Ақпараттық технологиялар департаментінің аға маманы (аутстаффинг)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
223

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Электрондық құжат айналымы жүйесін сүйемелдеу.

  • ИСМ, Қызметтік жазбалар, Бұйрықтар/Өкімдер ішкі жүйелеріне, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) функционалына қызмет көрсету, сондай-ақ Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне (БЭҚАЖ) қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.

  • Жекелеген модульдерге, құжаттарға және құжаттардың жекелеген өрістеріне (бөліктеріне) қатысты оқу және/немесе редакциялау арқылы қол жеткізуді шектеу режимін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тетіктерді сүйемелдеу.

  • Ақпараттың резервтік көшірмесін жасауды қамтамасыз ету, жүйедегі ақаулар мен авариялық жағдайлардан кейін дерекқорлардың логикалық тұтастығын сақтай отырып, жүйені қайта іске қосу, жүйенің істен шығуынан немесе басқа да жоспардан тыс тоқтап қалуынан кейін деректерді өңдеу тұтастығын қолдау рәсімдерін жүргізу, кіріс деректерінің логикалық дұрыстығын тексеру.

  • Стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету кешендерін баптау негізінде құрылған өзара әрекеттесетін модульдердің жұмысын мониторингтеу және бақылау.

  • Электрондық құжат айналымы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.

Талаптар:

  • Ақпараттық технологиялар, қолданбалы математика, деректерді талдау, инженерлік ғылымдар немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім.

Маманға қойылатын талаптар:

  • ASP.NET MVC және AngularJS технологияларын пайдалана отырып, веб-қосымшаларды әзірлеу және сүйемелдеу бойынша білімі мен практикалық тәжірибесінің болуы.

  • MS SQL жүйесін сенімді меңгеру, оның ішінде SQL-сұраныстарды әзірлеу және оңтайландыру дағдылары.

  • Microsoft IIS серверін баптау және пайдалану қағидаттарын білу.

  • Клиент-серверлік қосымшалардың архитектурасын түсіну.

  • Бағдарламалық және интеграциялық қателерді талдау және жою, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және пысықтау дағдыларының болуы.

  • Кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

  • Жобаларды басқару саласындағы сертификаттардың (PMP, Agile), жасанды интеллект, кеңейтілген аналитика, Data Science, CDMP (Certified Data Management Professional) немесе деректерді басқару саласындағы осыған ұқсас кәсіби сертификаттардың болуы құпталады.
  • Мұнай-газ немесе энергетика саласында өндірістік тәжірибесінің болуы құпталады.

Шарттар:

  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу.
  • Сынақ мерзімі - 3 ай.
  • Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күнімен — сенбі және жексенбі