Пайдалану дирекциясының энергоблок ауысымының бастығы

«Түркістан БГҚ» ЖШС Қарамұрт а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
136

   Конкурс туралы

Міндеттері:
1. Ауысымды қабылдау және жұмысты ұйымдастыру
1) ауысымды ауысым алдындағы схемамен, жабдық құрамымен, жұмыс режимімен, ақаулармен, нарядтармен, өкімдермен және алдыңғы ауысым оқиғаларымен танысқаннан кейін қабылдау;
2) персоналдың бар-жоғын және дайындығын тексеру, жұмыс орындарын, айналып шығу маршруттарын және бақылау тапсырмаларын бөлу;
3) жедел жағдайдағы түсініксіздіктерді, құжаттамадағы сәйкессіздіктерді немесе жабдықтың жай-күйіндегі ақауларды анықтаған кезде станция ауысымының бастығына дереу баяндау және ауысымды қабылдау мен тапсырудың белгіленген тәртібіне сәйкес әрекет ету;
2. Режимді жүргізу
1) берілген өкілеттік шегінде, бекітілген бағдарламаларға, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға және станция ауысымының бастығының өкімдеріне сәйкес учаске жабдығын іске қосу, тоқтату, ауыстырып қосу және жүктемені өзгерту бойынша жедел басшылықты жүзеге асыру;
2) ГТҚ (газтурбиналық қондырғылар), кәдеге жарататын қазандықтар (утилизатор-қазандықтар), ПТҚ, құрғақ градирнялар және қосалқы жүйелердің параметрлерін, механизмдерді резервтеу мен сынақтан өткізуді бақылау;
3) үлестірілген басқару жүйесінің (DCS) операторлары мен жабдықты айналып шығуды орындайтын жедел персоналдың әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету, тәуелсіз көрсеткіштер бойынша кезеңдердің аяқталғанын растау;
4) технологиялық қорғаныстардың, блокировкалардың және белгіленген пайдалану шектеулерінің өз бетінше ажыратылуына, айналып өтуіне немесе әрекетінің өзгеруіне жол бермеу. Аталған жүйелермен барлық әрекеттерді тек нормативтік талаптарда және бекітілген пайдалану құжаттамасында көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жүзеге асыру;
3. Бұзушылықтар және авариялық әрекеттер
1) дабылдауды, қорғаныстардың іске қосылуын және қауіпті ауытқуларды дереу бағалау, станция ауысымының бастығына баяндау және нұсқаулықтарға сәйкес әрекет ету;
2) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, жабдықтың қауіпсіздігіне немесе қоршаған ортаға тікелей қауіп туындаған кезде аварияға қарсы нұсқаулықтарда көзделген шұғыл шараларды қабылдау: жабдықты тоқтату немесе қауіпті жағдайды оқшаулау — берілген өкілеттік шегінде, станция ауысымының бастығын дереу хабардар ете отырып»;
3) жабдықты орнында тексеруді ұйымдастыру, қауіпті аймақты қоршау, қажетті қызметтерді шақыру және оқиғалар архивтерін сақтау;
4) нақты жедел келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету және бір мезгілде қарама-қайшы командалардың берілуін болдырмау;
4. Рұқсат беру, құжаттама және ауысымды тапсыру
1) берілген өкілеттік шегінде жабдықтың жөндеуге шығаруға және жұмысқа енгізуге дайындығын тексеру және растау, рұқсаттарды ресімдеудің белгіленген тәртібін, жұмыс орындарын дайындауды және жедел басқаруды сақтай отырып;
2) нарядтардың, схемаларға уақытша енгізілетін өзгерістердің жай-күйін және төлқұжаттар/таңбалау белгілерінің (бирка), блокировкалардың және жерлендірулердің бар-жоғын бақылау;
3) жедел журналды, ақаулар ведомостарын, іске қосуларды, тоқтатуларды және ресурстар шығынын жүргізу, ауысымды тапсыру кезінде ақпараттың толық әрі шынайы түрде берілуін қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Білім деңгейі - Жоғары, техникалық және кәсіптік немесе тиісті техникалық бейін бойынша ортадан кейінгі білім
  • Білім бейіні - Жылуэнергетика, энергетикалық жабдықты пайдалану, энергетикалық машинажасау немесе өзге де тиісті техникалық бағыт
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі - Жоғары білім болған жағдайда - энергетикалық жабдықты пайдалану саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, техникалық және кәсіптік немесе ортадан кейінгі білім болған жағдайда - энергетикалық жабдықты пайдалану саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі - энергетика саласында аға жедел персонал лауазымдарында немесе басшылық жедел лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, бұл мамандық бойынша жалпы жұмыс өтіліне кіреді      
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, лауазым көлемінде қолданылатын еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары;
2) электр станциялары мен желілердің техникалық пайдалану жөніндегі қолданыстағы ережелері, жылутехникалық жабдықты қауіпсіз пайдалану ережелері және жұмыс берушінің жергілікті нормативтік құжаттары;
3) бу-газ электр станциясының жылулық схемасы, газ турбиналарының, кәдеге жарататын қазандықтардың, бу турбиналарының, құрғақ градирнялардың және жалпы блоктық қосалқы жүйелердің өзара әсері;
4) бекітілген жабдықтың құрылғысы, тағайындалуы, жұмыс диапазондары, қорғаныстары, блокировкалары, дабылдауы және қауіпсіз жай-күй критерийлері;
5) жедел схемалар, технологиялық регламенттер, өндірушілердің нұсқаулықтары, режимдік карталар, ауыстырып қосу бағдарламалары және жедел құжаттаманы жүргізу тәртібі;
6) ауысымды қабылдау мен тапсыру тәртібі, жедел келіссөздер, өкімдерді орындау, оқиғаларды, ақауларды, қорғаныстардың іске қосылуын және режим ауытқуларын тіркеу;
7) жабдықты жөндеуге шығаруға және жұмысқа енгізуге арналған тәртіп, наряд-рұқсат (нарядно-допуск) жүйесі, энергия көздерін блокировкалау, тығындарды (заглушка) орнату, өз өкілеттік шегінде жерлендірулер мен қоршауларды орнату;
8) авариялық режимдердің белгілері, өрт кезінде, газдың ағуы кезінде, құбырөткізгіштің жарылуы кезінде, электрмен жабдықтаудың жоғалуы кезінде, КИПиА істен шығуы және өзге де қауіпті оқиғалар кезіндегі әрекет тәртібі;
9) жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі, байланыс құралдары, алғашқы өрт сөндіру және алғашқы көмек көрсету;
10) орталық басқару қалқаны мен сол жерде орналасқан персонал арасында жедел функцияларды бөлу тәртібі;

Шарттар:

  • 5/2, жұмыс кестесі 09:00-18:30, түскі ас 13:00-14:30
  • Әлеуметтік пакет
  • Медициналық сақтандыру