ТПБАЖ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға менеджері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
78

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Өндірістік алаңның АҚ жөніндегі жалпы міндеттері 1. Құзыреті шегінде өндірістік алаңның – корпоративтік АТ-инфрақұрылымның, жұмыс орындарының және ТПБАЖ-дың – ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау, орталықтандырылған функцияларды жүзеге асыратын АҚБ аға менеджерімен өзара іс-қимылда алаңда болуды талап ететін АҚБ функцияларын орындау; 2. ТПБАЖ-дағы және алаңның корпоративтік АТ-инфрақұрылымындағы АҚ инциденттеріне ден қою: тіркеу, бастапқы талдау жүргізу, АҚБ бастығына дереу баяндау, оның ішінде алаң жұмыскерлерінің ЖИ-ді пайдалануға байланысты жағдайлар туралы хабарламалары бойынша; 3. Цифрлық дәлелдемелерді (тасымалдағыштар, АҚҚ, АТ-жүйелер және ТПБАЖ журналдары) тек корпоративтік ресурстардан, кемінде екі адамның қатысуымен және акт жасай отырып, технологиялық процеске әсер етпей, құжатталған әдістермен жинау, зерттеу және сақтау, инциденттерді тергеу кезінде оларды талдау; қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде – өз бетінше тергеу әрекеттерін жүргізбей, материалдарды Қауіпсіздік департаменті арқылы құқық қорғау органдарына беру; 4. АжАТБ-мен және БӨАжА бөлімімен бірлесіп алаңның ЕТҚ арқылы ақпараттың ықтимал жылыстау арналарын анықтау және олардың жабылуын бақылау; 5. Өндірістік алаңның, оның ішінде ТПБАЖ-дың ЕТҚ мен ақпарат тасымалдағыштарын есептен шығару, жөндеуге беру және пайдаланудан шығару кезінде акт ресімдей отырып, ақпараттың кепілді жойылуын бақылау; 6. Алаң бөлімшелерінің және жұмыскерлерінің, сондай-ақ алаңда жұмыс істейтін мердігерлердің АҚ талаптарын сақтауын тексеру, тексеру нәтижелерін ресімдеу; 7. Өндірістік алаң жұмыскерлеріне АҚ бойынша нұсқама және ТПБАЖ персоналын мақсатты оқыту жүргізу; 8. АҚБ оқыту бағдарламасы бойынша алаңда жұмыскерлердің АҚ саласындағы хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шараларды (электрондық поштамен және алынбалы тасымалдағыштармен қауіпсіз жұмыс, фишингті тану) өткізу; 9. Өндірістік алаңның, оның ішінде ТПБАЖ-дың АҚ тәуекелдерін бағалауға, ақпараттық активтерді түгендеуге, тексерулер мен аудиттерге қатысу; 10. АжАТБ-мен, БӨАжА бөлімімен және өндірістік бөлімшелермен бірлесіп АҚ бөлігінде өндірістік алаңның, оның ішінде ТПБАЖ-дың қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарларын (ҚҮҚЖ) және апатты қалпына келтіру жоспарларын әзірлеуге және тестілеуге қатысу; 11. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің сұрауы бойынша өндірістік алаңның, оның ішінде ТПБАЖ-дың АҚ тәуекелдері және АҚ негізгі тәуекел индикаторларының мәндері туралы деректерді дайындау; 12. Өндірістік алаң, оның ішінде ТПБАЖ бөлігінде АҚ басқару жүйесін жетілдіру жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу; 13. Серіктестіктің АҚ-ны дамыту стратегиясын (жол картасын) өндірістік алаң және ТПБАЖ бөлігінде әзірлеуге қатысу; Алаңның корпоративтік АТ-инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігі 1. Алаңда корпоративтік АҚҚ-ны орында болуды талап ететін бөлігінде әкімшілендіру: алаңның жұмыс орындары мен серверлерінде агенттерді орнату және олардың жұмысын тексеру, ақауларды жою, қамтылуын және жаңартылуын бақылау – АҚҚ-ны орталықтандырылған әкімшілендіруді жүзеге асыратын АҚБ аға менеджерімен өзара іс-қимылда; 2. Алаңның корпоративтік инфрақұрылымының АҚ оқиғаларын (АҚҚ, SIEM және ККҚО хабарламаларын) талдау, оларды орнында бастапқы тексеруден өткізу және нәтижелерін АҚБ аға менеджеріне хабарлау; 3. Алаңның корпоративтік жұмыс орындарында АҚ талаптарының сақталуын (АҚҚ жұмысы, тыйым салынған БҚ мен құрылғылардың болмауы) бақылау, АҚБ аға менеджерімен өзара іс-қимылда бұзушылықтарды анықтау; 4. Жұмыскерлердің, мердігерлердің және келушілердің алаңның АТ-ресурстарына қолжетімділігін, корпоративтік жұмыс орындарына алынбалы тасымалдағыштар мен жеке құрылғылардың қосылуын бақылау; 5. Алаңның серверлік және телекоммуникациялық үй-жайларының физикалық қорғалуын бақылау; ТПБАЖ АҚ-ын қамтамасыз ету ерекшеліктері 1. ТПБАЖ желісін сегменттеуді бақылау: корпоративтік желіден бөлінуін, басқару және деректерді жинау аймақтарының бөлінуін, өнеркәсіптік сигнатуралары бар NGFW-де немесе деректер диодында «әдепкі бойынша тыйым, ерекшелік бойынша рұқсат» саясатының қолданылуын, корпоративтік желімен өзара әрекеттесетін компоненттердің DMZ-да орналастырылуын, Интернетке тікелей қолжетімділіктің болмауын; 2. ТПБАЖ желілік құрылғыларында қорғау құралдарының болуын, негізгі құрылғылардың резервтелуін және сымсыз желілерді азайтуды бақылау; 3. Жүргізілуін БӨАжА бөлімі қамтамасыз ететін ТПБАЖ желісі құжаттамасының (IP- және MAC-мекенжайлары мен ОЖ нұсқалары көрсетілген құрылғылар тізбелері, схемалар, тораптар паспорттары) және пайдаланылатын хаттамалар мен порттар тізбесінің өзектілігін жұмыс нұсқаулығында (жұмыс жоспарында) белгіленген кезеңділікпен және әрбір өзгеріс кезінде тексеру; 4. ТПБАЖ қорғау құралдарына қойылатын техникалық талаптарды және ТПБАЖ АҚ жөніндегі ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеу; 5. Өндірістік алаңда ТПБАЖ АҚ талаптарының орындалуын жыл сайын бағалау және есептілік үшін мәліметтер дайындау; 6. ТПБАЖ желілік қауіпсіздігінің мониторингі және жұмыс станциялары мен серверлерін қорғау құралдарын қорғау құралының әкімшісі рөлінде әкімшілендіру, оның ішінде антивирустық ішкі жүйені; 7. ТПБАЖ АҚҚ баптауларын өзгертуді, оларды ажыратуды және жоюды тек Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарымен келісу бойынша жүзеге асыру; АҚ, ТПБАЖ жөніндегі жетекші менеджер енгізетін өзгерістерді «екі адам» қағидаты бойынша растау; өз өзгерістерін АҚ, ТПБАЖ жөніндегі жетекші менеджердің немесе АҚБ бастығының растауымен енгізу; 8. NGFW және ТПБАЖ мониторинг құралдарының лицензияларының, жазылымдарының және өнеркәсіптік сигнатураларының өзектілігін, ТПБАЖ АҚҚ-ның SIEM-мен және ККҚО-мен интеграциясын бақылау; 9. Жұмыс нұсқаулығында (жұмыс жоспарында) белгіленген кезеңділікпен ТПБАЖ АҚҚ баптауларын және жүйелер деректерін рұқсат етілмеген файлдар мен өзгерістердің болуына тексеру; 10. ТПБАЖ АҚҚ-ның тиімділігін бағалау, оларды оңтайландыру, жаңарту немесе ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау; 11. Антивирустық мониторды пайдаланбайтын ТПБАЖ объектілерінің тізбесін дайындау және өзектендіру, олар үшін өтемдік шаралардың қолданылуын бақылау; 12. Антивирустық БҚ-ны уақытша ажыратуға арналған қызметтік жазбаларды (себебі, мерзімі) қарау, оның уақтылы қосылуын бақылау; 13. Жүктеу аймақтарын, жадты және жүйелік файлдарды тексерудің және ТПБАЖ жұмыс станциялары мен серверлерін толық тексерудің жұмыс нұсқаулығында (жұмыс жоспарында) белгіленген кезеңділікпен жүргізілуін бақылау; 14. ТПБАЖ пайдаланушылары мен құрылғыларының бірегей сәйкестендірілуін, әдепкі құпиясөздердің ауыстырылуын, жауаптылар көрсетілген операторлардың топтық есептік жазбалары тізбесінің жүргізілуін, сеанстардың бұғатталуын бақылау; 15. ТПБАЖ оқиғаларының журналдалуын, уақыттың синхрондалуын, қоймалар сыйымдылығының жеткіліктілігін, журналдардың өзгертуден қорғалуын және олардың SIEM мен ККҚО-ға берілуін бақылау; 16. АҚ қатерлері туралы мәліметтерді (ҰККҮО, ККҚО, АҚҚ өндірушілерінің бюллетеньдері, бұзу индикаторлары) жинау және талдау, оларды SIEM және АҚҚ, оның ішінде ТПБАЖ АҚҚ қағидаларында қолдану; 17. Бағдарламалық қамтамасыз етудің және БЛК конфигурациялары жобаларының тұтастығын, технологиялық процеске әсер етпей ТПБАЖ-ды сақтық көшірмелеуді, қалпына келтіруді тексеруді және пайдаланудан шығарылатын компоненттерден деректерді жоюды бақылау; 18. Қауіпсіздік департаменті арқылы ТПБАЖ-ға жіберілетін персоналды, жеткізушілер мен баптаушы-инженерлерді контрагентпен жасалған шартта және дербес деректер туралы заңнамада көзделген көлемде және тәртіппен тексеруге бастамашылық ету, олардың өз бетінше жұмыс істегенге дейін мақсатты оқытудан өтуін бақылау; 19. Жеткізушілер мен интеграторлардың ТПБАЖ-ға қашықтан қолжетімділігін, алынбалы тасымалдағыштарды қосуды және БҚ-ны рұқсат етілгендер тізбесіне қосуды келісу; мобильді құрылғыларға және келісілмеген USB-құрылғыларға тыйым салудың сақталуын бақылау; 20. АжАТБ және БӨАжА бөлімі жобаларын ТПБАЖ бөлігінде талдауға қатысу; 21. Жаңа өнеркәсіптік жабдықты және ТПБАЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу кезінде АҚ талаптарын келісуге қатысу, жеткізуге арналған техникалық ерекшеліктерге ТПБАЖ АҚ талаптарын енгізу; 22. ТПБАЖ мен инженерлік жүйелерді енгізу және жаңғырту жобалары бойынша АҚ тәуекелдерін бағалай отырып, сараптамалық қорытындылар дайындау, оның ішінде ТПБАЖ-ға жасанды интеллект жүйелерін енгізу кезінде олардың тәуекел дәрежесін айқындауға қатысу; 23. Енгізу кезінде АҚҚ-ны тексеру (EICAR тест файлы, авторизацияланбаған кіру әрекеті, IDS/IPS тест қағидасы, аудит жұмысын растау), жеткізушілерден тестілеу әдістемесін талап ету; 24. Жабдықтың жоспарлы тоқтаулары кезеңдерінде техникалық персоналмен тестілегеннен және келіскеннен кейін ТПБАЖ жаңартуларының орнатылуын, оларды орнатқанға дейін өтемдік шаралардың қолданылуын бақылау; Вахта және өзге де міндеттер 1. Вахта ауысқан кезде вахтаны қабылдайтын жұмыскерге алаңның, оның ішінде ТПБАЖ-дың АҚҚ жай-күйі, ашық инциденттер, келісілген ажыратулар және аяқталмаған жұмыстар туралы мәліметтерді істерді тапсыру шеңберінде беру; 2. Бұйрықпен тағайындалған кезде АҚ, ТПБАЖ жөніндегі жетекші менеджерді алмастыру; 3. Тікелей басшыға АҚБ жұмысы үшін қажетті ақпаратты жедел ұсыну, Серіктестік жұмыскерлеріне АҚ мәселелері бойынша кеңес беру; 4. Белгіленген тәртіппен бекітілген қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін орындау; 5. Серіктестіктің осалдықтары, инциденттері, ақпаратты қорғау құралдары мен қорғау архитектурасы туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету; 6. Ақпаратты қорғау құралдарын қоспағанда, АТ-инфрақұрылымын, ТПБАЖ инфрақұрылымын және физикалық қорғау жүйелерін әкімшілендіру және оларға қызмет көрсету жұмыстарын орындамау;

Білім:

1. Ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау, ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, есептеуіш техника, электроника, аспап жасау, байланыс және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, қолданбалы математика мамандықтары бойынша жоғары техникалық білім;

Дағдылар:

1. «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2. АКТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (ҚР Үкіметінің № 832 қаулысы); 3. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары – орындалатын жұмысқа қатысты бөлігінде; 4. ҚР СТ ISO/IEC 27001, 27002, 27005 және ҚР СТ 31010 ұлттық стандарттары; 5. IEC 62443 сериялы стандарттар; 6. ТПБАЖ архитектурасы (SCADA, үлестірілген басқару жүйелері (DCS), БЛК, операторлардың АЖО, инженерлік станциялар), Purdue эталондық моделі (ISA-95), өнеркәсіптік желілерді сегменттеу қағидаттары, ТПБАЖ желілерін пассивті мониторингтеу және ТПБАЖ активтерін түгендеу әдістері; 7. ТПБАЖ АҚҚ-ның (желілік қауіпсіздік мониторингі, жұмыс станциялары мен серверлерді қорғау құралдары, өнеркәсіптік сигнатуралары бар NGFW, деректер диодтары, IDS/IPS, қосымшалардың ақ тізімдері) жұмыс істеу қағидаттары, ТПБАЖ-ға жасалатын кибершабуылдардың әдістері мен техникалары; 8. Тәуекелге бағдарланған тәсіл, өзгерістерді басқару, цифрлық криминалистика негіздері; 9. MITRE ATT&CK және MITRE ATT&CK for ICS кибершабуыл тактикалары мен техникалары туралы білім базалары; 10. Трафикті SSL/TLS-инспекциялау және сертификаттарды басқару қағидаттары;

Қосымша:

1. Әкімшілендірілетін ТПБАЖ АҚҚ немесе корпоративтік АҚҚ (жұмыс станциялары мен серверлерді қорғау, желілік қауіпсіздік мониторингі, SIEM немесе баламалы) бойынша курстардан өткені туралы сертификаттар – артықшылық болады; 2. ТПБАЖ киберқауіпсіздігі саласындағы қосымша білім (курстар, семинарлар, оның ішінде SANS ICS410, ТПБАЖ АҚҚ өндірушілерінің оқытуы); ISA/IEC 62443, GICSP, SSCP немесе баламалы сертификаттар – болғаны жөн; 3. АҚ бойынша сертификат берілетін мамандандырылған курстардан үш жылда кемінде бір рет өту; 4. Өндірістік объектіде вахталық әдіспен жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдердің болмауы.

Білетін тілдер:

1. Қазақ және орыс тілдерін меңгеру; ағылшын тілі – Intermediate деңгейінен төмен емес;