Старший электромеханик района электроснабжения станции Астана
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Электрмен жабдықтау ауданының жұмысына техникалық және шаруашылық басшылықты жүзеге асырадыЭлектрмен жабдықтау ауданының жұмысына талдау жүргізеді
Қызмет көрсету технологиясын жетілдіретін тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтаудың бұзылуының алдын алатын іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады
Жұмыс кезінде қолданылатын өлшеу құралдарының сақталуына, дұрыс пайдаланылуына және уақтылы тексерілуіне бақылау жүргізеді
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды, энергетикалық шаруашылық құрылғыларының қалыпты жұмысының бұзылуын тексеруге қатысады
Электрмен жабдықтау ауданының аға электромеханигінің болуын талап ететін жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басшылық жасау, орындалған жұмыстардың қауіпсіздік техникасы мен сапасы қағидаларының сақталуын мерзімді тексеру
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)Мамандығы: теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы; электр энергетикасы; автоматтандыру және басқару; салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар