Лауазымдық жауапкершілік:
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының жұмыс күнін жоспарлау (кездесулер, қоңыраулар, қабылдау, т.б.).
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарына жазылу, келушілерді қабылдауды ұйымдастыру.
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының қызметін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (көлікке, билеттерге тапсырыс беру; кездесулер, келіссөздер ұйымдастыру; т. б.)
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарын кездесулерде, сапарларда сүйемелдеу, т. б.
• Келіссөздерге, іскерлік кездесулерге, арнайы қабылдауларға қатысу; кездесулердің, келіссөздердің барысы мен нәтижесін ресімдейтін хаттамалар мен өзге де құжаттарды жүргізу.
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының тапсырмасы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен жекелеген мәселелерді келісу, оларға басшының нұсқаулары мен өкімдерін жеткізу; нұсқаулар мен өкімдердің орындалуын бақылау.
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарына қажетті материалдар мен ақпаратты жинауды жүзеге асыру, талдамалық, ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау және оларды басшыға ұсыну.
• Іс қағаздарын жүргізу, Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының қарауына келіп түсетін хат-хабарларды алу, қол қоюға құжаттар мен жеке өтініштерді қабылдау, оларды есепке алу және тіркеу, басшыға беру.
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының тапсырмасы бойынша хаттар, сұрау салулар, басқа да құжаттар жасау.
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар ету, оларды тіркеу, конференц-залды дайындау), отырыстар мен кеңестердің хаттамаларын жүргізу және ресімдеу.
• Бас директор бекіткен жұмыс нұсқаулығына сәйкес оқиғаларды тіркеу карталарының жүйелерін үйлестіру;
• VINKOM жүйесінде оқиғаларды тіркеу карталарын тіркеу және ресімдеу процесіне ағымдағы және енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық материалды таныстыру, оқытуды ұйымдастыру, тарату;
• Статистикалық деректерді жүргізу және оқиғаларды тіркеу карталарын ресімдеу процесін талдау;
• VINKOM жүйесінде оқиғаларды тіркеу карталарына өзгерістер енгізу және жаңарту туралы белсенді қатысу және ұсыныстар енгізу;
• «Жарақат алу қаупі бар жағдайды анықтау бойынша оқиғаны тіркеудің үздік картасы» конкурсын ұйымдастыру және өткізу, конкурс жиналысының хаттамасын жүргізу және серіктестік қызметкерлерін өткізілген конкурстың қорытындылары туралы хабардар ету;
• «Operational Excellence» бағдарламасы бойынша ақпараттық материалдарды әзірлеу, қатысу және жай-күйін бақылау;
• Кеніште сапа менеджментінің жаңа жүйелерін енгізу бойынша тренингтер мен семинарлар өткізуге қатысу және көмек көрсету;
• Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес кәсіпорында қажетті өндірістік бұйрықтардың тізбесін жүргізу және қалыптастыру;
• Кеніш қызметкерлерінің өндірістік бұйрықтарымен қол қойғызып танысуды ұйымдастыру;
• Бұйрықтардың көшірмелерін қағаз түрінде тігу, кенішке қатысы бар өндірістік бұйрықтардың электрондық көшірмелерін жалпыға бірдей пайдалану және тексеруші органдарға ұсыну үшін желілік дискіде сақтау;
• Бұйрықтардың орындалуын қадағалау, күші жойылған бұйрықтарды жаңарту үшін Серіктестік бөлімшелерінің басшыларына жіберуді жүзеге асыру.
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарына келіп түскен құжаттаманы аудару. Қолданылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтай отырып, аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және семантикалық мазмұнына дәл сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, аудармаларды (ауызша және жазбаша) белгіленген мерзімде орындау.
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс);
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);
• Демалысқа шықпас бұрын, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғанға дейін және т. б., орындаудағы істерді және/немесе материалдарды QMS-00-00-01 нысаны бойынша ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру;
• Қолданыстағы шарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісті бақылау (бар болса);
• Серіктестіктің Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау;
• Тікелей басшыға Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының ассистентінің міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.
3.2 Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының ассистентінің міндеттері келесі себептер бойынша ҚР заңнамасы аясында өзгеруі мүмкін:
• Кеніш әкімшілігінің мәртебесінің, мақсатының және функцияларының өзгеруіне немесе оны қайта құруға әкеліп соқтыратын Серіктестіктің (Серіктестіктің Қадағалау кеңесінің шешіміне, Серіктестіктің Бас директорының бұйрығына сәйкес орындалатын) басқарудың ұйымдық құрылымының және штат кестесінің өзгеруі;
• Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының ассистентінің жауапкершілік саласын, өкілеттігін, бағыныстылығын және жұмыс тәртібін өзгертетін Серіктестіктің даму және жақсарту жөніндегі жоспарлары;
• Жоғары тұрған басшымен, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директорымен келісілген және Серіктестіктің Бас директоры бекіткен осы лауазымдықнұсқаулыққа өзгерістер енгізу жөніндегі тікелей басшының шешімі.
3.3 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ), қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) жөніндегі нормаларды сақтауы
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының ассистенті мыналарға міндетті:
• Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс (өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі), радиациялық қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, жол қауіпсіздігі ережелері және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарын сақтау. Серіктестіктің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және сапа саласындағы корпоративті саясатын, сонымен қатар, жұмыс беруші актілері және Серіктестіктің өзге де бақыланатын құжаттарын басшылыққа алу;
• еңбекті қорғауды басқару жүйесін сақтау;
• тұрмыста және күнделікті еңбек және шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдайларға алып келуі мүмкін өндірістік және технологиялық еңбек тәртібін, қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол бермеу;
• қауіпті өндірістік нысандарда апаттар, оқиғалар, әрбір өндірістік жарақат және жұмыскерлердің денсаулығына келген өзге зақым, кәсіби сырқау (улану) белгілері, сонымен қатар адамдар өміріне және денсаулығына қауіп туғызатын жағдай туралы тікелей бастығы және Өндірістік қауіпсіздік департаментіне тез арада хабарлау;
• өрт болған жағдайда, тез арада өртке қарсы қызметке хабар беру, өртке қарсы қызмет бөлімшесі жеткенге дейін жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда, адамдар, мүліктерді құтқару және өрт сөндіру бойынша қолдан келетін шараларды қолдану;
• міндетті алдын-ала және мерзімді медициналық тексеруден, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі (түнгі уақыттағы жұмыс жағдайында) және өзге медициналық куәландырудан өтуі;
• еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі болатын мүгедектіктің белгіленуі немесе денсаулық жағдайының басқа да нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлап отыру;
• жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын мақсатына сәйкес бұлжытпай қолдану және пайдалану;
• қоршаулар, экрандаушы, бұғаттаушы және сақтандырғыш құралдардың жабдықтар және құрылғыларда бар болуын, олардың ақаусыз жағдайын және дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асыру. Егер жұмыс орындары жұмыскер үшін жұмыс түріне байланысты қатер тудыратын қауіпті аймақта орналасқан болса, онда мұндай аймақтар бөгделердің осы аймаққа қол жетімділігін шектейтін құрылғылармен жабдықталуы тиіс;
• жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын, табу, хабарлау және өрт сөндіру құралдарын күтіп ұстау. Олар бұзылған жағдайда өзінің тікелей бастығы және Өндірістік қауіпсіздік департаментіне тез арада хабар беру;
• уәкілетті органдардың мемлекеттік инспекторлары, өндірістік қауісіздік департаментінің жұмыскерлері бекіткен заңды талаптарды және медициналық ұйымдар белгілеген емдеу және сауықтыру шараларын орындау;
• қауіпсіздік және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс (өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі) және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша алғашқы және мерзімдік оқулар, нұсқаулықтар, қайта даярлау және білімді тексеруден уақтылы өту;
• төтенше жағдайлар және олардың салдарларын жою бойынша өтетін оқуларға және жаттығуларға қатысу;
• жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен адамға мүмкіндігінше алғашқы көмек көрсету. Орын алған жазатайым оқиға туралы басшылыққа және өндірістік қауіпсіздік департаментіне тез арада хабар беру және қажет болған жағдайда дәрігер мен жедел жәрдем көлігін шақыру;
• апаттар, оқиғалар және жазатайым оқиғаларды тексеру бойынша комиссияға көмектесу.Білім:
Жоғары кәсіптік білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;Қосымша:
• Аударма дағдыларына ие болу
• Командада жұмыс істей білу;
• Серіктестіктің құндылықтарын ұстану;
• Құпиялылық саясатын сақтау;
• Кәсіби сертификаттаудың болуы – құпталады.Білетін тілдер:
Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеру