ТЧЭ-31 Жамбыл пайдалану локомотив депосының жоспарлы-экономикалық бөлімінің жетекші инженер-экономисі.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша жоспарды депо бөлімдеріне жеткізеді.
- «Бөгде ұйымдар» және «Еншілес ұйымдар» шығын элементтері бойынша жоспарларды тиісті депо бөлімдеріне жеткізеді.
- «Бөгде ұйымдар» және «Еншілес ұйымдар» шығын элементтері бойынша шығыстарды келіседі және жоспарлайды.
- Филиалдың басқа заңды және өзге де тұлғаларға көрсететін қызметтері бойынша кіріс шарттарының жобаларын әзірлейді, оларды филиалдың тиісті бөлімдерімен келіседі және көрсетілетін қызметтер үшін Тапсырыс берушілерден алдын ала төлемнің түсуін қамтамасыз етеді.
- Филиалдың жоспарлық деректері мен көлемдік және сапалық көрсеткіштер бойынша ЦО-2 есептілігінің нақты деректерін бекітілген нысандарға енгізеді және жоспардың орындалуы туралы есептерді тиісті бөлімдерге жолдайды.
- «Бөгде ұйымдар» және «Еншілес ұйымдар» шығын элементтері бойынша есептілікті ұсынады және тізілім жасайды. Шот-фактуралар мен орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер актілері бойынша шығыстар баптарын айқындайды. Тізілімге енгізу үшін құжаттарды сканерлейді.
- Қызметтік іссапарларға және филиал қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға байланысты шығыстар бойынша деректерді, сондай-ақ филиалдың байланыс қызметтеріне қатысты мәліметтерді жинау, өңдеу және жинақтау жұмыстарын жүргізеді. Тиісті есептер мен тізілімдерді дайындайды, тізілімге енгізу үшін құжаттарды сканерлейді. Депо қызметкерлерінің іссапар шығыстары және филиалдың отын-энергетикалық шығыстары бойынша есептер жасайды.
- Сапалық көрсеткіштердің орындалуы және техникалық жылдамдық бойынша жедел ақпарат дайындайды.
- Локомотив бригадаларына пойыздарды тартуға жұмсалатын отын мен электр энергиясын үнемдегені үшін сыйақы төлеу туралы бұйрық жобасын дайындайды және оған тиісті қызметтердің қол қоюын қамтамасыз етеді.
- Филиалдың жолаушылар пойыздарының кідіруіне байланысты өндірістік емес шығыстар бойынша есептілік жасайды.
- Филиалдың әлеуметтік жеңілдіктер жоспарын жеткізеді және бөлінген қаражатты қарау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.
- «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС және басқа да ұйымдар бойынша локомотив-сағаттардың, локомотив-тәуліктердің және бригада-сағаттардың есебін жүргізеді. Орындалған жұмыстар актілерін жасайды, тізілімге енгізу үшін құжаттарды сканерлейді және қажетті материалдарды жинақтайды.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.
Мамандығы: Есеп және аудит, Экономика, Менеджмент, Қаржы.
Жұмыс өтілі: кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр