2-санатты менеджер Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (Уақытша бос орын)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Астана қ.Талаптар:
Жоғары экономикалық білім.SAP-те жұмыс істеу білімі мен тәжірибесі артықшылық болып табылады
Білімдер:
- Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы;
- СТ РК ISO 9001, СТ РК ISO 14001, СТ РК ISO 45001, ISO/IEC 27001, ISO 50001 стандарттары;
- бюджеттiк жоспарлау саласында Қоғамның қызметін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері және нормативтік-техникалық құжаттары;
- бюджеттік жоспарлау процестері және бизнес-жоспарды қалыптастыру;
- Бизнес-жоспардың орындалуын қалыптастыру, келісу және мониторинг жүргізу тәртібі;
- бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және қарау тәртібі;
- қаржылық және бюджеттік жоспарлаудың, талдау мен бақылаудың негіздері;
- бухгалтерлік есептің негіздері және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС);
- қаржылық және басқарушылық есептілікті қалыптастыру қағидаттары.
Дағдылар:
- стратегиялық ойлау және алдын ала болжай білу, өзгерістерді басқару қабілеті, жігерлілік, бастамашылдық, шешімділік, табандылық;
- кәсіпорынның жалпы қызметін және жекелеген жобалар бойынша экономикалық талдау жүргізу дағдылары;
- менеджмент негіздерін білу және оларды практикада қолдана білу, проблемаларды анықтау және сәйкестендіру, оларды шешу үшін басымдықтарды белгілеу, негізделген шешімдер қабылдау және осы шешімдердің ықтимал салдарын бағалау қабілеті;
- іскерлік қарым-қатынас этикасын меңгеру;
- бюджеттерді, Бизнес-жоспарларды, басқарушылық және қаржылық есептілікті талдау және болжау дағдылары;
- кәсіпорынның жалпы қызметін және жекелеген жобалар бойынша экономикалық талдау жүргізу дағдылары;
- ұйымдастыру техникасының құралдарымен және бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу дағдылары (Microsoft Word, Excel, PowerPoint, «Easy Docs»), оларды пайдалану және қолдану мүмкіндіктерін білу, сондай-ақ өзге де техникалық коммуникация және байланыс құралдары;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман