Жобаларды басқару және іске асыру департаментінің сарапшысы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
107

   Конкурс туралы

Негізгі лауазымдық міндеттері:

СКП кен орындарын игеру және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жобаларына кезеңдік қарастырулар кезінде тәуелсіз техникалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету. Жобалық құжаттаманы талдау, жобалық шешімдердің, құндық және күнтізбелік болжамдардың негізділігін тексеру, техникалық тәуекелдерді анықтау, Филиал басшылығы мен ҚМГ үшін сараптамалық қорытындылар және талдамалық материалдар дайындау. Оператордың шарттарын және ТжҚ (СоТУ) қарастыру, серіктестермен бірге концептуалдық зерттеулерді, ҒЗЖ (НИОКР) және бірлескен зерттеулерді сүйемелдеу, үшінші тараптар орындайтын зерттеулерді бақылау.

Міндетті кәсіби құзыреттер:

Жоғары техникалық / инженерлік / мұнай-газ білім. Мұнай-газ кен орындарын игеру және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жобалау саласындағы, инженерлік есептеулердегі, мұнай мен газды дайындау процестерінің технологиясындағы; тәуелсіз техникалық сараптама және кезеңдік қарастыру әдістеріндегі; жобаларды, тәуекелдерді, құнды және кестелерді басқарудағы; шарттық қызмет және сатып алулардағы; ҚР-ның жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасындағы; MS Office.

Негізгі жеке-іскерлік құзыреттер 

Аналитикалық және жүйелік ойлау, стратегиялық ойлау, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу, жауапкершілік және орындаушылық, нәтижеге бағдарлану, коммуникабельділік, келіссөздер мен презентация дағдылары, стресске төзімділік, этикалылық және адал ниеттілік, икемділік және оқуға бейімділік

Қай лауазымдар/бөлімшелердегі жұмыс тәжірибесі артықшылық береді:

Жоба инженері / жобалар менеджері / жетекші (бас) жобалар менеджері; күрделі жобаларды басқару және іске асыру, кен орындарын инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді жобалау, концептуалдық зерттеулер немесе жобаларды техникалық сараптау бөлімшелері

Қай сала/секторда тәжірибе және жұмыс өтілі артықшылық береді:

Мұнай-газ саласында кемінде 7 жыл, оның ішінде кен орындарын инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді жобалау, концептуалдық зерттеулер немесе жобаларды техникалық сараптау саласында кемінде 2 жыл

Қосымша кәсіби даярлық (курстар, тренингтер, сертификаттау):

PMP (Project Management Professional) сертификаттау – құпталады; жобаларды, тәуекелдерді, құнды және кестелерді басқару бойынша курстар (CPM), жобаларды техникалық сараптау және кезеңдік қарастырулар

Арнайы дағдылар мен білім 

ҚР-ның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы, мұнай операциялары; жобаларды іске асыру кезеңдері (Pre-FEED, FEED, EPC); жобалық шешімдер мен шығындарды бенчмаркингтеу; сыни жолды талдау; техникалық тапсырмаларды дайындау және ұсыныстарға техникалық баға беру; Power BI / есептілік құралдары. Қазақ тілі – ортадан жоғары, ағылшын тілі – Upper-Intermediate