Ақбұлақ ЖӨБ, көлік қызметінің механигі

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы Ақбұлақ а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
41

   Конкурс туралы
МІндеттері:
  • Белгіленген регламенттер мен техникалық пайдалану талаптарына сәйкес көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, техникалық қарап-тексеру және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау.
  • Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, жұмыстардың орындалу мерзімдерін, сапасы мен толықтығын бақылау.
  • Диагностикалық жабдықтарды, арнайы құрал-саймандар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып, көлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау, ақаулардың себептерін анықтау және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
  • Көлік құралдарының тозған және ақаулы бөлшектерін, тораптары мен агрегаттарын ауыстыруды қоса алғанда, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау.
  • Автомобильдердің негізгі жүйелері мен механизмдерінің, оның ішінде қозғалтқыштың, трансмиссияның, жүріс бөлігінің, тежеу жүйесінің, рульдік басқару жүйесінің және электр жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау.
  • Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және техникалық қарап-тексеру бойынша құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті есептілікті уақтылы ресімдеу.
  • Қосалқы бөлшектердің, шығыс материалдары мен жинақтаушы бөлшектердің есебін жүргізу және олардың пайдаланылуын бақылау, қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдарға өтінімдер қалыптастыру.
  • Көлік құралдарының техникалық жай-күйі, анықталған ақаулар, орындалған жөндеу жұмыстары және қосалқы бөлшектерге қажеттілік туралы есептерді жасау және ұсыну.
  • Қарамағындағы персоналдың жұмысын ұйымдастыру, өндірістік тапсырмаларды бөлу, олардың орындалуын, белгіленген мерзімдердің сақталуын және орындалған жұмыстардың сапасын бақылау.
  • Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мәселелері бойынша басқа мамандармен және құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
  • Автомобильдердің агрегаттарының, механизмдерінің, жүйелері мен аспаптарының мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидаттарын және пайдалану ерекшеліктерін білу.
  • Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жол жүрісі қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен техникалық нормативтерді басшылыққа алу.
  • Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын, өрт қауіпсіздігі және жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі еңбекті қорғау талаптарын сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде жабдықтардың, құрал-саймандардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың ұтымды пайдаланылуын, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
  • Талаптар:

    • Жалпы орта білім немесе орта арнаулы техникалық білім.
    • Қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.