**Смета инженері**

«Көкшетау ЖЭО» ЖШС Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
58

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • құрылыс жұмыстарына, жабдықты жөндеуге, ғимараттар мен құрылыстарға сметалық-қаржылық құжаттаманы, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, көрсетілетін қызметтерді ұсынуға есептеулерге және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарға арналған сметаларды жасау
  • бекітілген титулдық тізімдерді, күрделі жөндеуге арналған ақаулық ведомостарын, жөндеу ведомостарын және жөндеуге және реконструкцияға жататын объектілердің жұмыс сызбаларын қарау және талдау;
  • жобалау ұйымдары жасаған шығындар сметаларының дұрыс ресімделуін тексеру және олар бойынша қорытындылар дайындау;
  • бекітілген сметаларда қарастырылмаған жөндеу, монтаж және құрылыс жұмыстарын құнының айқындалуына, сондай-ақ материалдар мен жабдық ауыстырылған кезде қатысу;
  • жөндеу және реконструкция объектілеріне арналған титулдық тізімдерді жасауға қатысу;
  • жұмыстардың сметалық құны туралы қажетті анықтамаларды дайындау;
  • жөндеу құнын талдау негізінде барлық төрдегі жөндеу (құрылыс, монтаж, сантехникалық және өзге де түрлері) жұмыстардың сметалық құнын айқындауға арналған бастапқы деректерді дайындау;
  • бағалар немесе жұмыстар көлемі өзгерген жағдайда сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізу;
  • сметаларды мердігер ұйымдармен келісу және олардың шығындар сметасына енгізілген нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру, орындалған жұмыстардың актілерін жасау;
  • жөндеу-құрылыс жұмыстарының құнын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
  • сметалық құжаттаманы есепке алу, мерзімді түрде қайталанатын жұмыстарға арналған сметалық-қаржылық есептеулерді жүйелеу және типтік сметалар жасау мақсатында жүргізу;
  • бухгалтерияға капиталдық құрылысты игеруді есепке алу үшін қажетті бастапқы құжаттаманы уақытылы ұсыну, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін тексерумен, шот-фактураларды тексерумен, қаралатын шарттар бойынша құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімін жасаумен;
  • қаржы бөлімшесіне қаралатын шарттар бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін төлем жүргізу мақсатында төлемді келісу парағын құжаттар пакетімен бірге уақытылы дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету;
  • қаржы бөлімшесіне қаралатын шарттар бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін төлем жүргізу мақсатында төлемді келісу парағын құжаттар пакетімен бірге уақытылы дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету;

Талаптар:

  • Білім (Деңгей/бейін): Жоғары техникалық
  • Жұмыс тәжірибесі (оның ішінде кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда): кемінде 5 жыл

Шарттар:

  • Жұмыс кестесі 5/2, 09:00-18:30;
  • Әлеуметтік пакет, ресми жұмыспен қамту.