"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желінің Алматы бөлімшесі" филиалының өндірісін қамтамасыз ету секторының (АБЖ) инженері

380 355 - 397 439
Алматинское отделение магистральной сети Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
36

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жүк тасымалдарына қызмет көрсету үшін БАЖ және бағдарламалық-техникалық кешендер жобаларын енгізуге қатысу;
  • Филиалдың есептеу және ұйымдастыру техникасының техникалық жай-күйін есепке алу, бөлу және бақылау;
  • Жабдықты жаңғыртуға, ауыстыруға қажеттілікті айқындау және шығыс материалдарының болуын бақылау;
  • Пайдаланушылардың ақпараттық жүйелермен (ЖТБАЖ, ЖЖБАЖ, ЭДО, ГИДУРАЛ, МР АБЖ) үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Қол жеткізу құқықтарын әкімшілендіру және қызметкерлердің компанияның АЖ-не қосылуға өтінімдерін қарау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Информатика; Радиотехника, электроника және коммуникация; Математика; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр