Экскаватор машинисі

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» магистральдық газ құбырлары басқармасы Бейнеу а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
87

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Қызмет көрсетілетін экскаватордың (экскаватор-тиегіштің) құрылысын және техникалық сипаттамаларын; механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс істеу қағидатын білу.

Ашық тау-кен жұмыстары туралы негізгі мәліметтерді; өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың мақсаты мен жұмыс істеу қағидатын білу.

Көлік құбырларын төсеу жұмыстарын жүргізу тәртібін білу.

Әртүрлі санаттағы топырақты қазу тәсілдерін және забойдың әртүрлі тереңдігінде экскавациялау әдістерін; белгіленген профильдер мен биіктік белгілерін сақтай отырып, топырақты қазу тәртібін білу.

Тез тозатын бөлшектер мен тораптардың түрлерін және оларды ауыстыру тәртібін; ақаулардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдерін білу.

Көліктің барлық түрлеріне жүктерді тиеу және түсіру тәсілдерін; жүктерді көтеру, жылжыту және орналастыру тәртібін білу.

Жол қозғалысы қағидаларын, кәсіпорын аумағында қозғалу тәртібін; қолданылатын жанар-жағармай материалдарының маркаларын білу.

Аккумуляторлық батареялардың құрылысын; қышқылдар мен сілтілерді пайдалану және олармен жұмыс істеу тәртібін білу.

Талаптар:

Жалпы орта білімінің болуы және мамандық бойынша кәсіптік даярлықтан (оқытудан) өтуі.

Мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Өзі жүретін машинаны басқару құқығына арналған тиісті санаттағы тракторшы-машинист куәлігінің болуы.

Доңғалақты экскаваторларды басқару кезінде, сондай-ақ экскаваторды өз жүрісімен тасымалдау және тралға тиеу кезінде Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларын сақтау.

Жер қазу және құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу қағидаларын сақтау.

Магистральдық газ құбырларының, электр беру желілерінің (ЭБЖ) және жерасты коммуникацияларының күзет аймақтарында жұмыстарды жүргізу тәртібін, оның ішінде наряд-рұқсат рәсімдеу талаптарын білу және сақтау.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж