Құсмұрын сигнализация және байланыс дистанциясының Притобольская-Сурган телімінің пойыз және станция радиобайланыс құрылғыларына қызмет көрсету бригадасының радиобайланыс электрмеханигіі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) еңбек қоғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалары мен ережелерін сақтаумен ЦШ-3121 ңұсқалығына сәйкес ДБПБ құрылғыларын жұмыс жасау барысында жөндеу және технологиялық пайдаланып поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) ДБПБ радио құрылғы жұмысының істен шыққанда, оның жоюына шараларды қабылдау; 3) пайдалану құрылғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету, технологиялық проццес кестесі мен басқа жоспарлары бойынша жұмыс жасау; 4) ДБПБ аппаратура блогтары мен күшейткіштерін сапалы жөндеуын жасау; 5) анықталған мерзімдерде комиссиялық және басқа қараулар барысында анықталған жетіспеушіліктерді жою; 6) қолданыстағы радио мен ДБПБ құралдарын бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкестендіруін қамтамасыз ету, пайдаланатын құрылғылардың тәртібімен техникалық құжаттаманың тізімі бойынша үстау;7) "ҚР темір жолында сигнал беру", ҚР темір жолында маневрлік жұмысы мен поезд қозғалысы туралы", "ҚР темір жолының техникалық пайдалану ережелері", ЦШ/425-08, ЦШ/233-04, "жұмыскерлерге өрт қауіпсіздігі туралы" нұсқаулықтарының талаптарын орындау; 8) электрмонтерлерінің жұмысыны бақылау және ұйымдастыру; 9) құрылыс ұжымдары немесе арнауы бригадалармен пайдалану телімінің аралығында жөндеу немесе құрылыс жұмыстары өңдіру барасында технология жұмыстары мен сапасын сақтауына бақылау жасау.
Біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары немесе орта кәсіптік білім немесе белгіленген бағдарлама бойынша мамандандырылған дайындық.Маманданы: Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс; Радиобайланыс және хабар тарату.
Тәжірибесі: Жоғары білімі - жұмыс тәжірибесін талапсыз; Орта кәсіптік білім және мамандандырылған дайындығы барларға - электрмонтері мамандығы 2 жыл жұмыс өтілі бар.
Қажетті білім дәрежесі
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж