Станса кезекшісі жанындағы оператор Бейнеу стансасы 1 класс «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Ескертулерді беру және күшін жою туралы өтінімдер мен жеделхаттарды қабылдайды.
- Станция бойынша кезекшінің (СБК) нұсқауы бойынша пойыз диспетчерлерімен, көршілес станциялардың кезекшілерімен, локомотив бригадаларын тағайындаушы кезекшімен және локомотив депосы бойынша кезекшімен келіссөздер жүргізеді.
- «МЖС жолдарына шыққан кезде ССПС-ті жіберуді тіркеу журналы», Диспетчерлік өкімдер журналы, ДУ-58 нысаны, барлық бағыттар бойынша ДУ-60 нысанындағы «Ескертулер кітабы» және ДУ-61 нысанындағы бақылау бланкілері, ВУ-14 нысанындағы вагондар мен құрамдарды техникалық қарап-тексеруге ұсыну кітабы, ДУ-47 нысанындағы пойыз телефонограммалары журналын жүргізеді.
- Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша машинистерге аралықты иеленуге арналған рұқсаттарды (ДУ-50, ДУ-55, ДУ-56, ДУ-61, ДУ-64 нысандары) береді.
- Радиобайланыс істен шыққан кезде жөнелтілетін пойызға бұйрықты жеткізу үшін станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрықтар кітабын жөнелтілетін пойыздың машинисіне танысуға және «Машинистің тегі» бағанына қол қоюға жеткізеді.
- Барлық бағыттар бойынша ескерту бланкілерін толтырады және пойыз машинистеріне қол қойғызып тапсырады.
- 02, 09, 201, 200, 230, 333, 206, 209 хабарламаларын береді.
- Пойыз машинистеріне ВЦ 24 анықтамаларын қол қойғызып тапсырады.
- Жол берілген НБД бойынша және телеграфтық нұсқауларға сәйкес қызметтік формулярға жазба енгізеді.
- АСОУП ақпараттық жүйесі арқылы хабарламалар береді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта.
- Жұмыс тәжірибесі: сигналшы, пойыз құжаттарын жеткізуші, вагондарды нөмірлеп жазу операторы, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы лауазымдарында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
немесе
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік).
- Мамандығы: Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
немесе
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қосымша талаптар:
екі жылда бір рет аттестаттаудан өту – техникалық нормативтік актілерді білу бойынша сынақ тапсыру.Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж