"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС мұнай және газ өндіру технологиясы басқармасының аға инженері

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
55

Қаралған саны:
444

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) қызмет бейіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Не менее 2 лет, из них не менее 1 года желательно по профилю в национальных и/или международных компаниях и/или областях, соответствующих функциональным направлениям должности
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі Не требуется
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Басқарма бастығының тікелей тапсырмаларын орындайды;
Басқарма әзірлейтін жобалар шеңберінде мұнай мен газ өндіру технологиясы бөлігінде мұнай және газ өндіру процестерін инженерлік-технологиялық және цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
Басқарма жобалары шеңберінде мұнай мен газ өндіру технологиясы бөлігінде мамандандырылған бағдарламалық шешімдердің алгоритмдерін, цифрлық модельдерін және функционалдық прототиптерін әзірлейді;
Цифрлық шешімдерге қойылатын бизнес-талаптар мен функционалдық талаптарды қалыптастырады және құжаттайды, өндірістік процестердің AS-IS / TO-BE күйлерін сипаттайды және талдайды;
Алгоритмдерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын өндірістік деректерді жүйелеуді, талдауды, өңдеуді, верификациялауды және визуализациялауды жүзеге асырады;
Ұңғымалар мен механикаландырылған қор жұмысына талдау жүргізеді, істен шығуға дейінгі жұмыс мерзімін арттыру және жөндеулер санын азайту бойынша технологиялық ұсынымдар дайындайды;
Енгізілген алгоритмдер жұмысының сапасын талдайды, шектеулерді анықтайды және функционалдылықты жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады;
Мұнай мен газ өндіру технологиясы бөлігінде техникалық-экономикалық кеңестің қарауына жіберілетін материалдар мен есептерді әзірлейді;
Мұнай мен газ өндіру технологиясы бөлігінде цифрлық жобаларға байланысты стандарттарды, регламенттерді, әдістемелерді және өзге де техникалық құжаттарды әзірлейді;
Мұнай және газ өндіру технологиясы басқармасы жетекшілік ететін жобалар бойынша Серіктестіктің бөлімшелерімен және Серіктестік филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды, орындалатын жұмыстарды үйлестіреді және олар туралы ақпаратты сұрау бойынша алады;
Мұнай және газ өндіру технологиясы басқармасына жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асырады және орындайды;
Мұнай мен газ өндіру техникасы мен технологиясы, цифрлық шешімдер саласындағы кәсіби деңгейі мен жеке біліктілігін арттырады;
Тікелей басшының және Серіктестік басшылығының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес өзге де функцияларды атқарады;
Еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен өзіне жүктелген міндеттерді орындайды;
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды;
Бөлімшенің қызметіне және қызметкердің жұмыс мазмұнына қатысты тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындайды;
Серіктестікте жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын және парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарын таратады. Қызметкерлерді парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесінің нәтижелілігін қамтамасыз етуге және нығайтуға тартуды ынталандырады.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Қазақ тілін білу;
Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнамасын; мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану техникасы мен технологиясын, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеуді; ұңғымалар мен механикаландырылған қорды пайдалану қағидаттарын; PIPESIM мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуін және ұңғымалар жұмысын талдау мен модельдеуге қолданылатын өзге де бағдарламалық өнімдерді; цифрлық модельдер мен есептеу алгоритмдерін әзірлеу және қолдану қағидаттарын; өндірістік деректерді басқару, өңдеу, жүйелеу және талдау негіздерін; ақпараттық жүйелерді интеграциялау және деректер алмасу қағидаттарын; өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын; MS Office стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін (Word, Excel, Outlook, PowerPoint, Project), ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесін); қазақ және орыс тілдерін, ағылшын тілін білу – артықшылық береді;
Vibe Coding тәсілдерін қолдана отырып, цифрлық шешімдер мен есептеу алгоритмдерін әзірлеу дағдылары, оның ішінде бағдарламалық кодты құру, жетілдіру, сынау және оңтайландыру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану; өндірістік деректерді өңдеу, жүйелеу, талдау және визуализациялау; цифрлық шешімдерге қойылатын бизнес-талаптар мен функционалдық талаптарды қалыптастыру және құжаттау; өндірістік процестердің AS-IS / TO-BE күйлерін сипаттау және талдау; алгоритмдерді, цифрлық модельдерді және функционалдық прототиптерді әзірлеу және сынау; ұңғымалар жұмысы мен өндірістік көрсеткіштерді талдау; талдамалық материалдарды, есептерді, презентацияларды, қорытындылар мен ұсынымдарды дайындау; өндірістік бөлімшелермен, әзірлеушілермен және IT-бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау; жобаларды жоспарлау, сүйемелдеу және үйлестіру; топта жұмыс істеу және жедел шешім қабылдау;
Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды, сондай-ақ Серіктестіктің өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі құжаттарын білу.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
Серіктестіктің Жарғысы;
Іскерлік этика кодексі;
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің Еңбек тәртібі қағидалары;
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-дегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Регламент;
Серіктестіктің Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты;
Серіктестіктің алкогольге, есірткі заттарға, психотроптық заттарға және олардың аналогтарына қатысты саясаты;
Серіктестіктің жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясаты;
Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттар, оның ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжаттар;
Құрылымдық бөлімшенің қызметіне және осы лауазымға қатысы бар Қазақстан Республикасының заңнамасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік стандарттары мен саясаттары, «ҚМГ Инжиниринг» ІНҚ (ішкі нормативтік құжаттар).
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр