Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер (ЭХЗ және ӘЖ) Павлодар мұнай құбыры басқармасының «ҚазТрансОйл» АҚ ЭХЗ және ӘЖ құралдарын жөндеу және қызмет көрсету учаскесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.Міндеттері:
-
1. жұмыс процесінде ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік ережелері мен нормаларының талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау;
2. қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы, сондай-ақ экологиялық аспектілер бойынша тәуекелдерді білу және басқару. Өзінің кәсібі бойынша көзделген өндірістік нұсқаулықтарды зерделеу. Жазатайым оқиға, авария, жабдықтың істен шығуы, қызметкердің ауруы фактісі туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы басшылыққа уақытылы хабарлау. Қауіпті және авариялық жағдай пайда болған кезде, оның пікірінше адамдардың өмірі немесе денсаулығына тікелей қауіп төндіруі мүмкін болса, жұмысты дереу тоқтату және бұл туралы кейіннен басшылыққа баяндау.
3. ЭХҚ (электрохимиялық қорғаныс) және ВЛ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және профилактикалық жөндеуді уақытылы әрі сапалы жүргізу, ЭХҚ телемеханика жабдығын қызмет көрсету шекарасы мен қызметтер арасындағы жауапкершілік туралы ережеге сәйкес;
4. электрохимиялық қорғаныс құрылыстарын орнату, пайдалану және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау, катодтық және электрлік дренаждық қорғаныс станцияларын және протекторлық қондырғыларды монтаждау, демонтаждау, қосу, пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
5. 6(10)/0,4 кВ, 6(10)/0,23 кВ кернеуіндегі трансформаторлық қосалқы станциялардағы трансформаторларға ревизия жүргізе отырып, сондай-ақ ажыратқыштарды (разъединитель) конструктивтік элементтерін бөлшектеумен бірге, трасса бойындағы ВЛ-6(10) кВ, ВЛ-0,4 кВ жабдықтарын монтаждау, демонтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу;
6. ЭХҚ және ВЛ электроқондырғыларының монтаждық, принциптік және бірсызықты электрлік сызбаларын, қызмет көрсетілетін аймақтың электр беру желілерінің электрлік сызбалары мен техникалық сипаттамаларын, қызмет көрсету көлемі шегіндегі электрмен жабдықтау сызбасын білу;
7. топырақтың меншікті электрлік кедергісін анықтау үшін құбыр трассасында электрлік өлшеулер жүргізу, топырақ сынамаларын іріктеу;
8. тасымалданатын бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу тәртібін сақтау, катодтық қорғаныс станциялары мен протекторлық қондырғылардың параметрлерін алу;
9. құбырдың оқшаулау жабынының зақымдану орындарын оны ашпай анықтау бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ потенциалдар айырмасының Омдық және поляризациялық құрамдастарын анықтауға арналған электрлік өлшеулер бойынша жұмыстар жүргізу;
Талаптар:
- кәсіп бойынша біліктілік куәлігінің (сертификаттың) болуы: ЭО жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер — кемінде 4 разряд;
- электрқауіпсіздік бойынша біліктілік тобы — IV-тен төмен емес топ
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек жағдайлары қалыпты
- Жұмыс орны: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіп аймағы
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар