Павлодар мұнай құбыры басқармасының автокөлік пен арнайы техниканы пайдалану қызметінің бастығы
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.Міндеттері:
-
1) тапсырмаларды басқару, ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) Қоғамның Басқармасының басқа құрылымдық бөлімшелерімен және бөлімдерімен өзара іс-қимыл;
3) ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;
4) қабылданатын шешімдердің салдарын талдау және болжау;
5) қызметтік құжаттармен жұмыс істеу;
6) компьютерлік және кеңселік ұйымдастыру техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын меңгеру;
Негізгі еңбек міндеттері:
1) қызмет көрсететін персоналдың көлік құралдарын дұрыс және апатсыз пайдалануды, көлік құралдарын уақтылы әрі сапалы жөндеуді сақтауын бақылау. Пайдаланылатын көлік құралдарының сенімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру;
2) өндірістік құрылымдық бөлімшелерден жабдықты, қосалқы бөлшектерді, көлік құралдарын жеткізуге арналған жыл сайынғы өтінімдерді жинауды, талдауды және ресімдеуді ұйымдастыру, қадағаланатын бағыттар бойынша жылдық өндірістік бағдарламаны жасау, көлік құралдарын дұрыс пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету кестелеріне сәйкес автокөлік пен арнайы техниканы уақтылы жөндеуді жүргізу;
3) көлік құралдарына тексерулердің (графиктердің) жоспарларын (кестелерін) уақтылы әзірлеуді, сынақтарды, жөндеулерді және техникалық қызмет көрсетуді бақылау;
4) жаңадан келіп түскен көлік құралдарын қабылдау және пайдалануға енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыс орындарын ұтымды ету, тиімсіз көлік құралдарын жаңа, заманауи және жоғары өнімді көлік құралдарына ауыстыру, ауыр қол еңбегі мен еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру құралдарын енгізу бойынша жұмыстар;
5) тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу, негізгі құралдарды есептен шығару кезінде;
6) көлік құралдарының тиімді пайдаланылуына ықпал ететін жұмыс жүргізудің оңтайлы әдістерін айқындауға қатысу, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу;
7) пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау;
8) өндірісте қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын, көлік құралдарында жөндеу және басқа жұмыстарды жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
9) Басқарманың қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
10) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы ережелер мен нұсқаулардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;
11) алкогольдік немесе есірткілік масаю күйіндегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
Талаптар:
- Кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (автокөлік техникасы, көліктегі қозғалысты ұйымдастыру)
- кәсіби салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек жағдайлары қалыпты
- Жұмыс орны: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіп аймағы, 263-үй
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)