Зертхана бастығы (орталық зертхана)

«Түркістан БГҚ» ЖШС Қарамұрт а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
112

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  1. Орталық зертхананың қызметіне басшылық ету, бағынысты персоналдың жұмысын ұйымдастыру және бақылау.

  2. Су сапасын, шикізатты, материалдарды және қолданылатын химиялық реагенттерді бақылау мақсатында зертханалық зерттеулер мен сынақтардың жүргізілуін қамтамасыз ету.

  3. Суды дайындау технологиялық процесінің барлық кезеңдерінде судың сапасына зертханалық бақылауды ұйымдастыру.

  4. Зертханалық бақылау нәтижелерінің белгіленген өндірістік стандарттарға, техникалық шарттарға және экологиялық нормативтерге сәйкестігін қамтамасыз ету.

  5. Судың сапасын арттыруға және материалдық-шикізат ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған зерттеулерді ұйымдастыру.

  6. Зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде суды дайындау технологиялық процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  7. Зертханалық бақылау мәселелері бойынша технологиялық нұсқаулықтарды, техникалық шарттарды және стандарттарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу.

  8. Өлшеудің жаңа әдістерін, зертханалық зерттеулерді және судың, шикізаттың және материалдардың сапасын бағалауды енгізуге бағытталған әзірлеуді ұйымдастыру.

  9. Зертханалық талдауларды, зерттеулерді және сынақтарды жүргізудің әдістемелік басшылығын жүзеге асыру.

  10. Бекітілген зертханалық зерттеулер әдістемелерінің және алынатын нәтижелердің дұрыстығына (дәлдігіне) қойылатын талаптардың сақталуын бақылау.

  11. Судың, шикізаттың және материалдардың сапасын бағалау үшін зертханалық зерттеулер нәтижелерін талдау және қорытындылау жұмыстарын ұйымдастыру.

  12. Орталық зертханада технологиялық және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

  13. Зертханалық жабдықтың, аспаптардың және өлшеу құралдарының дұрыс пайдаланылуын бақылау.

  14. Монтаждық және іске қосу-жөндеу (пусконаладка) жұмыстарға, сынақтарға және жаңа зертханалық жабдықты пайдалануға енгізуге қатысу.

  15. Жөндеу/наладка жұмыстары жүргізілгеннен кейін зертханалық жабдықты қабылдауды ұйымдастыру.

  16. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес прекурсорларды есепке алу, сақтау, пайдалану және кәдеге жаратуын қамтамасыз ету.

  17. Прекурсорлардың келіп түсуін, сақталуын және жұмсалуын есепке алу журналдарын, сондай-ақ басқа да белгіленген құжаттаманы жүргізуді ұйымдастыру.

  18. Орталық зертхана қызметкерлері үшін прекурсорлармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және өзектендіру.

  19. Прекурсорларды сақтау үшін белгіленген шарттардың сақталуын, оның ішінде температуралық режим мен химиялық заттардың үйлесімділігін бақылау.

  20. Прекурсорларға тұрақты түгендеу жүргізуді, сәйкессіздіктерді анықтауды және бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды ұйымдастыру.

  21. Зертханалық сынақтардың хаттамаларын, есепке алу журналдарын, техникалық құжаттаманы және есептілікті уақтылы ресімдеуді қамтамасыз ету.

  22. Зертхана қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын бақылау.

  23. Орталық зертхананың Товариществоның өндірістік және басқа да құрылымдық бөлімшелерімен зертханалық бақылау және судың сапасы мәселелері бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

  24. Зертхана қызметі нәтижелерін талдауды қамтамасыз ету, ауытқуларды анықтау және зертханалық зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  25. Анықталған бұзушылықтар, зертханалық бақылау нәтижелеріндегі ауытқулар, ықтимал тәуекелдер және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Товарищество басшылығын уақтылы хабардар ету.

Талаптар:

Білім:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Жалпы жұмыс өтілі — кемінде 5 жыл.

  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі — кемінде 3 жыл.

Кәсіби білім мен дағдылар:

  1. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік санитария саласындағы заңнамасын және нормативтік құжаттарды білу.

  2. Суды өндіру және дайындау технологиясын, суды дайындаудың негізгі технологиялық процестерін білу.

  3. Судың, шикізаттың, материалдардың және химиялық реагенттердің сапасына зертханалық бақылау әдістерін білу.

  4. Химиялық зертхананың қызметін ұйымдастыру және зертханалық персоналды басқару қағидаларын білу.

  5. Зертханалық жабдықтың, аспаптардың және өлшеу құралдарының құрылымын, тағайындалуын және пайдалану ережелерін білу.

  6. Судың, шикізаттың және материалдардың сапасын бағалауға арналған заманауи зертханалық зерттеу, өлшеу әдістерін білу.

  7. Өндірістік процестерде қолданылатын суға, шикізатқа және материалдарға қойылатын техникалық талаптарды білу.

  8. Техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеуге қойылатын стандарттарды, техникалық шарттарды және талаптарды білу.

  9. Судың сапасын бақылау және химиялық заттармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық стандарттарды, нормативтерді және талаптарды білу.

  10. Қауіпті химиялық заттарды, оның ішінде прекурсорларды есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін білу.

  11. Прекурсорлармен жұмыс істеуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын білу.

  12. Прекурсорлардың келіп түсуін, сақталуын және жұмсалуын есепке алуды ұйымдастыру, түгендеу жүргізу және белгіленген құжаттаманы жүргізу дағдылары.

  13. Зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, сынақ нәтижелерін талдау және өлшеулердің дұрыстығын бақылау дағдылары.

  14. Зертханалық бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ технологиялық процестерді жетілдіру дағдылары.

  15. Технологиялық нұсқаулықтарды, регламенттерді және техникалық құжаттаманы әзірлеу дағдылары.

  16. Персоналдың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, тапсырмаларды бөлу және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету дағдылары.

  17. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын білу.

  18. Зертханалық есептілікті, сынақ хаттамаларын және техникалық қорытындыларды дайындау дағдылары.

  19. Microsoft Office бағдарламаларын сенімді меңгеру.

Қосымша талаптар (қалаулы):

Төмендегі бағыттар бойынша оқыту мен білімін тексеруден өткендігі туралы қолданыстағы сертификаттардың және/немесе куәліктердің болуы:

  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік.
  • Электрқауіпсіздік (рұқсат беру тобына сәйкес).
  • Өрт-техникалық минимум (өрт қауіпсіздігі).
  • Қауіпсіздік және еңбек қорғау.
  • Жәбірленушілерге алғашқы көмек көрсету.

Орталық зертхананың қызметінің басқа бағыттарымен қатар зертханалық зерттеулер, химиялық талдау, суды дайындау, прекурсорлармен жұмыс істеу бойынша сертификаттардың болуы қалаулы.

Мемлекеттік және орыс тілдерін, ағылшын тілін — қалаулы.

Шарттары:

5/2, жұмыс кестесі 09:00-18:30, түскі үзіліс 13:00-14:30
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру