Пайдалану дирекциясының бас механигі

«Түркістан БГҚ» ЖШС Қарамұрт а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
107

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. Пайдалану блогын басқару
1) «Энергоблок» және «Отын шаруашылығы» учаскелерінің жұмысын басқару, учаске басшыларына міндеттер белгілеу және олардың орындалуын бақылау;
2) учаскелер, ауысымдық персонал және сабақтас бөлімшелер арасында әкімшілік, техникалық және жедел функциялардың нақты шектелуін қамтамасыз ету;
3) бас корпус пен отын шаруашылығы жабдығының парогаз электр станциясы құрамында жұмыс істеуге тәулік бойы дайын болуын ұйымдастыру;
4) әкімшілік бағыныстылық учаске басшыларына сақталған жағдайда, станция ауысым бастығының жедел өкімдерінің бағынышты учаскелер персоналымен орындалуын қамтамасыз ету;
5) Пайдалану жөніндегі басқарушы директорға блоктың дайындық деңгейі, шектеулер, сыни ақаулар және тәуекелдері туралы шынайы ақпарат ұсыну;
2. Бас корпус пен энергоблоктарды пайдалану
1) ГТУ, ПТУ, кәдеге жаратушы қазандықтар, ВКУ, қазандық жабдығын, құрғақ градирняларды және оларға байланысты қосалқы жүйелерді қауіпсіз әрі үнемді пайдалануды ұйымдастыру;
2) жабдықтың іске қосуға, синхрондауға, жүктемені арттыруға және төмендетуге, тоқтатуға, суытуға, резервке және аварияға қарсы басқаруға дайындығын қамтамасыз ету;
3) іске қосу графиктерінің, қыздыру және жүктеу кезіндегі рұқсат етілген жылдамдықтардың, температура, қысым, діріл, кеңею, деңгей, вакуум және жұмыс ортасының сапасы бойынша шектеулердің сақталуын бақылау;
4) Бас технологпен және Орталық зертханамен өзара іс-қимылда блок жабдығы бөлігінде су-химиялық, бу-су, газ, май және салқындату режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
5) технологиялық сызбаларды, режимдік карталарды, күрделі ауыстырып-қосулардың, іске қосулардың, тоқтатулардың және сынақтардың бағдарламаларын өз өкілеттігі шегінде келісу;
6) жабдықты белгіленген рұқсат етілген режимдерден тыс, сондай-ақ міндетті қорғаныс пен блокировкалары ақаулы болған жағдайда пайдалануға жол бермеу, қолданыстағы нормативтік талаптарда және бекітілген пайдалану құжаттамасында тікелей көзделген жағдайлардан басқа;
3. Отын шаруашылығы
1) ППТГ, жауапкершілік шекаралары шегіндегі газ құбырларын, дизель отынының резервуарлық паркін, құю (ағызу) құрылғысын, сорғы станциясын және отынды тұтынушыларға беру жүйелерін сенімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) мүдделі бөлімшелермен бірлесіп табиғи газ бен дизель отынына қажеттілікті жоспарлау, нормативтік қордың сақталуын, резервтік сызбалардың дайындығын және оны уақтылы қалпына келтіруді бақылау;
3) газдың қысымын, температурасын, шығынын және сапасын, редукциялау, сүзу, қыздыру, есепке алу тораптарының жай-күйін, қорғаныстарды, газоанализді және авариялық ажыратуды бақылау;
4) дизель отынын қауіпсіз қабылдауды, ағызуды, сақтауды, айдап құюды және есепке алуды қамтамасыз ету, асып төгілудің, төгілу мен шашыраудың, суланудың (су араласудың), ластанудың, партиялардың араласуының және негізсіз шығындардың алдын алу;
5) отын бойынша жедел, техникалық және коммерциялық деректерді салыстыруды ұйымдастыру және анықталған теңгерімсіздіктерді өз құзыреті шегінде қарастыру;
4. Қосалқы жүйелер және жауапкершілік шекаралары
1) бекітілген жалпы станциялық жылутехникалық-механикалық жүйелерді, құбырларды, сорғыларды, жылуалмастырғыштарды, компрессорларды, арматураны, дренаждарды және желдетуді бекітілген шектелуге сәйкес пайдалану;
2) қазандықтың механикалық жабдығы мен сумен жабдықтау жүйелерін бекітілген шекараларда техникалық пайдалануды қамтамасыз ету; су дайындау технологиялық режимдері мен судың сапа көрсеткіштерін Бас технологпен келісу;
3) шекаралардағы режимдер мен ауыстырып-қосуларды су дайындау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, КИПиА, АСУ ТП, өрттен қорғау және метрология жүйелерімен келісу;
4) жабдық тізімдерінің, баланс және пайдалану жауапкершілік шекараларының, нөмірленудің, таңбаланудың және технологиялық сызбалардың өзектілігін қамтамасыз ету;
5. Сенімділік, техникалық жай-күй және жөндеу
1) бекітілген жабдыққа айналып шығуларды, тексерулерді, резервтерді сынақтан өткізуді, диагностика мен техникалық жай-күйді бақылауды ұйымдастыру;
2) ақауларды сынилығы бойынша қалыптастыру және ранжирлеу, рұқсат етілген уақытша шараларды, жою мерзімдерін және қажетті бақылауды тек бекітілген рәсімдер шегінде белгілеу;
3) жылдық және перспективалық жөндеу бағдарламаларына енгізу үшін ұсыныстар қалыптастыру;
4) Жөндеу-механикалық қызметпен, электр жабдығын жөндеу қызметтерімен, КИПиА, АСУ ТП және метрология қызметтерімен орындалатын жұмыстардың мерзімдері, көлемі, сапасы, сынақтары және қабылдауына қатысты өзара іс-қимыл жасау;
5) жөндеуден кейін жабдықты қабылдауды, жобалық сызбаны қалпына келтіруді, қорғаныстарды функционалдық тексеруді және сынақтан өткізу мен пайдалануға дайындығын растауды ұйымдастыру;
6) жабдықтың қайталанатын істен шығуларын, мәжбүрлі шектеулерді және өндірістік шығындарды талдау, түзетуші іс-шараларды әзірлеу, оларды белгіленген тәртіппен келісу және орындалу нәтижелілігін бақылау;
7) блоктың қосалқы бөлшектерге, материалдарға, арнайы құралға, диагностикалық қызметтерге және авариялық қорға қажеттілігін қалыптастыру;
6. Іске қосу-реттеу, қабылдау және техникалық өзгерістер
1) жобалық шешімдерді, ПНР бағдарламаларын, пайдалану рәсімдерін және блок жабдығы бойынша техникалық құжаттаманы қарастыруға қатысу;
2) персоналдың, сызбалардың, нұсқаулықтардың, жұмыс орындарының, байланыстың, қорғаныс құралдарының және жедел құжаттаманың жеке және кешенді сынақтарға дайындығын қамтамасыз ету;
3) іске қосуларға, сынақтарға, қабылдауға және жабдықты пайдалануға енгізуге қатысу, ескертулерді тіркеу және сыни сәйкессіздіктер жабылмаған жағдайда дайындықты растамау;
4) атқарушы, зауыттық, реттеу және жөндеу құжаттамасын, уставкалар тізімдерін, сынақ хаттамаларын және қосалқы бөлшектерді тапсыруды бақылау;
5) қауіпсіздікке, сенімділікке, ресурска, тиімділікке, кепілдік міндеттемелерге және сабақтас жүйелерге әсерін бағалай отырып техникалық өзгерістерді бастау және қарастыру;
7. Қауіпсіздік және бұзушылықтар кезіндегі әрекеттер
1) өндірістік бақылауды, қауіптіліктерді сәйкестендіруді, тәуекелдерді бағалауды және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік бойынша іс-шараларды орындауды ұйымдастыру;
2) персоналдың аварияларға, өрттерге, газ бен отынның ағуына, құбырлардың жарылуына, электрмен жабдықтаудың жоғалуына, қорғаныстардың істен шығуына және өзге де төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, жабдықтың қауіпсіздігіне немесе қоршаған ортаға тікелей қауіп анықталған кезде қауіпті жұмыстарды тоқтату шараларын қабылдау және белгіленген жедел басқару тәртібіне сәйкес жабдықты тоқтатуды бастау, уәкілетті жедел персоналды дереу хабардар ету;
4) технологиялық бұзушылықтар кезінде АСУ ТП архивтерін, журналдарды, келіссөздер (переговорлар) мен бастапқы деректерді сақтауды ұйымдастыру, тергеулерге қатысу және түзетуші іс-шараларды бақылау;
5) наряд-рұқсат (наряд-допуск) жүйесінің сақталуын, энергия көздерін блокировкалау тәртібін және жабдықты жөндеуге қауіпсіз дайындауды қамтамасыз ету;
8. Ұйымдастырушылық басқару және персонал
1) жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп блок персоналын жинақтауды, оны оқытуды, тағылымдаманы, дубляждауды, білімін тексеруді, дербес жұмысқа рұқсат ресімдеуді және белгіленген тәртіппен аварияға қарсы дайындауды ұйымдастыру;
2) ұйымдастырушылық құрылым, штат саны, қызметкерлердің біліктілік құрамы және блок қызметкерлерінің функцияларын бөлу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және негіздеу;
3) өз құзыреті шегінде қызметкерлерді іріктеу мен қабылдауды келісу, сұхбаттарға қатысу және кандидаттардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау;
4) іске қосу-реттеу жұмыстарының кезеңдерін, жабдықты енгізуді және өнеркәсіптік пайдаланудың басталуын ескере отырып штат жинақтау кестелерін қалыптастыру;
5) қызметкерлерді оқытуға, қайта даярлауға және дамытуға қажеттілікті айқындау, өзара алмастырушылықты, сабақтастықты және кадрлық резервті қалыптастыруды қамтамасыз ету;
6) қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және көтермелеу туралы, төлемдерді белгілеу және қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
7) еңбек және өндірістік тәртіпті, ауысымды қабылдау мен тапсыру сапасын, жедел, пайдалану және есептік құжаттаманы жүргізуді бақылау;
8) нұсқаулықтарды, сызбаларды, режимдік карталарды, қорғаныстар мен блокировкалар тізімдерін, жаттығу бағдарламаларын және жергілікті нормативтік құжаттарды әзірлеу мен өзектендіруді ұйымдастыру;
9) өндірістік кеңестер өткізу, басқарушылық есептілікті дайындауды ұйымдастыру және бұйрықтардың, тапсырмалардың, хаттамалық шешімдердің және түзетуші іс-шаралардың орындалуын бақылау;
10) мүліктің, құжаттаманың, құралдың және материалдардың сақталуын, ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
9. Бюджеттеу, сатып алу және шарттық жұмыс
1) блоктың пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құралға, диагностикаға, оқытуға және үшінші тарап ұйымдарының қызметтеріне арналған жылдық және перспективалық бюджетін қалыптастыру және негіздеу;
2) бекітілген бюджеттің орындалуын бақылау, ауытқуларды талдау және белгіленген тәртіппен оны түзету мен қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар дайындау;
3) тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қажеттілікті қалыптастыру, сатып алу жоспарлауына арналған техникалық сипаттамаларды, өтінімдерді, есептеулерді және бастапқы деректерді дайындауды қамтамасыз ету;
4) өз құзыреті шегінде сатып алынатын жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жұмыстар мен қызметтерді техникалық бағалауға, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын қарастыруға қатысу;
5) шарттардың техникалық бөлігін келісу, жеткізу мерзімдерін, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын, жеткізілетін тауарлардың толықтығын және қажетті атқарушы құжаттаманың болуын бақылау;
6) берілген өкілеттіктер шегінде орындалған міндеттемелерді уақтылы растауды немесе ескертулер мен талап-арыздарды ресімдеуді қамтамасыз ету.

Талаптар:
  • Білім деңгейі - Жоғары техникалық білім: жылуэнергетика, энергетикалық машина жасау, механика, мұнай-газ ісі бағыттары бойынша немесе өзге де бейіндік білім
  • Білім бейіні - Электр энергетикасының жылутехникалық-механикалық жабдығы, электротехника, жылуэнергетика, энергетикалық машина жасау, механика және басқа да тиісті техникалық бағыттар
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі - Энергетикалық және жылутехникалық-механикалық жабдықты пайдалану, техникалық қызмет көрсету, реттеу немесе жөндеу саласында мамандық бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі
  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі - Энергетикалық жабдықты пайдалану, техникалық қызмет көрсету, реттеу немесе жөндеу саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, бұл мамандық бойынша жалпы жұмыс өтіліне кіреді
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар
1) Қазақстан Республикасының электр энергетика, еңбек қатынастары, азаматтық қорғау, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы, орындалатын функциялар көлеміндегі заңнамасы;
2) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану жөніндегі қолданыстағы ережелер, жылутехникалық-механикалық жабдықты, қысымдағы жабдықты, газ және сұйық отын шаруашылығын қауіпсіз пайдалану талаптары;
3) парогаз электр станциясының жылулық және технологиялық сызбасы, газтурбиндік қондырғылардың, кәдеге жаратушы қазандықтардың, бу турбиналық қондырғылардың, ауа-конденсациялық қондырғылардың және жалпы станциялық жүйелердің өзара байланысы;
4) ГТУ, ПТУ, кәдеге жаратушы қазандықтар, ВКУ және қазандық жабдығының тағайындалуы, құрылысы, техникалық сипаттамалары, рұқсат етілген режимдері, пайдалану шектеулері, қорғаныстар, блокировкалар және сигнализация;
5) құрғақ градирнялардың, конденсация жүйелерінің, вакуумның, майлаудың, салқындатудың, сығылған ауаның, қазандықтың механикалық жабдығының және сумен жабдықтау жүйелерінің, дренаждардың, үрлеулердің (продувкалардың), бу және су құбырларының пайдалану жауапкершілік шекаралары шегіндегі құрылғысы мен режимдері;
6) ППТГ және дизель шаруашылығының технологиялық сызбалары, оның ішінде резервуарлар, құю (ағызу) құрылғысы, сорғы станциясы, сүзгілер, қыздырғыштар, құбырлар, есепке алу тораптары, ажыратқыш, реттегіш және сақтандырғыш арматура;
7) жобалық, атқарушы және зауыттық құжаттама, P&ID, өндірушілердің нұсқаулықтары, технологиялық регламенттер, режимдік карталар, себеп-салдар матрицалары және іске қосу мен тоқтату алгоритмдері;
8) жедел-диспетчерлік басқару тәртібі, жедел персоналдың бағыныстылығы, жедел келіссөздер (переговорлар), ауыстырып-қосулар, жұмыстарға рұқсат беру, жабдықты жөндеуге шығару және пайдалануға енгізу ережелері;
9) газ қауіпті, отты (отты жұмыстар), жөндеу жұмыстарын және аса қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі, наряд-рұқсаттарды қолдану, энергия көздерін блокировкалау, тығындарды (заглушкаларды) орнату, жерлендірулер мен қоршауларды орнату;
10) техникалық жай-күйді бағалау әдістері, трендтерді талдау, діріл, термиялық кернеулі күй, істен шығулар және түпкі себептер, ақауларды, ресурсты, тәуекелдерді және техникалық өзгерістерді басқару;
11) жөндеу бағдарламаларын қалыптастыру қағидаттары, ақау ведомостары, авариялық және нормативтік қосалқы бөлшектер, материалдар, құрал және жеке қорғаныс құралдары қоры;
12) өндірістік бақылау тәртібі, жабдықты техникалық куәландыру және диагностика, сондай-ақ өз құзыреті шегінде метрологиялық қамтамасыз ету;
13) монтаждан кейін жабдықты қабылдау, іске қосу-реттеу және жөндеу, жеке, функционалдық, кешенді және кепілдік сынақтарын өткізу тәртібі;
14) персоналды басқару, бюджеттеу, сатып алу, шарттық жұмыс, іскерлік хат алмасу, ішкі есептілік және құпиялық ақпаратты қорғау негіздері.

Шарттары:

  • 5/2, жұмыс кестесі 09:00-18:30, түскі ас 13:00-14:30
  • Әлеуметтік пакет
  • Медициналық сақтандыру