Статикалық жабдықтар бойынша жетекші инженер — Сенімділік және механикалық тұтастық секторы
«CASPI BITUM» БК» ЖШС Ақтау қ.Міндеттері:
Тұрақты жабдықтың техникалық жай-күйін талдау бойынша қызметті жүзеге асыру, жабдықтың сенімділігі мен техникалық тұтастығын басқару процестерін сүйемелдеу, инспекциялық бақылауды ұйымдастыру, техникалық диагностикалау, техникалық тәуекелдерді бағалау және ТОО «СП «CASPI BITUM» жабдығының сенімділігін арттыруға бағытталған техникалық ұсынымдарды дайындау.
Білім:
- Мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім:
- мұнай-газ ісі;
- мұнай-газ саласының машиналары мен жабдықтары;
- механика;
- химиялық технология;
- металлургия;
- материалтану;
- жабдықты техникалық пайдалану;
- инженерия және инженерлік іс.
Жұмыс тәжірибесі:
- жалпы жұмыс өтілі: кемінде 5 жыл;
- кәсіби салада: мұнай өңдеу, мұнай-химия немесе мұнай-газ кәсіпорындарының технологиялық жабдығының сенімділігін қамтамасыз ету не пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, диагностика, инспекциялық бақылау саласында кемінде 3 жыл.
Міндеттерді орындау үшін қажетті негізгі білімдер:
1) қирамайтын бақылау әдістері;
2) технологиялық жабдықтың тозу (деградация) механизмдері;
3) мұнай өңдеудегі коррозиялық процестердің негіздері;
4) коррозияны мониторингтеу әдістері;
5) материалтану негіздері;
6) жабдық материалдарын таңдауға қойылатын талаптар;
7) API 571 бойынша зақымдану механизмдері;
8) коррозия жылдамдығын талдау әдістері;
9) жабдықтың қалдық қалыңдығын бағалау әдістері;
10) RBI негіздері;
11) жабдықтың істен шығу себептерін талдау әдістері;
12) коррозиялық мониторингке қойылатын талаптар;
13) жабдықты техникалық диагностикалауға қойылатын талаптар.
14) жабдықтың қалдық ресурсын есептеу негіздері;
15) жабдықтың техникалық жай-күйін талдау негіздері;
16) жабдықтың істен шығуының түпкі себептерін талдау негіздері (RCA, RCFA);
17) RBI тәуекелге бағдарланған инспекциялардың қағидаттары;
Міндеттерді орындау үшін қажетті негізгі дағдылар:
1) жабдықтың техникалық жай-күйін талдау;
2) диагностикалау және қирамайтын бақылау нәтижелерін талдау;
3) техникалық қорытындылар мен ұсынымдарды дайындау;
4) жабдықтың істен шығуын талдау;
5) аналитикалық есептер мен презентациялық материалдарды дайындау;
6) Microsoft Office бағдарламаларымен жұмыс істеу;
7) техникалық талаптар мен техникалық спецификацияларды дайындау дағдылары;
Шарттары:
Ақтау қ., 5 өнеркәсіптік аймақ.
Жұмыс кестесі: 5/2
Қажетті қабілеттер
- - внимательность к деталям, умение работать с большими объемами информации
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар