автокөлік қызметінің автокөлік жүргізүшісі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы Орал қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
100

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Жолға шығар алдында және базаға қайтар алдында автомобильді (арнайы техниканы) күнделікті техникалық байқаудан өткізу; бекітілген АТС-ға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жеке қатысу. Жолаушылар мен тасымалданатын жүктерді апатсыз, бірқалыпты және қауіпсіз жүргізуді, олардың өмірінің сақталуын қамтамасыз ету.

        Жұмыс процесінде аспаптардың, датчиктердің көрсеткіштерін және автомобильдің техникалық жай-күйін тұрақты бақылау; ақаулар анықталған кезде - авариялық бұзылулардың алдын алу үшін жұмысты дереу тоқтату және механикті хабардар ету.

Білімі: арнайы орта білім және тиісті санаттағы көлік құралдары жүргізушісінің біліктілігі бойынша кәсіптік оқыту (даярлау/қайта даярлау).

 Тиісті санаттағы көлік құралдарын жүргізу құқығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы жүргізуші куәлігінің болуы (бекітілген автомобильге байланысты: «В», «С», «D», «CE» және т.б.), сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.