұрған құрылымдардың қатысы бар хаттамалық тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау;
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның аппараттық және өзге де кеңестеріне, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалдары басшыларының есепті кезеңдегі қызметі бойынша тыңдауларына материалдарды/есептерді уақтылы дайындау және жинақтау;
- уәкілетті органдардың хаттары мен қаулыларының, сондай-ақ Филиалдың ішкі бұйрықтары мен бақылаушы органдардың ұсынуларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, өндірістік мәселелер бойынша Қоғамның өңірлік телімдерімен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүргізу.
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялары; тасымалдарды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану; машина жасау; көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); автоматтандыру және басқару (темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс); электр энергетикасы; логистика; стандарттау, сертификаттау және метрология және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар