Химиялық талдау зертханашысы 4-разряд, мұнай және мұнай өнімдерін іріктеу учаскесі

337 453 - 420 000 KZT
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
317

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Мұнай өнімдерін, кокс, техникалық гранулданған күкіртті іріктеуді жүзеге асыру. Нормативтік құжаттамаларға сәйкес мұнай мен мұнай өнімдеріне сынақтар жүргізу, сынақ нәтижелерін уақтылы енгізу.

    **биіктікте жұмыс істеу көзделген.

Талаптар:

  • Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: 

    - Химия және мұнайдың, мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері саласындағы жалпы білім.

    - Мұнайдың, мұнай өнімдерінің және басқа зерттелетін үлгілердің сынамаларын іріктеу ережелері мен әдістерін білу.

    - Сынамаларды іріктеу және сынақ жүргізу тәртігін реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын білу.

    - Іріктелген сынамаларды таңбалау, тіркеу, сақтау және тасымалдау ережелерін білу.

    - Сынамаларды іріктеу кезінде қолданылатын жабдықтың, құралдардың және өлшеу құралдарының құрылғысы мен пайдалану ережелерін білу.

    - Өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ еңбекті қорғау ережелерін білу.

    - Белгіленген құзырет шегінде химиялық және физика-химиялық сынақтарды орындау дағдылары.

    - Арифметикалық есептеулерді орындау, мәндерді өлшем бірліктерінің бірінен екіншісіне аудару және өлшеу шкалаларының бөлу құнын анықтау қабілеті.

    - Зертханалық құжаттаманы жүргізу, сынама іріктеу және сынақ нәтижелерін ресімдеу дағдылары.

    - Зертханалық жұмыстардың нәтижелерін есепке алу, тіркеу және өңдеу үшін қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру.

  • Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

    Дағдылар және зертханалық (аналитикалық) жабдықпен жұмыс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж