Заң департаменті директорының орынбасары

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
206

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: құқықтану / халықаралық құқық.

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай-газ және/немесе энергетика секторы ұйымдарының бейінді құрылымдық бөлімшелерінде кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Халықаралық жобаларда және заңгерлік консалтингтік компанияларда жұмыс тәжірибесінің болуы (қалаулы).

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Серіктестіктің қызметін, оның ішінде корпоративтік құқық, жер қойнауын пайдалану және шарттық құқық салаларындағы қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Ірі кен орындарындағы өнімді бөлу туралы келісімдердің және оларға қатысты құжаттардың негіздері мен қағидаттарын білу;
  • Мәмілелерді құқықтық сүйемелдеу тәртібін білу;
  • Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;
  • Өз құзыреті шегінде құжат айналымы мен есептілікті жүргізу тәртібін білу;
  • Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын және Қазақстан Республикасының аумағында құқық қолдану практикасын, оның ішінде азаматтық, экологиялық, жер, әкімшілік, еңбек құқығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнаманы білу;
  • Сатып алу мәселелері бойынша Қордың нормативтік актілерін білу;
  • Қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарды (нұсқаулықтар, қағидалар, ИСУ рәсімдері) білу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесінің негіздерін білу;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды білу.

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқару дағдылары;
  • Мұнай-газ келісімдері мен шарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы жер қойнауы учаскелері бойынша жасалатын келісімдер мен шарттарды талдау және құқықтық сараптау дағдылары;
  • Іскерлік серіктестермен және/немесе мемлекеттік органдардың өкілдерімен келіссөздер (кеңестер, конференц-қоңыраулар) ұйымдастыру дағдылары;
  • Шарттардың, келісімдердің және меморандумдардың жобаларын, заңдық қорытындыларды, сондай-ақ Серіктестіктің басқару органдары шешімдерінің жобаларын, мемлекеттік және өзге де ұйымдарға арналған хаттар мен өтініштерді дайындау дағдылары;
  • Құқықтық тексеруді (Legal Due Diligence) жүргізу және/немесе үшінші тұлғаларға кешенді тексеру (Due Diligence of third parties) жүргізу процесін әкімшілендіру дағдылары;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Жобалар мен бизнес-процестерді басқару дағдылары;
  • Тұлғааралық тиімді коммуникация мен өзара іс-қимылды қалыптастыру дағдылары;
  • Талап-арыз және сот жұмысын жүргізу дағдылары;
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
  • Ішкі корпоративтік құжаттарды, саясаттарды, стандарттар мен рәсімдерді әзірлеу дағдылары.

Осы лауазымның лауазымдық міндеттері:

1. Серіктестік пен Қарашығанақ жобасының қызметін құқықтық қамтамасыз ету

  • Серіктестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құқықтық сүйемелдеу, сондай-ақ Серіктестіктің қатысу үлесі шеңберінде Қарашығанақ жобасын құқықтық сүйемелдеу бойынша Департаменттің жұмысын қамтамасыз етеді.
  • Серіктестіктің және КПО-ның қатысуымен жасалатын шарттарға, мәмілелерге және құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын, ӨБК-ні және ілеспе құжаттарды басшылыққа ала отырып, құқықтық талдау жүргізуді ұйымдастырады. Бұл ретте Серіктестік пен ҚМГ-ның құқықтары мен мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Серіктестік пен КПО арасында жасалған Сервистік келісім шеңберінде ҚМГ-ның үлестес тұлғаларымен жұмысты жүргізеді.
  • Қарашығанақ жобасындағы Серіктестік пен ҚМГ-ның рөлін күшейту мақсатында ӨБК-ге және ілеспе құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды құқықтық тұрғыдан дайындайды, келіссөздер барысында Серіктестіктің ұстанымын заңдық тұрғыдан негіздеуді қамтамасыз етеді.
  • Корпоративтік басқару, шарттық жұмыс, КПО-мен және үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша заңдық қорытындылардың жобаларын дайындау және пысықтау жөніндегі Департамент жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бұл ретте ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасын, ӨБК-ні және ілеспе құжаттарды, Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады. Басшылыққа шешім қабылдау үшін құқықтық ұсынымдар беру және құқықтық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында жұмыс жүргізеді.
  • Басшылықтың тапсырмасы бойынша келіссөздерге, хат алмасуға, мердігер компаниялармен, Уәкілетті органмен және КПО-мен, мемлекеттік органдармен (оның ішінде Серіктестіктің қызметіне жүргізілетін тексерулер шеңберінде), ҚМГ-мен/Қормен, контрагенттермен және өзге де сыртқы әріптестермен құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимылға қатысады. Серіктестіктің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ақпарат алмасу, өзара іс-қимылды жақсарту, мәселелерді тиімді келісу және шешімдер қабылдау, жетекшілік ететін мәселелерді ілгерілету және Серіктестіктің оң беделін қалыптастыру мақсатында жауапты тұлғалармен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен және Серіктестіктің басқа да мүдделі қызметкерлерімен өзара іс-қимылды қалыптастырады және дамытады.
  • Шетел құқығы мәселелері бойынша заң консультанттарын тартуды қамтамасыз етеді, олардың жұмысын үйлестіреді, міндеттер мен мәселелер қояды, оларды талқылауға қатысады, кемшіліктерді жою бойынша ескертулер мен ұсыныстар беру арқылы қызметіне мониторинг жүргізеді және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылайды, ұсынылған заңдық қорытындыларды, меморандумдарды және құжаттар жобаларын тексереді әрі қабылдайды.

2. Серіктестікті корпоративтік және шарттық сүйемелдеу

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан шарттық жұмысты жүргізу мәселелеріне мониторинг жүргізеді. Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын, ҚМГ стандарттарын, ӨБК-ні және ілеспе құжаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, бұзушылықтардың алдын алу және Серіктестік үшін құқықтық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында жұмыс жүргізеді.
  • Серіктестіктің қызметіне қатысты ағымдағы құқықтық мәселелер бойынша қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелерге консультация береді, басшылыққа ұсыну үшін анықтамалар мен құқықтық ұсынымдар жобаларын дайындайды, өз құзыреті шегінде басқарушылық шешімдерді құқықтық сүйемелдеуге қатысады.
  • Серіктестіктің корпоративтік органдарының (Бас директорының, Байқау кеңесінің және Жалғыз қатысушының) қарауына шығарылатын мәселелер бойынша құқықтық сараптама жүргізуді және заңдық қорытындылар жобаларын дайындауды үйлестіреді әрі бақылайды. Бұл ретте шешімдер жобалары мен ілеспе материалдардың сапасы мен толықтығын талдайды, заңсыз басқарушылық шешімдердің қабылдану және/немесе Серіктестік лауазымды тұлғаларының жауапкершілікке тартылу тәуекелдерін болдырмауды қамтамасыз етеді.
  • Басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзыреті шеңберінде құқықтық тексерулерге (Due Diligence) және қызметтік тергеп-тексерулерге қатысады, құпия ақпаратты қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, ақпаратты жария ету мәселелері бойынша материалдар мен шешімдер жобаларын дайындап, оларды басшылықтың қарауына ұсынады.
  • Серіктестіктің атынан сенімхаттарды дайындау, ресімдеу, беру және кері қайтарып алу процесін ұйымдастырады, сенімхаттардың есебін жүргізеді және олардың қолданылу мерзімдеріне мониторинг жасайды.
  • Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды үйлестіреді, Серіктестіктің Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӨБК-ге және ілеспе құжаттарға сәйкес құпия ақпаратты жария етуін келіседі.

3. Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және келісу

  • ҚМГ стратегиясын, Серіктестіктің миссиясы мен пайымын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа ала отырып, ішкі процестердің заңдылығы мен бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу, құқықтық сараптау және келісу, сондай-ақ Серіктестіктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін ішкі нормативтік құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу және оларды келісу бойынша Департаменттің жұмысын қамтамасыз етеді.

4. Сот және талап-арыз жұмысын сүйемелдеу

  • Серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында талап-арыз жұмысын жүргізуді бақылайды, Серіктестіктің мүдделерін барлық сатылардағы атқарушылық және сот органдарында білдіреді. Талап-арыз жұмысын жүргізуге байланысты барлық қажетті құжаттардың, оның ішінде талап қою арыздарының, талап қоюға пікірлердің, өтінішхаттардың, шағымдардың және өзге де процестік құжаттардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады.
  • Серіктестіктің атынан талап қоюшы, жауапкер немесе үшінші тұлға ретінде соттың барлық сатыларында қатысады.
  • КПО мен Серіктестіктің талап-арыз жұмысына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

5. Сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл және жұмыс жүргізу

  • Басшылықтың тапсырмасы бойынша Қарашығанақ жобасына қатысты заңдық қорытындыларды дайындау және беру мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік заң консультанттарымен келіссөздер жүргізеді және жұмыс істейді.

6. Тәуекелдерді басқару

  • ҚМГ/Серіктестік компаниялар тобының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттары мен регламенттері шеңберінде жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің қызметіне тән негізгі тәуекелдерді айқындау бойынша жұмыс жүргізеді.
  • Серіктестіктің жауапты құрылымдық бөлімшесіне тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есептердің және іске асқан тәуекел оқиғалары туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді.
  • Қажет болған жағдайда тиісті шешімдер қабылдау үшін Серіктестік басшылығының қарауына материалдарды (түсіндірме жазбаларды) ұсынады.

7. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру

  • Бюджетті жоспарлау және Департаменттің бюджетін қалыптастыру шеңберінде Департаменттің жұмыс істеуіне қажетті көрсетілетін қызметтерді (нотариаттық, заңгерлік-консультациялық және өзге де қызметтерді) сатып алу қажеттілігін бағалайды. Қызметтерді сатып алуға қаражат бөлудің қажеттілігін негіздей отырып, өтінімдер дайындайды, қызметтерді сатып алу процесін бастамашылық етеді және оған қатысады, қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасасуға және әкімшілендіруге қатысады, алынған қызметтердің сапасын тексереді және нәтижелерін қабылдайды, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге өтінімдер дайындайды, Департамент бюджетінің орындалуына мониторинг жүргізеді.
  • Департамент қызметкерлерінің тоқсандық және жылдық мақсаттарын келіседі.
  • Департамент қызметкерлері арасында тапсырмалардың бөлінуін бақылайды.
  • Департамент қызметкерлерінің тапсырмаларды уақтылы әрі сапалы орындауын бақылайды.
  • Департамент қызметкерлерін оқыту, дамыту және олардың біліктілігін арттыру қажеттілігін айқындайды әрі осыған қажетті жағдайлар жасайды.
  • Департаменттің және әкімшілендірілетін процестердің жұмыс тиімділігін тұрақты арттыру мақсатында басшылыққа ұсыныстар енгізеді.
  • Серіктестіктің ішкі құжаттарында, жасалған шарттардың талаптарында көзделген, тікелей басшының және Серіктестік басшылығының тапсырмасы бойынша жүктелетін өзге де міндеттерді орындайды.

8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Серіктестіктің Жалғыз қатысушысының тиісті корпоративтік стандарттарына сәйкес еңбекті қорғау (ЕҚ), қауіпсіздік техникасы (ҚТ) және қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) талаптарын сақтайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Озат)