«ҚТЖ» АҚ филиалының – «Семей магистральдық желісі бөлімшесінің» қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология секторындағы 1-санатты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер-технолог (эколог)

от 328 286
Семейское отделение магистральной сети Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
28

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Қызметтік міндеттері:
  • Қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жұмыс жоспарын жасау;
  • Желілік деңгейдегі бөлімшелерде технологиялық процестер мен технологиялық карталардың талаптарының орындалуын бақылау;
  • Желілік деңгейдегі филиалдарда еңбек қауіпсіздігін, электр қауіпсіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
  • НЖС-6 құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен аттестациялық комиссия мүшелері үшін еңбек қорғау, электр қауіпсіздігі бойынша мерзімік білімді тексеруді ұйымдастыруға қатысу;
  • Желілік деңгейдегі кәсіпорындарда қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде болған жазатайым оқиғалар туралы тергеулерді жүргізу және өндірісте болған жазатайым оқиғалар туралы тергеу актілеріне сәйкес жазатайым оқиғалардың себептерін жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім).
  • Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялар (вагон, локомотив және электрлі құрам); көліктерді ұйымдастыру, қозғалыс және пайдалану (теміржол көлігі); электротехника (радио техника, электроника және телекоммуникация); автоматтандыру және басқару; электр энергетикасы; стандартизация, метрология және сертификация; өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; құрылыс (теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (технологиялық машиналар және жабдықтар); инженерлік жүйелер; экология; жылу энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласы бойынша кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр