Лауазымдық жауапкершілік:
Ақпаратты қорғау құралдарын әкімшілендіру
1. АҚБ функцияларын орталықтандырылған түрде, оның ішінде өндірістік алаңға қатысты орындау; өндірістік алаңда орында болуды талап ететін жұмыстарды АҚ, ТПБАЖ жөніндегі менеджерлер арқылы және олармен өзара іс-қимылда ұйымдастыру, оларға корпоративтік АҚҚ бойынша әдістемелік көмек көрсету;
2. Корпоративтік АҚҚ-ны, оның ішінде электрондық поштаны қорғау шлюздерін, артықшылықты қолжетімділікті басқару (PAM) және көпфакторлы аутентификация жүйелерін әкімшілендіру: саясаттар мен қағидаларды баптау, агенттерді, лицензияларды және жаңартуларды басқару; корпоративтік АҚҚ-да ақ және қара тізімдерді (бағдарламалық қамтамасыз ету, процестер, хештер, домендер, IP-мекенжайлар) жүргізу, олардың өзектілігін мерзімді түрде қайта қарау;
3. Жұмыс нұсқаулығында (жұмыс жоспарында) белгіленген кезеңділікпен АҚҚ-ның жұмысқа қабілеттілігін, сигнатуралар мен базалардың өзектілігін (тәулігіне кемінде бір рет жаңарту), жұмыс станциялары мен серверлердің агенттермен қамтылуын бақылау; АҚҚ лицензиялары мен жазылымдарының қолданылу мерзімдерін қадағалау және ұзарту қажеттігі туралы АҚБ бастығын алдын ала хабардар ету;
4. АҚҚ қағидалары мен саясаттарына өзгерістерді «өзгерістерді басқару» тәртібімен АжАТБ-ны алдын ала хабардар ете отырып және «екі адам» қағидаты бойынша растай отырып енгізу; инциденттер кезінде шұғыл өзгерістерді кейіннен тіркей отырып енгізу; жұмыс жоспарында белгіленген мерзімде NGFW, прокси, NAC, VPN және DLP қағидаларын қайта қарау, пайдаланылмайтын қағидалар мен әкімшілердің есептік жазбаларын жою;
5. Активтер тізілімінде АҚҚ тізбесін жүргізу, АҚҚ конфигурацияларының сақтық көшірмелерін сақтау және оларды әрбір өзгерістен кейін өзектендіру;
6. АҚҚ мен сабақтас жүйелердің конфигурацияларының, саясаттарының және журналдарының техникалық аудитіне (оны олардың әкімшісі болып табылмайтын жұмыскер немесе сыртқы ұйым жүргізеді) қатысу, анықталған ескертулерді жою; пайдаланылатын АҚҚ-ның тиімділігін бағалау, оларды оңтайландыру, жаңарту немесе ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
7. Антивирустық бақылауды, мобильді құрылғыларды, ақпарат тасымалдағыштарды, Интернетті және электрондық поштаны пайдалануды ұйымдастыру қағидаларының, Корпоративтік поштамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтың, Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану қағидаларының және ЭЦҚ пайдалану туралы ереженің орындалуын бақылау; пайдаланушылардың желілік коммуникацияларын АҚҚ (NGFW, веб-прокси, DLP, электрондық пошта шлюзі) көмегімен корпоративтік ресурстар мониторингі туралы жергілікті актіде (регламентте) белгіленген тәртіппен бақылау;
АҚ оқиғаларының мониторингі
1. Жұмыс нұсқаулығында (жұмыс жоспарында) белгіленген кезеңділікпен SIEM-дегі және АҚҚ консольдеріндегі АҚ оқиғаларын талдау, ККҚО хабарламаларын өңдеу; жұмыс жоспарында және АҚ жөніндегі ішкі құжаттарда белгіленген мерзімде аудит журналдарын талдау және мониторинг оқиғаларының тізбесін қайта қарау бойынша ұсыныстар дайындау; журналдарды сақтау мерзімдерін бақылау;
2. Оқиғалар көздерін SIEM-ге және ККҚО-ға қосуға АжАТБ-мен бірлесіп бастамашылық ету және оны бақылау, SIEM корреляция қағидаларын және IDS/IPS сигнатураларын әзірлеу, өзектендіру және баптау, жалған іске қосылулар санын азайту;
3. АҚ қатерлері туралы мәліметтерді (ҰККҮО, ККҚО, АҚҚ өндірушілерінің бюллетеньдері, бұзу индикаторлары) жинау және талдау, оларды SIEM және АҚҚ қағидаларында қолдану;
АҚ инциденттеріне жауап беру
1. АҚ инциденттерін тіркеу және жіктеу, АҚ инциденттерін тіркеу және штаттан тыс жағдайларды есепке алу журналын жүргізу; инцидент карточкаларын ресімдеу, хабарламалардың жобаларын және тергеу материалдарын дайындау;
2. Жұмыскерлердің қолжетімділігі шектеулі ақпаратты және дербес деректерді сыртқы ЖИ-сервистерге беру, деректердің жылыстауына немесе есептік жазбалардың бұзылуына күдік, ЖИ-ден алынған қате шешімдер мен дұрыс емес нәтижелер туралы хабарламаларын қабылдау және қарау; АҚ инцидентінің белгілері болған кезде оны белгіленген тәртіппен өңдеу;
3. ККҚО тіркеген инциденттер бойынша ККҚО-мен өзара іс-қимыл регламентінде белгіленген мерзімдерде шаралар қабылдау; АҚ инциденттері мәселелері бойынша аутсорсингтік АТ-ұйымдармен және мердігерлермен өзара іс-қимыл жасау;
4. Цифрлық дәлелдемелерді (ақпарат тасымалдағыштар, оқиғалар журналдары) тек корпоративтік ресурстардан, кемінде екі адамның қатысуымен және акт жасай отырып, олардың сақталу тәртібін тіркей отырып, құжатталған әдістермен сәйкестендіру, жинау, зерттеу және сақтау, инциденттерді тергеу кезінде оларды талдау; қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде – өз бетінше тергеу әрекеттерін жүргізбей, материалдарды Қауіпсіздік департаменті арқылы құқық қорғау органдарына беру;
5. Инциденттер бойынша есеп дайындау;
6. Үлгілік АҚ инциденттеріне ден қою сценарийлерін әзірлеу және өзектендіру;
Осалдықтарды басқару
1. Осалдықтарды бекітілген кесте бойынша, сондай-ақ жүйелерді пайдалануға енгізген кезде және елеулі өзгерістерден кейін сканерлеу, анықталған осалдықтарды активтердің сыни маңыздылығын ескере отырып CVSS шкаласы бойынша басымдыққа бөлу, Желілік ресурстардың осалдығын бағалауды жүргізу туралы есепті ресімдеу;
2. Анықталған осалдықтарды жою жөніндегі талаптарды АжАТБ-ға жолдау және қауіпсіздік жаңартуларының шыққан сәтінен бастап 30 күннен кешіктірмей орнатылуын бақылау; ККҚО ұсынымдарының 1 айға дейінгі мерзімде орындалуын бақылау, сыртқы тараптар хабарлаған осалдықтар журналын жүргізу;
3. Енуге тестілеуді дайындауға қатысу және оның нәтижелері бойынша анықталған осалдықтардың жойылуын бақылау; осалдықтар каталогын және АҚ тәуекелдерінің тізілімін жүргізу, АҚ қатерлері каталогын өзектендіруге қатысу;
Қолжетімділікті басқару
1. Қолжетімділік матрицаларын қайта қарауға қатысу, өкілеттіктер қақтығыстарын (үйлеспейтін құқықтарды) анықтау, артықшылықты, қашықтан қолжетімділікке және жергілікті әкімшінің уақытша құқықтарына өтінімдерді тексеру;
2. Пайдаланылмайтын есептік жазбалардың бұғатталуын, оның ішінде жұмыскерлер жұмыстан босатылған және басқа жұмысқа ауыстырылған кезде АжАТБ-ның қолжетімділікті уақтылы тоқтатуын, технологиялық есептік жазбалар тізбесінің жүргізілуін және қашықтан қолжетімділік үшін көпфакторлы аутентификацияның қолданылуын бақылау; артықшылықты құқықтары бар пайдаланушылар мен мердігерлердің әрекеттерін, оның ішінде олардың қашықтан қолжетімділік сеанстарының жазылуын техникалық құралдар (PAM) болған кезде, жұмыскерлер хабардар етілген жағдайда, ал мердігерлер үшін – шартта тиісті талап болған жағдайда бақылау;
Активтер, тәуекелдер және цифрлық жүйелерді әзірлеу
1. Ақпараттық активтерді жыл сайынғы түгендеуге және жіктеуге, активтер тізілімін жүргізуге және АҚ тәуекелдерін бағалауға қатысу;
2. Жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін енгізу кезінде және жылына кемінде бір рет, сондай-ақ Серіктестік ресми сатып алғандар қатарына кірмейтін ЖИ-құралдарын келісу кезінде олардың АҚ тәуекелдерін бағалау, қорытындылар дайындау; ЖИ-ді қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау;
3. АҚ тәуекелдерін өңдеудің тиімділігін бағалауға және АҚ қалдық тәуекелдері туралы есепті дайындауға қатысу; тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің сұрауы бойынша АҚ тәуекелдері және АҚ негізгі тәуекел индикаторларының мәндері туралы деректерді дайындау;
4. АҚ басқару жүйесін жетілдіру жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу; Серіктестіктің АҚ-ны дамыту стратегиясын (жол картасын) әзірлеуге қатысу;
5. Тәуекелдерді өңдеу жоспарының негізінде АҚ бақылау іс-шараларының жоспарын және АҚ шараларының қолданылуы туралы ереженің (SoA) жобасын әзірлеу, бақылау іс-шараларының орындалуын және тиімділігін тексеруге қатысу;
6. Цифрлық жүйелерге арналған техникалық тапсырмаларға АҚ талаптарын енгізу, әзірлеу, тестілеу және пайдалану орталарының бөлінуін бақылау; цифрлық жүйелерді пайдалануға енгізгенге дейін АҚ талаптарының орындалуын және сыни осалдықтардың болмауын тексеру, белгіленген жағдайларда бастапқы кодтың аудитін ұйымдастыру;
7. Операциялық жүйелердің, ДҚБЖ мен желілік жабдықтың үлгілік қауіпсіздік баптауларын (CIS Benchmarks ескерілген базалық конфигурациялар) келісу, олардың қолданылуын бақылау;
8. Бұлттық сервистерді пайдалану кезінде АҚ талаптарын, оның ішінде деректерді орналастыру (Қазақстан Республикасының аумағында сақтау) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып келісу;
9. Сыни жүйелерді сақтық көшірмелеудің белгіленген кезеңділігінің сақталуын, Сақтық көшірмелерді және оларды тестілеуді есепке алу журналының жүргізілуін және АМЦО сақтық көшірмелерінің бірыңғай ұлттық резервтік платформаға берілуін бақылау; АжАТБ-мен бірлесіп АҚ бөлігінде қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарларын (ҚҮҚЖ) және апатты қалпына келтіру жоспарларын әзірлеуге және тестілеуге қатысу;
10. Корпоративтік орталықтың серверлік үй-жайларының физикалық қорғалуын, Серверлік үй-жайға кіруді тіркеу журналының және Кабельдік қосылыстарды есепке алу журналының жүргізілуін бақылау;
11. ЕТҚ мен ақпарат тасымалдағыштарын есептен шығару, жөндеуге беру және пайдаланудан шығару кезінде акт ресімдей отырып, ақпараттың кепілді жойылуын бақылау;
12. АжАТБ-ның корпоративтік ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерді құру және дамыту жөніндегі жобаларын талдау, АжАТБ-мен бірлесіп ЕТҚ арқылы құпия ақпараттың ықтимал жылыстау арналарын анықтау; АТ және инженерлік жүйелерді енгізу жобалары бойынша АҚ тәуекелдерін бағалай отырып, сараптамалық қорытындылар дайындау;
13. АҚ жобаларына АҚ сәулетшісі рөлінде қатысу: инфрақұрылымды зерттеп-қарау, ақпаратты қорғау жөніндегі сәулеттік шешімдер мен техникалық ұсыныстардың нұсқаларын әзірлеу; АҚ құралдарын және АҚ саласындағы қызметтерді сатып алуға техникалық ерекшеліктерді дайындау, жұмыстар мен қызметтердің нәтижелерін қабылдауға қатысу;
Оқыту, құжаттар және есептілік
1. Жұмыскерлерді АҚ бойынша оқытуды, оқу фишингтік таратылымдарын (бекітілген жоспар бойынша, олардың нәтижелерін тәртіптік жазалар қолдану үшін пайдаланбай) және жұмыскерлердің білімін тестілеуді жүргізу;
2. АҚ жөніндегі екінші–төртінші деңгейдегі ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеу; инциденттер мен кибертәуекелдер туралы мәліметтерді және АҚ басқару жүйесінің тиімділік көрсеткіштері бойынша материалдарды тоқсан сайын дайындау;
Өзге де міндеттер
1. АҚ мәселелері бойынша қызметтік тергеулер мен тексерулерге қатысу;
2. АҚБ бастығы болмаған кезеңде бұйрық бойынша тағайындалған жағдайда оны алмастыру;
3. Тікелей басшыға АҚБ жұмысы үшін қажетті ақпаратты жедел ұсыну, Серіктестік жұмыскерлеріне АҚ мәселелері бойынша кеңес беру;
4. Белгіленген тәртіппен бекітілген қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін орындау;
5. Серіктестіктің осалдықтары, инциденттері, ақпаратты қорғау құралдары мен қорғау архитектурасы туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
6. Ақпаратты қорғау құралдарын қоспағанда, АТ-инфрақұрылымын, ТПБАЖ инфрақұрылымын және физикалық қорғау жүйелерін әкімшілендіру және оларға қызмет көрсету жұмыстарын орындамау;Білім:
1. Мына мамандықтар бойынша жоғары техникалық білім: ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау, ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, есептеуіш техника, байланыс және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, қолданбалы математика;Дағдылар:
1. «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2. АКТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (ҚР Үкіметінің № 832 қаулысы);
3. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары – орындалатын жұмысқа қатысты бөлігінде;
4. ҚР СТ ISO/IEC 27001, 27002, 27005 және ҚР СТ 31010 ұлттық стандарттары;
5. АҚҚ-ның жұмыс істеу қағидаттары: соңғы нүктелерді қорғау (антивирус, EDR/XDR, құрылғыларды бақылау, DLP, шифрлау құралдары), желілік қауіпсіздік (NGFW, веб-прокси, WAF, IDS/IPS, Anti-DDoS, NTA/NDR, электрондық поштаны қорғау шлюздері), қолжетімділікті бақылау (NAC, PAM, MFA, VPN), мониторинг және автоматтандыру (SIEM, осалдық сканерлері, SOAR/SGRC), хабардарлықты арттыру платформалары;
6. Веб-қосымшалар қауіпсіздігі, кибершабуылдардың әдістері мен техникалары;
7. Тәуекелге бағдарланған тәсіл, жобаларды және өзгерістерді басқару;
8. АҚ оқиғаларының мониторингі, инциденттерге ден қою, қорғалуды және осалдықтарды талдау, цифрлық криминалистика әдістері;
9. MITRE ATT&CK және MITRE ATT&CK for ICS кибершабуыл тактикалары мен техникалары туралы білім базалары;
10. Қауіпсіз конфигурация стандарттары (CIS Benchmarks), Zero Trust және желіні микросегменттеу тұжырымдамалары;
11. Трафикті SSL/TLS-инспекциялау және сертификаттарды басқару қағидаттары;
12. ДҚБЖ және SQL тілінің негіздері, бұлттық орталар мен пошта сервистері қауіпсіздігінің негіздері – болғаны жөн;Қосымша:
1. Әкімшілендірілетін АҚҚ (DLP, Endpoint Security/EDR, шифрлау құралдары, SIEM немесе баламалы) бойынша өндірушілердің курстарынан өткені туралы сертификаттар – артықшылық болады;
2. АҚ саласындағы кәсіби сертификаттар (Security+, SSCP, CEH, CISA немесе баламалы), дербес деректерді қорғау жөніндегі курстар – болғаны жөн;
3. АҚ бойынша сертификат берілетін мамандандырылған курстардан үш жылда кемінде бір рет өту;Білетін тілдер:
1. Қазақ және орыс тілдерін меңгеру; ағылшын тілі – Intermediate деңгейінен төмен емес.