Техник-энергетик

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
29

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін техник-энергетикке келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі: • Қазандықтарды, компрессорлық қондырғыларды, желдеткіш ағынды камераларды пайдалану. • Су жылытатын және май қыздыратын қазандықтардың негізгі жабдықтарының тораптары мен механизмдерін бөлшектеуді, құрастыруды, ұсақ жөндеуді орындау; • Компрессорлық қондырғылардың жұмысын бақылау, қажет болған жағдайда май құю, конденсатты дренаждау. • Желдеткіш ағынды камераларды пайдалану және ұсақ жөндеу. • Қажетті құжаттамалар мен журналдарды жүргізумен байланысты, қазандық, компрессорлық, желдеткіш ағынды камералардың жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ауысымдарды қабылдау және тапсыру жөніндегі талаптарды орындау; • Өрт қауіпсіздігі және су жылыту қазандықтарының жұмысына арналған қоректендіруші отын құбырлары мен құю ыдыстарын пайдалану жөніндегі талаптарды орындау; • Қазандық жабдықтарын гидравликалық және пневматикалық сынауға қатысу; • Тиісті қағидалар мен технологиялық процестерді басшылыққа ала отырып, су жылыту қазандықтарын, жылыту жүйесін, қазандықтардың қоректендіру жүйесін іске қосу-реттеуді, тоқтатуды орындау; • Жылумен жабдықтау жабдықтарын, компрессорларды, желдеткіш сору камераларын тексеру, ауытқулардың себептерін анықтау және оларды қысқа мерзімде жою үшін шаралар қабылдау; • Жылыту маусымының басында қазандықтардың, компрессорлық қондырғылардың, желдеткіш ағынды камералардың және жоғарыда аталған қондырғылардың қосалқы жабдықтарының жинақтылығы мен толық жабдықталуын, бақылау-өлшеу аспаптарының, техникалық құжаттаманың болуын бақылауды жүзеге асыру; • Қазандар мен бойлерлерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қоректік су сапасының нормаларын сақтау; • Су жылыту қазандықтарын консервациялау, қайта іске қосу және алдын алу бойынша жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелерін сақтау; • Сервистік қызметтің компрессорлық қондырғыларға мерзімді техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімдерін сақтауы; • Жедел журналды, жабдықтың пайдалану паспорттарын ауысым сайын жүргізу; • Негізгі немесе қосалқы жабдықтың жұмысында кемшіліктер немесе бұзушылықтар болған жағдайда жедел журналға тиісті жазба енгізу және анықталған кемшіліктер туралы тікелей басшыға хабарлау; • Жұмыстарды қауіпсіз орындау нормаларын, әдістері мен тәсілдерін сақтау; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс);

Білім:

Орта техникалық білім – міндетті

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Жабдықтар мен сызбаларға арналған құжаттарды, оның ішінде технологиялық схемаларды, диаграммаларды және жұмыс сызбаларын оқи және талдай білу; • Жылу техникасы, электротехника, механика жөніндегі негізгі мәліметтер; • Су жылыту қазандықтарының, сондай-ақ әртүрлі қосалқы, бақылау және сақтандыру механизмдерінің құрылысы және қызмет көрсету ережесі; • Әр түрлі қасиеттері және отын сапасының әсері отынның жану процесі мен жылу өнімділігі, қазан агрегаттары; • Судың сапасына және оны тазарту тәсілдеріне техникалық шарттар; • Қазандық қондырғысының жұмысында ақаулардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары; • Күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; • Барлық мақсаттағы құбырларды қосу және ажырату қағидалары; • Пайдалану параметрлеріне байланысты фланецтерге, құбырларға, арматураға, төсемдерге, бекіту материалына қойылатын талаптар; • Құбыржолдарға гидравликалық және пневматикалық сынақ жүргізуге арналған техникалық шарттар; • Қазандық суды дайындау негіздерін білу, механика және сопромат саласындағы білім.

Қосымша:

Қосымша біліктілік талаптары: • Жылу энергетикасы саласындағы негізгі ұғымдарды білу; • Кәсіби сертификаттың болуы (құпталатын жағдай); • Аналитикалық ойлау қабілеті; әдістемелік тәсілді қолдану және деректерді жинақтап қорыту дағдысы; • Дәлдік, ынталылық және тапсырылған міндеттерге деген жауапкершілік сезімі. B санатындағы жүргізуші куәлігі.

Білетін тілдер:

Орыс / қазақ ауызекі/жазбаша