4-ші разрядты аппаратшы гидрометаллург
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
4-ші разрядты аппаратшы гидрометаллургтың негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін келесі міндеттер жүктелген: • Өндірістік ерітінділерді өңдейтін цехтардың технологиялық және қосалқы жабдықтарын, реагент қоймаларын, өндімді және негізгі ерітінділерге арналған құм қондырғыларын, төмен деңгейлі радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған қоқыстар қорымын пайдалану; • Өткізетін процестер: сорбциялау, десорбциялау, тұндыру, қоюландыру, сүзу, кептіру, дайын өнімді (сары сүзінді) 20-футтық теңіз контейнерлерге жүктеу және қаптау; • Реагенттермен жұмыс жасау: тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау, реагент ерітінділерін дайындау; • Сорбциялау, десорбциялау, денитрациялау, тұндыру, қоюландыру, сүзу, кептіру және теңіз контейнерлеріне құю учаскелеріндегі технологиялық процесті бақылау және реттеу; • Тапсырмаға сәйкес сорбциялық бағандар арқылы ерітінділердің ағынын бақылау және реттеу, өнімді және негізгі ерітінділерінің деңгейін бақылау; • Өнімдік десорбатының автоцистернаға тиелуін бақылау; • Сынама таңдағыш картасына сәйкес іріктеуді жүргізу, есеп құжаттарына мәліметтерді енгізу; • Негізгі жабдықтарды (ион алмастырғыш және десорбциялық бағаналар, дірілелектер, сорғылар, сүзгілер, технологиялық ерітінді құбырлары, реагент контейнерлері мен тауарлық десорбат ыдыстары, тұндыру каскады, қоюлатқыш, пресс-сүзгі және кептіру пештері) және қосалқы жабдықтарды (Қосалқы жабдық - сумен, ауамен, жылумен, желдетумен қамтамасыз ететін БӨАжА құралдары, жабдықтар мен коммуникациялар); • Жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуге қатыстыру, жабдықты жөндеуден кейін қабылдау, жабдықтың жұмысы туралы ауысым журналына жазу; • Реагентті түсіру, алынған реагенттің мөлшерін өлшеу, технологиялық процеске реагенттердің жеткізілуін бақылау, жүк көтергіш механизмдер мен автотиегішті басқару; • Барлық технологиялық аппараттарда көлемдік өлшеулерді жүргізу және өндірістік аяқталмаған жұмыстардың (ӨАЖ) іріктеу картасына сәйкес іріктеу; • Өнеркәсіптік санитария талаптарын сақтау: жұмыс орнын таза ұстау, жұмыс орындарының ауысымдық тазалауын жүргізу, технологиялық ерітінділердің төгілуін жою, желдету және жылыту жүйелерінің жұмысын бақылау, жабдықтарды, автоцистерналарды қатерсіздендіру, төмен деңгейлі радиоактивті қалдықтарды жинау және жою; • Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жоюға көмектесу • Тікелей басшының, бас директордың және қажет болған жағдайда оперативтік, өндірістік, өзге жиналыстардың және басқа да басшылардың өз құзыреті шегінде, сондай-ақ өндірістік және оперативтік жиналыстармен жүктелген жеке нұсқаулықтары мен тапсырмаларын уақтылы орындау; • Қажет болған жағдайда, жұмыс міндеттерін орындау үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болса, жұмыс берушінің көлігін жүргізеді; • Қызметкердің еңбек қызметіне қатысты өз құзыреті шегінде жұмыс берушінің актілеріне, саясатына, ережелеріне, Қоғамның нұсқаулықтарына және басқа құжаттарына жеке сәйкестікті қамтамасыз ету; • Еңбек шартқа, ұжымдық шартқа, осы лауазымдық нұсқаулыққа, жұмыс берушінің актілері мен Қоғамның басқа да бақыланатын құжаттарына сәйкес жүктелген міндеттерді, еңбек міндеттерін саналы, уақтылы және сапалы орындау (егер оны берілген көлемде және уақтылы орындау мүмкін болмаса немесе сұрақтар туындаса, қызметкер тікелей басшысына хабарлау керек, және қажет болған жағдайда міндеттерді, тапсырмаларды және т.б. орындау мерзімін ұзарту). • Қажет болған жағдайда, еңбек шарты бұзылған / тоқтатылған кезде Қоғамға тиесілі құжаттарды, материалдарды және басқа мүліктерді белгіленген тәртіппен және еңбек шартының талаптарына сәйкес табыстау.Білім:
• Орта білім; • Аппаратшы гидрометаллур мамандырылған курстары.Дағдылар:
• Қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және техникалық сипаттамасы, • Құрылғыны ауыстыру схемасы; • Құрылғы, қызмет көрсетілетін жабдықтағы арматураның құрылуы, тағайындалуы және орналасуы; • Процестің аппараттық-технологиялық сызбасы; • Ерітінділердің концентрациясы, температура, қойыртпақтың меншікті салмағы, қойыртпақтың игерілу деңгейі, тұндыру процесіндегі коагуляцияның рөлі; • Тәртіп картасы; • Қарапайым сызбаларды оқу ережелері; • Қысымды ыдыстарды пайдалану ережелері, • Кәсіптік білім беру мектебінің бағдарламасы аясындағы берілетін химия, физика, гидравлика, жылу техникасы, электротехника негіздері; • Пайдаланылатын материалдар мен реагенттердің негізгі қасиеттері; • БӨАжА құралдарының қолдану ережелері, мақсаттары (бақылау-өлшеу аспабы және автоматика), физикалық шамалардың негізгі өлшем бірліктері; • Технологиялық процесс және оны жүргізу ережелері; • Ең көп таралған құрылғыларды, жұмыс құралдарын, жүк көтергіш механизмдерді тағайындау және қолдану ережелері.Қосымша:
4-ші разрядты Аппаратшы гидрометаллург үшін практикалық және теориялық емтихан тапсыру;Білетін тілдер:
• Қазақ тілін және орыс тілін - еркін білу; • Ағылшын тілін білу - бағаланады.Ұқсас вакансиялар
Жетекші инженер-технолог
«Инкай» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.10.2026 | 104
Геология және әзірлеу департаментінің жетекші маманы (геолог) (аутстафф секторы)
«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.10.2026 | 1176
"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС геологиялық барлау департаменті барлау басқармасының аға инженері
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.10.2026 | 1182