«Көліктік сервис орталығы» АҚ қауіпсіздік секторының бас ревизоры
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы Көкшетау қ.Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі топтың жұмысын жоспарлау және үйлестіру, нормативтік-техникалық құжаттаманың және технологиялық процестердің сақталуын бақылау;
- «Қауіпсіздік күндерін» қоса алғанда, техникалық тексерулерді, жоспарлы, кенеттен және комиссиялық тексерулерді, сондай-ақ жылжымалы құрамды өлшеу мен жолдарды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
- Бұзушылықтар туралы жедел хабарлау, қорытындылар дайындай отырып, оларды тексеруге қатысу, сондай-ақ жолдар ақаулы болған кезде поездардың жылдамдығын шектеу немесе қозғалысын жабу жөнінде шаралар қабылдау;
- Материалдарды жинаудың, бұзушылықтарды есепке алу мен жіктеудің дұрыстығын бақылау, жедел талдаулар мен селекторлық кеңестер үшін құжаттар мен хаттамаларды дайындау;
- Мерзімдік талдамалық есептілікті қалыптастыру (айлық және жылдық), профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және қадағалау органдарын қарау және тексеру қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою мониторингі.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (Локомотивтер, Вагондар, Локомотив-вагон жасау, Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Автоматтандыру және басқару (Темір жол көлігіндегі және метрополитендегі автоматика, телемеханика және байланыс); Электр энергетикасы (Темір жол монтері электрмен жабдықтау);
- Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігі ұйымдарында басшылық лауазымдарда тиісті шаруашылық бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар