«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы 1 классты Сексеуіл стансасының теміржол стансасы парк кезекшісі

от 246 730
Кызылординское отделение магистральной сети Сексеуіл а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
44

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Жұмысқа уақытында, демалған күйде және белгіленген нысанды киіммен (ЖҚҚ) келуге, өзімен бірге қызметтік куәлігін, еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі бойынша куәлігін, ПТЭ, ИСИ, ИДП бойынша куәліктерін алып жүруге міндетті.
Кезекшілікке кіріскенге дейін нұсқама журналында қол қою арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мақсатты нұсқамадан өту үшін ДС әкімшілік ғимаратына сағат 08:40/20:40-та келуге міндетті.
2. Теміржол жолдарында болған кезде және технологиялық жұмыстарды орындау барысында еңбекті қорғау және жеке қауіпсіздік талаптарын сақтайды, жұмыс орнын, өзіне сеніп тапсырылған техникалық құралдарды және жұмыс беруші берген арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) тиісті жағдайда ұстайды.
3. Кезекшілікті қабылдау кезінде станцияның ТРА-сына сәйкес станциялық жолдардың бекітілуінің сенімділігін, тежеуіш башмактарының жарамдылығын, курбельдердің пломбаларының болуын, сөрелердің сенімді жабылуын тексереді.
4. Пайдалануындағы мүліктің, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді.
5. Жолаушылар және жүк пойыздарын өз бекетінің жанында белгіленген жерде қарсы алады және шығарып салады. Маневрлік жұмыстарға қатысқан кезде пойыздарды олардың орналасқан жері бойынша қарсы алады және шығарып салады.
6. ДСП немесе ДСЦ нұсқауы бойынша пойыздан вагондарды ағытып алады, станциялық жолдарда тепловозсыз қалдырылған пойыз құрамдарын немесе жекелеген вагондарды қажетті мөлшердегі тежеуіш башмактарымен бекітеді және станцияның ТРА-на сәйкес ДСП нұсқауы бойынша оларды уақытылы алып тастайды.
7. ДСП-ның нұсқауы бойынша локомотив машинистеріне жасыл және диагоналі бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкілерді, жол жазбаларын, хабарламаларды (ДУ-50, ДУ-54, ДУ-64 және т.б.) береді. Станциялық жолдарда вагондарды бекітуге арналған тежеуіш башмактары мен құрылғыларды нөмірлік есепке алу жөніндегі ДУ-67 нысанындағы журналды жүргізеді.
8. Көрсетілген маршрут бойынша бағыттамаларды курбельмен ауыстырады, СЦБ құрылғылары орталықтандырылған жүйеден ажыратылған немесе олардың қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда бағыттамаларды аспалы құлыппен бекітеді.
9. Пойыздарды қабылдау және жөнелту кезінде, сондай-ақ маневрлік жұмыстар жүргізу барысында соқтығысудың алдын алу мақсатында маршрутты бөгде адамдар мен малдан қорғауды қамтамасыз етеді.
10. СЦБ және байланыс құрылғылары істен шыққан жағдайда жолдың бос болуын және пойыздарды қабылдау мен жөнелту үшін маршруттың дайындалуын тексереді.
11. Қатаң есепке алынатын құжаттардың, мүкәммалдың және құрал-саймандардың сақталуын қамтамасыз етеді.
12. СЦБ құрылғыларының жұмысындағы ақаулар, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін жұмыс жағдайының күрделенуі немесе штаттан тыс жағдай туындаған кезде ДСП-ға немесе ДСЦ-ға дереу хабарлайды және ДСЦ немесе ДСП нұсқауы бойынша авариялық немесе штаттан тыс жағдайды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
13. Теміржол көлігі объектілерінен жүктер мен материалдық құндылықтардың ұрлану жағдайлары анықталған кезде, сондай-ақ станциялық жолдарда, құрамдардың жанында немесе теміржол көлігінің басқа объектілерінде күдікті бөгде адамдар болған жағдайда тікелей басшысына дереу хабарлайды.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органдардың актілерін және Компанияның қызметіне қатысты өзге де құжаттарды, еңбек шартының талаптарын, корпоративтік басқару кодексін және Компанияның (жұмыс берушінің) өзге де жергілікті актілерін қатаң сақтайды.
15. Жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын қатаң сақтайды.
16. Өз жұмыс орнында халықаралық ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, ISO 45001, ISO 50001, OHSAS 18001:2007, ISO 50001 стандарттарының талаптарына негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесінің талаптарын енгізуді, сақтауды және оның жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз етеді.
17. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды.
18. СЦБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда маневрлік жұмыстарды жүргізу процесіне қатысады.
19. Тежеуіш башмактарының, құжаттардың, мүкәммалдың және қатаң есепке алынатын құрал-саймандардың сақталуын қамтамасыз етеді.
20. Пойыздың толық құрамда келгенін, пойыздың соңғы вагонында белгіленген сигналдың болуын бақылайды, сондай-ақ ұзын құрамды пойыздарды кейін шегіндіру кезінде шегіндірілетін маршруттың дұрыстығын және оның қорғалуын тексереді.
21. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды.
22. Жоспарлы және жоспардан тыс техникалық сабақтарға қатысады.
23. Вагондарды кейін шегіндіруге команда беруге, тиісті рұқсат алмай және қозғалыс бағыты бойынша бірінші вагонда болмай тұрып, ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі )/орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша). Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім кезінде - поездарды құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық постының кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигналист, станция кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру постының операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл (техникалық және кәсіптік) білімі поездарды құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық постының кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигналист, станция кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру постының операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру