Корпоративтік қауіпсіздік департаментінің маманы (аутстаффинг)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
845

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының корпоративтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қоғамға мүліктік, қаржылық, беделдік және өзге де залал келтіруі мүмкін ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерді анықтау, олардың алдын алу және барынша азайту;

  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау іс-шараларын, қызметтік тексерулер мен ішкі тергеп-тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;

  • Бизнес-процестерге мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық, экономикалық және өзге де тәуекелдерді анықтау, олардың алдын алу және барынша азайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • Мерзімі өткен дебиторлық берешекті қайтару, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және криминогендік тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;

  • Корпоративтік ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, контрагенттердің сенімділігін тексеру және Қоғамның сатып алу қызметіне мониторинг жүргізуге қатысу;

  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, еншілес және тәуелді ұйымдарымен, құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білімі (заңгерлік, экономикалық немесе өзге де бағыт бойынша);

  • Құқық қорғау және арнаулы органдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Жұмыс шарттары:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес аутстаффинг секторына жұмысқа қабылдау;

  • Сынақ мерзімі — 3 ай;

  • Бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері — сенбі және жексенбі.