"Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы- "Ақтөбе магисталдық желі бөлімшесі" филиалы Қандыағаш станциясындағы Мобильді қорлар цехының қоймашысы

от 222 407
Кандыагашская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
90

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және жұмыс режимін сақтау;
  2. осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындау;
  3. жұмыс жоспарларын орындау;
  4. қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократиялық көріністерге жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша қажетті шараларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қабылдау;
  5. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның беделі мен имиджін нығайтуға жәрдемдесу;
  6. жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларға негізделген іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
  7. ұқыптылық таныту, өзіне және қызметкерлерге талап қоя білу;
  8. басқа қызметкерлерге құрметпен қарау және этикалық нормаларды сақтау;
  9. өзін әдепті әрі лайықты ұстау, іскерлік қарым-қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;
  10. кәсіби қасиеттерін жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастамашылдық пен шығармашылық көзқарас таныту, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне олардың еңбек міндеттерін орындау барысында қолдау көрсету;
  11. әріптестер мен басшылардың сын-пікірлері мен ескертулерін оң қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерді уақтылы мойындай білу;
  12. еңбек міндеттерін орындау кезеңінде жинақы әрі ұқыпты болу, іскерлік киім үлгісін сақтау;
  13. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарын, мемлекеттік органдардың актілерін, Жалғыз акционердің актілерін және «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметіне қатысты өзге де құжаттардың талаптарын сақтау;
  14. кәсіби функцияларын адал әрі парасатты түрде, тиісті жауапкершілікпен және мұқияттылықпен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Жалғыз акционердің мүдделерін ескере отырып орындау, мүдделер қақтығысына жол бермеу;
  15. жұмысқа деген көзқарасы және жеке мінез-құлқы арқылы еңбек ұжымында тұрақты әрі жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету;
  16. құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде орын алған немесе өзіне белгілі болған барлық бұзушылықтар туралы жол дистанциясының басшылығына уақтылы хабарлау, сондай-ақ құпия ақпараттың жария етілуіне әкеп соғуы мүмкін басқа тұлғалардың әрекеттеріне жол бермеу;
  17. жеке мүдделілігі бар мәселелерді талқылауға және олар бойынша дауыс беруге қатыспау;
  18. еңбек міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделерін немесе жеке пайдасын емес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мүдделерін басшылыққа алу;
  19. құпиялылық талаптары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жергілікті актілерін бұзбай, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;
  20. өз пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне де ұқыпты қарау;
  21. Еңбек шартының, Корпоративтік басқару кодексінің және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өзге де жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;
  22. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
  23. құпия іс қағаздарын жүргізу кезінде, сондай-ақ құпия емес қызметтік хат алмасу барысында «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпия мәліметтердің жария етілуі мен сыртқа таралуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
  24. жүктерді қоймалардан ілеспе құжаттарға сәйкес қабылдау. Бастапқы құжаттар (шот-фактуралар) келіп түскен сайын олардың дұрыс ресімделуін тексеру;
  25. қаптаманың (ыдыстың) бүтіндігін тексеру. Жүктерді тасымалдауға арналған тиісті көлік құралдарында қажетті жабдықтардың болуын және олардың санитариялық жай-күйін бақылау. Қоймадағы материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
  26. материалдық құндылықтарды ұзақ мерзімге сақтау жөніндегі 1997 жылғы 27 тамыздағы № ЦР-64 нұсқаулықтың талаптарын сақтау, мүліктің әрбір түрін сақтауға қабылдаудың техникалық талаптарын білу. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебін № 3 нысандағы карточкалар бойынша жүргізу;
  27. мүлікке техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оның сапасына ішінара және жаппай бақылау жүргізу. Қойма үй-жайларын таза ұстау;
өрт қауіпсіздігін бақылау, өртке қарсы құрал-жабдықтардың жарамдылығы мен бүтіндігін қадағалау. Өрт шығу қаупі туындаған жағдайда жол дистанциясының басшылығына дереу хабарлау

Біліктілік талаптары:

  • БІЛІМІ: орта  және арнайы дайындық курысынан кейін. 
  • ЕҢБЕК ӨТІЛІ:  еңбек өтілі талап етілмейді

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім