Қазандық цехының қыздыру беттері бойынша аға шебер, Өндірістік департаменті, ТЭЦ-3

«Алматы электр станциялары» АҚ Өтеген батыр а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
22

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • КЦ персоналымен жұмыс істеу, біліктілікті дайындау және арттыру, ережелерді, өндірістік нұсқаулықтарды және лауазымдық нұсқаулықтарды, кәсіп бойынша нұсқаулықтарды, жұмыс орындарын аралау және тексеру, КЦ персоналымен жұмыс жағдайын тексеру бойынша жұмыс жоспарлары мен кестелерін құрастырады. Белгіленген тәртіппен жаңа өндірістік, лауазымдық нұсқаулықтарды, кәсіп бойынша нұсқаулықтарды және сызбаларды дайындайды және келіседі, оларды ПТЭ, ПТБ, ППБ талаптарына сәйкес мерзімдерде қайта қарауды ұйымдастырады және қайта жаңарту мен реконструкциялар кезінде өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді. КЦ құбырларын, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылыс конструкцияларын пайдалануын бақылайды, КЦ пайдалану құжаттамасын жүргізеді, КЦ жабдықтарының жұмыста істен шығуын болдырмау, КЦ персоналының жазатайым оқиғаларының алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жоспарлар жасап, шаралар қабылдайды.

  • . Бекітілген бюджет негізінде қосалқы бөлшектерге, материалдарға және жоспарланған жұмыстарға өтінімдер жасайды. Материалдарды алу үшін талаптарды және есептен шығару актілерін уақытылы ресімдейді. Жұмысшылармен және шеберлермен жаңа және қайта қаралған нұсқаулықтарды және басқа да құжаттарды уақтылы зерделеуді ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қазандықтарды, құбырларды жөндеуді бақылайды, жөндеу құжаттамасын жүргізеді, сондай-ақ жабдық пен құбырларға қатысты металды бақылау бойынша құжаттаманы жүргізеді.
  • Учаскеде өндіріс мәдениеті мен тәртіпті арттырады; аудит қорытындылары бойынша түзетуші шаралардың орындалуын бақылайды; өндірістік цикл бойы АБР әзірлеуге қатысады; қызметкерлерден «Алтын ережелерді» сақтауды талап етеді; мердігерлердің жөндеу сапасын бақылайды, жабдықты ақауларын анықтауға және қабылдауға қатысады; жөндеу журналдарын жүргізеді және басшылық көрсеткен ақауларды жояды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қауіптіліктерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалауды жүргізеді; «1С:ТОиР» жүйесіне жөндеу және өтінімдер бойынша ақпарат енгізеді, ТМҚ бойынша құжаттаманы жүргізеді; жөндеулерге арналған құжаттаманы, құралдарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды дайындайды; мердігерлердің жөндеу сапасын бақылайды, ақауларды анықтауға қатысады; жөндеу журналдарын жүргізеді және ақаулардың жойылуын бақылайды; технологиялық карталарды, өтінімдерді, ТМҚ қажеттілігін толтырады; күл шығару (золоудаление) жүйелері мен жабдықтың жұмысын және бақылауды қамтамасыз етеді; персоналмен жұмысты Персоналдың жұмыс істеу ережелеріне сәйкес жүргізеді; жұмыс істеп тұрған жабдыққа күн сайын профилактикалық тексерулер жүргізеді; инспекторлардың нұсқамаларын, талаптарын орындау жөніндегі іс-шараларды орындайды; жөндеуден шыққан жабдықты қабылдайды, жөндеулерді бақылауды жүзеге асырады, жұмыс уақыты бойынша құжаттаманы жүргізеді; қысымдағы ыдыстар, ГПМ және ТО бойынша оқудан өтеді; цех жабдығының технологиялық сызбаларын және конструкциясын біледі; инспекторлардың нұсқамаларын уақытылы орындайды; жөндеулерді жүргізуді бақылайды, жабдықты жөндеуден қабылдайды; ақаулар ведомостарын, оқыту бағдарламаларын, нұсқама тақырыптарын жеткізеді; ақауларды, өтінімдерді, жөндеулерді «1С:ТОиР»-ға енгізеді, тех карталар мен ТМҚ толтырады; ЗИП, материалдар, жабдық, құралдың есебі, қоймалау және сақталуын жүргізеді; ТМҚ есептен шығару/беру бойынша құжаттаманы жүргізеді, актілерді жасайды; «1С:ТОиР»-ға материалдық шығындарға қажеттілікті толтырады; ТМҚ есептен шығаруға арналған актілерді жасайды.
      

    Күн сайын КЦ жабдықтарының ақау журналы бойынша жұмыс істейді, КЦ жабдығына қатысты ақаулар мен ескертпелердің жойылуын қадағалайды. Орталық қоймадан қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді алуға қатысады. КЦ-дан металл сынығын, өндірістік қоқысты уақытылы әкетуді қамтамасыз етеді. КЦ шеберіне директивалық материалдар бойынша нұсқама жүргізеді және оларды талқылайды, еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау бойынша іс-шараларды жүргізеді, өрт қауіпсіздігі бойынша ескертпелерді жоюға қатысады, ТБ бойынша күндік ескертпелерді жоюға қатысады. Жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу, ТБ және ЕҚ ережелерін сақтау мақсатында міндетті түрде регламентке сәйкес жеке қорғану құралдарын пайдаланады.

    Күн сайын КЦ жабдықтарына аралау жүргізеді және тексеру жасайды. Техникалық бағдарламалар, актілер, қорытындылар, техникалық кеңестердің хаттамаларын, жүргізілетін жұмыстар бойынша іс-шаралар тізімдерін жасайды. Жұмыстардың орындалу барысы туралы КЦ басшылығына ақпаратты уақытылы ұсынады. Біліктілік деңгейін тұрақты түрде арттырады. Жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу, ТБ және ЕҚ ережелерін сақтау мақсатында міндетті түрде регламентке сәйкес жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану қажет.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына, ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы заңнамаға белгіленген талаптарды сақтайды. Оларды сақтау мүмкін болмаған жағдайда бұл туралы дереу тікелей басшыны хабардар етеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы жасалғаны немесе жоспарланып отырғаны туралы ақпарат анықталса немесе алынған жағдайда «Комплаенс» қызметіне немесе сенім телефонына жүгінеді.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім, мүмкіндігінше энергетика саласында; энергетикалық ұйымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе орта техникалық білім, мүмкіндігінше энергетика саласында және энергетикалық ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Шарттар:

  • Әлеуметтік пакетінің болуы
  • ЖҚҚ және арнайы киім беру
  • Персоналды тасымалдау

Қажетті қабілеттер

  • знание оборудования котельного цеха