"Қазпошта" АҚ филиалы "Жалпы қызмет көрсету орталығы" Корпоративтік оқыту орталығының бас менеджері-бағыт жетекшісі

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
129

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Қызметкерлерді оқыту және дамыту:
    1.1. Кәсіптік оқытуды басқару:
    1) кәсіптік оқыту жоспарларын дайындау;
    2) келесі жылға кәсіптік оқыту қажеттілігін қалыптастыру;
    3) келесі жылға кәсіптік оқыту қажеттілігін валидациялау және шоғырландыру;
    4) оқыту жоспары-кестесін шоғырландыру және кәсіптік оқытуға арналған шығыстар жоспарын қалыптастыру;
    5) кәсіптік оқытуға арналған жоспар-кестені және шығыстар жоспарларын келісу және бекіту;
    6) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;
    7) оқыту жоспары-кестесін және кәсіптік оқытуға арналған шығыстар жоспарын түзету;
    8) кәсіптік оқытуды өткізуге дайындық;
    9) кәсіптік оқудан өту мониторингі;
    10) кәсіптік оқытуға ақы төлеуді ұйымдастыру;
    11) кәсіптік оқытуды өткізуді бағалау;
    12) кәсіптік оқыту нәтижелері бойынша қызметкердің тиімділігін бағалауды ұйымдастыру;
    13) кәсіптік оқытудың тиімділігін бағалау бойынша есепті дайындау;
    14) сыртқы оқыту жоспарларының орындалуы бойынша есептілікті дайындау және жетекшілік ететін басшыға ұсыну.

    2. Дуальды оқытуды ұйымдастыру:
    1) жас мамандарға арналған студенттер мен тағылымдамалар үшін өндірістік / диплом алдындағы практиканы ұйымдастыру;
    2) дуальды оқыту, практикадан, тағылымдамадан өту бойынша оқу орындарымен меморандумдар мен шарттар жасасу;
    3) оқу орындарының студенттерімен практика мен тағылымдамадан өтуге шарттар жасасу;
    4) дуальды оқытуды пайдалана отырып, оқу-әдістемелік материалдарды, білім беру оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге қатысу.
    3. Мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді:
    1) функционалдық бағыттардың жоспарларын ескере отырып, ККО қызметін жылдық, тоқсандық, айлық көкжиектерде жоспарлауды, мониторингті жүзеге асыру;
    2) ККО-ның функционалдық бағыттарының даму Стратегиясын/іс-шаралар жоспарларын орындау бойынша жиынтық есептерді тоқсан сайын негізде дайындауды жүзеге асыру және оларды Басқарманың қарауына/мақұлдауына/бекітуіне/Қоғамның Директорлар кеңесіне дайындайды;
    3) функционалдық бағыт шеңберінде практикалардың HR көрсеткіштерін келісу, тиісті талдау жүргізу үшін деректерді ұсыну;
    4) функционалдық бағыт шеңберінде HR саясатын өзектендіру жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, HR практикаларының тиімділігін арттыру бойынша қосымша ұсыныстарды келісу және әзірлеу;
    5) HR-стратегияға сәйкес бір жылға арналған іс-шаралардың орындалу дәрежесі туралы есепті қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну.

Талаптар:

  • Заңгерлік, әлеуметтік, экономикалық, қаржылық және гуманитарлық бағыттар бойынша жоғары білім.

    HR саласындағы сертификаттың және/немесе «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің / «Samruk Business Academy» ЖМ «HR Академиясы» сертификатының болуы құпталады.
  • HR саласында және/немесе оқыту саласында және/немесе заң саласында және/немесе экономикалық талдау саласында және/немесе психология саласында жалпы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 1 жыл немесе «Қазпошта» АҚ-да төмен тұрған лауазымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы.

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері – сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және тамақ ішу уақыты 13:00-ден 14:00-ге дейін
  • Астана қаласы