Пайдалану жөніндегі дирекцияның орталық-диспетчерлік пункті станциясының ауысым бастығы
«Түркістан БГҚ» ЖШС Қарамұрт а.Міндеттері:
Станция ауысымының бастығы ауысымдағы аға жедел қызметкер болып табылады және берілген өкілеттік шегінде станция режимін қауіпсіз, сенімді және экономикалық тұрғыда жүргізуге, жедел персоналдың іс-қимылдарын үйлестіруге және диспетчерлік орталықтармен жедел өзара іс-қимыл жасауға жауап береді.1) Жалпы міндеттер
- анықталған тәуекелдер, қауіпті жағдайлар, ақаулар, технологиялық бұзушылықтар және қауіпсіздікке, сенімділікке немесе шарттық міндеттемелердің орындалуына әсер етуі мүмкін өзге де жағдайлар туралы дереу хабарлау.
- біліктілікті қолдау, аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығуларға, білімді тексеруге және оқиғаларды талдауға қатысу.
2) Ауысымды қабылдау, жүргізу және тапсыру:
- ауысымды қабылдауға дейін жабдықтың жай-күйімен және сызбасымен, блоктардың режимімен, тәуліктік кестемен, диспетчерлік өтінімдермен, қолданыстағы шектеулермен, ақаулармен, нарядтармен және өкімдермен, шығарылған қорғаныстар мен блокировкалармен, жедел хабарламалармен және жұмыс жағдайларының болжамымен танысу;
- ауысымның жасақталуын және жұмысқа жарамдылығын, персоналдың рұқсаттарының (допуск) бар-жоғын, жедел байланыстың ақаусыздығын және жұмыс орындарының дайын болуын тексеру;
- жеткілікті ақпарат алғаннан кейін және жедел журналға жазба рәсімделгеннен кейін ғана ауысымды қабылдау;
- авария кезінде, қосып-ажыратуларда немесе тұрақсыз режимде ауысымды тек жоғары тұрған жедел басшының рұқсатымен қабылдау;
- ауысымдық нұсқама кезінде режимдік міндеттерді, тәуекелдерді, басымдықтарды, міндеттерді бөлу мен бақылау нүктелерін айқындау;
- ауысымды тапсыру кезінде аяқталмаған операцияларды, ауытқуларды, тәуекелдерді, шектеулерді және келесі ауысымға міндеттемелерді дәл беруін қамтамасыз ету.
3) Технологиялық процестерді жедел-диспетчерлік басқару:
- станцияның барлық технологиялық бағыттары бойынша жедел персоналдың жұмысын үйлестіре отырып, ауысымға бірыңғай жедел басшылықты жүзеге асыру;
- ГТУ, КУ, ПТУ, генераторлар және станцияға ортақ жүйелердің режимін режимдік карталар, пайдалану нұсқаулықтары, экологиялық рұқсаттар, диспетчерлік кесте және жабдықтың нақты техникалық жай-күйі шегінде жүргізу;
- бекітілген бағдарламаларға сәйкес іске қосуларды, синхрондауды, жүктемені арттыру мен төмендетуді, тоқтатуларды, жай және аралас цикл арасындағы ауысуларды, сынақтар мен тексеріп көрулерді ұйымдастыру;
- генерациялайтын жабдықтың, жедел резервтердің, реттеу диапазонының және жүктеменің өзгеру жылдамдығының талап етілетін дайын болуын қамтамасыз ету; нақты шектеулерді уақтылы мәлімдеу;
- DCS/АСУ ТП параметрлерін, сигнализацияны, оқиғалар тіркеушісін, айналып өту деректерін және зертханалық бақылау деректерін бақылау; ескертуші және авариялық сигналдарға уақтылы әрекет етуді қамтамасыз ету;
- нақты, бірмәнді жедел өкімдер беру, олардың қайталануын, түсінілуін және орындалуын бақылау; бір мезетте үйлеспейтін операцияларға жол бермеу;
- бекітілген бланкілер, бағдарламалар және нұсқаулықтар бойынша электрлік, жылутехникалық-механикалық, газ және өзге технологиялық сызбаларда жедел қосып-ажыратуларды ұйымдастыру және бақылау;
- диспетчерлік тәртіптің сақталуын және диспетчерлік басқару шегінде жүйелік оператордың командаларының орындалуын қамтамасыз ету. Орындау мүмкін болмаған жағдайда дереу себепті, рұқсат етілетін параметрлерді және қалпына келтірудің күтілетін мерзімін хабарлау;
- жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен, электр желілері мен газ тасымалдау ұйымдарының жедел персоналымен және бекітілген өзара іс-қимыл схемалары шегінде өзге контрагенттермен байланыс орнату;
- электр қуатын, жиілікті, кернеуді, реактивті жүктемені, бу, отын, су, химиялық режим, шығарындылар және станцияның басқа да негізгі параметрлерін бақылау;
- блоктар мен станцияға ортақ жүйелер арасындағы жедел іс-қимылдарды келісу, станцияның өз мұқтаждарының сенімділігі мен жалпы ресурстардың бұзылуына жол бермеу;
- стандартты емес операциялар алдында және конфигурация өзгерген кезде тәуекелді бағалауды жүргізу, критикалық қосып-ажыратулар үшін тәуелсіз тексеру қағидатын қолдануды қамтамасыз ету;
- өмірге, жабдыққа, станцияның немесе электр жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген кезде жабдықты тоқтатуға дейін дереу шаралар қабылдау, содан кейін тиісті диспетчер мен басшылыққа дереу хабарлау;
- авариялар және технологиялық бұзушылықтар кезінде бұзушылықты оқшаулау мен жою, өз мұқтаждарын қалпына келтіру, қауіпсіз күй және рұқсат етілген режимді қамтамасыз ету бойынша ауысымның іс-қимылдарын басқару;
- оқиғаны талдау үшін қажет жедел журналдарды, трендтерді, осциллограммаларды, келіссөздер жазбаларын және өзге де бастапқы деректерді сақталуын қамтамасыз ету.
4) Электр энергиясы нарығында жұмысты жедел сүйемелдеу:
- уәкілетті құрылымдық бөлімшеден электр энергиясы мен қуатты өндірудің бекітілген кестесін, оған өзгерістерді және өзге де режимдік тапсырмаларды алу; олардың алынғанын растау;
- диспетчерлік командаларға, бекітілген кестеге және жабдықтың техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес станцияның нақты режимін жүргізуді қамтамасыз ету;
- нақты өндіруді, блоктардың жүктемесін, қолда бар және жұмыс қуатын, резервтерді, жүктемені арттыру немесе төмендету қарқынын және технологиялық шектеулерді үздіксіз бақылау
- мәжбүрлі шектеулер, жабдықтың қолжетімсіздігі, жөндеу мерзімдерінің өзгеруі, күтілетін ауытқулар және қуатты қалпына келтіру туралы Бас энергетикке, жүйелік оператордың тиісті диспетчеріне және ЦДП коммерциялық диспетчеріне жедел түрде хабарлау;
- диспетчерлік командалардың уақыты, негізі және мазмұны, кестенің өзгеруі, шектеудің басталуы мен аяқталуы, нақты қуат және ауысымның іс-қимылдары туралы жедел құжаттамада тіркеу;
- коммерциялық диспетчерге немесе өзге уәкілетті қызметкерге ескертулер беру, кестелерді өзектендіру және кейіннен теңгерімсіздіктерді талдау үшін уақтылы сенімді жедел деректерді ұсынуды қамтамасыз ету;
- жедел-технологиялық ақпаратты беру арналарының жұмысқа жарамдылығын және жұмыс орнында коммерциялық есеп деректерінің көрінуін бақылау; істен шыққан жағдайда резервтік рәсім бойынша әрекет ету және жауапты тұлғаларды хабардар ету;
- есептік кезең немесе ауысым аяқталғаннан кейін өндіру, шектеулер, командалар және оқиғалар бойынша жедел деректерді қолжетімді есеп деректерімен салыстыруды қамтамасыз ету және анықталған сәйкессіздіктерді жауапты бөлімшеге беру;
- егер мұндай өкілеттіктер бөлек ішкі құжатпен немесе сенімхатпен берілмесе, баға туралы өтінімдерді беруді, мәмілелер жасасуды, қаржылық есеп айырысуды және ресми нарықтық есептілікті жүзеге асырмау.
5) Жабдықты жөндеуге шығару және қауіпсіз жұмыстарды ұйымдастыру:
- жабдықты жөндеуге шығарудың жедел мүмкіндігін қарастыру, өкілеттік шегінде диспетчерлік өтінімдерді рәсімдеу және сүйемелдеу;
- сызбаны және жұмыс орнын дайындауды, ажыратуды, дренаждауды, суытуды, қысымды түсіруді, жерге тұйықтауды, энергия көздерін блокировкалау мен таңбалауды наряд-рұқсат (нарядно-допуск) жүйесіне сәйкес ұйымдастыру;
- қажетті рәсімдеусіз, жұмыс орнын дайындаусыз және жауапты тұлғаларды тағайындаусыз жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу;
- жұмыстар шекарасының өзгеруін, біріктірілген және газ қауіпті жұмыстарды, сынақтарды, уақытша сызбаларды және бірнеше мердігердің өзара іс-қимылын бақылау;
- жұмыстардан кейін жабдықты жедел қызмет көрсетуге тек рұқсат беруші құжаттаманы жабу, адамдарды, құрал-сайманды және уақытша құрылғыларды алып тастау, қорғаныстарды қалпына келтіру және тексеріп көруге дайындықты растау жүргізілгеннен кейін ғана қабылдау;
- жөндеуден кейінгі тексеріп көрулерді және бекітілген бағдарламалар бойынша жабдықты енгізуді ұйымдастыру, нәтижелерді және қалған шектеулерді тіркеу.
6) Қауіпсіздік, экология және өндірістік тәртіп:
- ауысымдық персоналдың қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төнгенде, наряд-рұқсат жүйесі бұзылғанда, технологиялық сызбаның қауіпті өзгеруі кезінде немесе қажетті қорғаныс шаралары болмаған жағдайда жұмыстарды тоқтату;
- өрт, газдың шығуы, қауіпті заттардың ағуы, жазатайым оқиға және өзге төтенше жағдай кезінде бірінші кезектегі іс-қимылдарды ұйымдастыру, қажетті қызметтерді шақыру және жою басшысы келгенге дейін өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- экологиялық және су-химиялық режимдердің сақталуын бақылау; белгіленген шектеулердің асып кету қаупі болған кезде нұсқаулықтарда көзделген шараларды қабылдау және жауапты тұлғаларды хабардар ету;
- бұзушылықтар, жарақаттар, шығарындылар, қорғаныстардың істен шығуы, блокировкалар, есеп немесе байланыс туралы ақпаратты жасыруға немесе бұрмалауға жол бермеу;
- жедел басқару бөлмелеріне қолжетімділік режимін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және АСУ ТП-ға рұқсатсыз қосылуға тасымалдағыштарды немесе жабдықты енгізуге тыйым салу.
7) Ауысым персоналын басқару:
- біліктілікті, рұқсатты (допуск), нақты жүктемені және тәуекелді ескере отырып ауысым қызметкерлері арасында тапсырмаларды бөлу;
- персоналдың жұмыс орындарында болуын, айналып өтулердің сапасын, жазбаларды және өкімдердің орындалуын бақылау;
- шаршау, ауру белгілері бар, алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаю белгілері бар қызметкерді жұмысқа жібермеу және ішкі рәсімдерге сәйкес әрекет ету;
- өкілеттік шегінде мақсатты және жоспардан тыс нұсқамалар жүргізу, жаттығулар ұйымдастыру және персоналдың іс-қимылдарын бағалау;
- ақпаратты жасырмай, қателіктер мен қауіптер туралы хабарлау мәдениетін және жұмыс коммуникациясын қолдау;
- басшыға қызметкерлерді даярлау, рұқсат беру, көтермелеу немесе жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу.
8) Жедел құжаттама және есептілік:
- жедел журналды, өкімдер журналы, параметрлер ведомосын, ақаулар есебін, қосып-ажыратуларды, нарядтарды және бекітілген тізімге сәйкес өзге де құжаттарды жүргізу;
- жазбалардың толықтығын, уақтылығын, қадағалануын және сақталуын қамтамасыз ету, келісілмеген түзетулер мен деректерді кейіннен (артқа) енгізуге жол бермеу;
- өндіру, режим, шектеулер, бұзушылықтар, жөндеулер және жабдықтың дайындығы туралы жедел хабарламалар мен ауысымдық есептерді жасау;
- технологиялық бұзушылықтарды талдауға, түзетуші іс-шараларды әзірлеуге, нұсқаулықтарды қайта қарауға және станцияның сенімділігін арттыруға қатысу;
- тікелей басшының тапсырмасы және Қауымдастықтың ішкі құжаттарына сәйкес еңбек функциясы шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Талаптар:
- Білім деңгейі - Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) - Техникалық/электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жылутехника, технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару немесе электр станциясының жабдығына сәйкес келетін өзге де бейінді техникалық білім
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі - Электр станцияларын жедел пайдалану саласында кемінде 7 жыл, артықшылығы жылу немесе бу-газ электр станцияларында
- Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі - кемінде 3 жыл
- Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасы;
- Электр станциялары мен желілерінің техникалық пайдалану ережелері, Электр желілері ережелері, жүйелік оператордың қызмет көрсету ережелері, электр энергиясының көтерме және теңгеруші нарықтарының ережелері — электр станциясының жедел жұмысына қатысты бөлігі бойынша;
- ПГУ технологиялық процесі, станцияның жылу және электр сызбалары, жабдықтың пайдалану жауапкершілігінің құрамы мен шекаралары, рұқсат етілетін режимдер мен шектеулер;
- ГТУ, КУ, ПТУ, генераторлар, трансформаторлар, ОРУ, отын газ жүйелерінің, суды дайындаудың, салқындатудың, КИПиА, АСУ ТП және станцияға ортақ жабдықтың құрылғысы, сипаттамалары, қорғаныстары, блокировкалары және басқару алгоритмдері;
- Іске қосу, синхрондау, жүктемені арттыру және төмендету, тоқтату, жабдықты жөндеуге аудару және жөндеуден енгізу, жай және аралас циклде жұмыс істеу тәртібі;
- Жедел келіссөздер жүргізу тәртібі, диспетчерлік командаларды орындау, қосып-ажыратулар және жедел құжаттаманы рәсімдеу;
- Аварияға қарсы нұсқаулықтар, аварияларды жою жоспарлары, өз мұқтаждарын жоғалтқан кездегі, толық кернеусіздену (обесточение) кезінде, газбен жабдықтаудың бұзылуы кезінде, өрт кезінде, АСУ ТП, байланыс немесе коммерциялық есеп істен шыққан кезде әрекет ету тәртібі;
- Наряд-рұқсат жүйесі, энергия көздерін блокировкалау және таңбалау, жұмыс орындарын дайындау, конфигурацияны басқару және бір мезеттегі жұмыстарды бақылау;
- Жиілік пен қуатты автоматты реттеу қағидаттары, кернеу мен реактивті қуатты реттеу, резервтерге және генерациялайтын жабдықтың дайын болуына қойылатын талаптар;
- Бекітілген өндіріс кестесін қалыптастыру және орындау тәртібі, нақты өндіруді есепке алу, шектеулерді тіркеу және станцияның электр энергиясы нарығына қатысуын жедел сүйемелдеу;
- Технологиялық бұзушылықтарды тергеу тәртібі, оқиғалар тіркеушілерінің жазбаларын сақтау және жедел ақпаратты ұсыну.
Условия:
- 5/2, жұмыс кестесі 09:00-18:30, түскі ас 13:00-14:30
- Әлеуметтік пакет
- Медициналық сақтандыру
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қауіпсіздік техникасы
- Өндіріс
Ұқсас вакансиялар