Жетекші маман (геологиялық модельдеу инженері) — аутстаффинг 3 (көшірме)

«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
2247

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 3D геологиялық модельдерді құру;
  • ЖЖҚ (УВС) қорларын есептеу және ілеспе құжаттаманы дайындау;
  • Деректер базасын дайындау, сейсмиканы және ұңғыма кесінділерін интерпретациялау, сондай-ақ ұңғыма деректерін қайта масштабтау;
  • Концептуалды-фациальды модельді, қаңқаны, сондай-ақ петрофизикалық модельді құру;
  • Геологиялық белгісіздіктерді талдау дағдылары;
  • Гидродинамикалық модельдеуді геологиялық сүйемелдеу, ГИС нәтижелерін және геофизикалық сипаттамаларды талдау, объектілерді пайдалануын оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Жер қойнауын геолого-геофизикалық зерттеу, газ кен орындарын іздеу және барлау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жекелеген кезеңдерін орындау;
  • Газ кен орындарын кешенді талдау бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ даму тұжырымдамасын қалыптастыру;
  • Презентациялық материалдарды, ішкі/сыртқы жиналыстарға арналған есептерді дайындау;
  • Геолого-геофизикалық зерттеулер нәтижелері бойынша техникалық есептерді, сондай-ақ бағалау-іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылау үшін геологиялық негіздемелерді құрастыру қабілеті;
  • Материалдарды дайындауға және әрекеттегі және барлау жобаларын геологиялық бағалауды жүргізуге қатысу;
  • Геологиялық барлау жұмыстарын әзірлеу, оның ішінде ұсынылатын жобалық шешімдердің орындылығын негіздеу және ұсынымдар әзірлеу;
  • Техникалық тапсырмаларды әзірлеу және қызметтерге (жұмыстарға) сатып алу үшін тендерлік құжаттаманы дайындау;
  • Көмірсутек кен орындары және көмірсутек кен орындарын игеруді талдау үшін техникалық жобалық құжаттарды және базалық жобалық құжаттарды жасау;
  • Қызметтер (жұмыстар) жеткізушілерімен және/немесе мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуімен (БҚ) және аппараттық кешендермен өзара іс-қимыл жасау, БҚ нарығын мониторингтеу, сатып алу қызметін сүйемелдеу;

Талаптар:

Жоғары техникалық білім (геофизика; мұнай және газ кен орындарының геологиясы мен барлауы салаларында).
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі - кемінде 2 жыл.
Ұқсас функционалдық бағыттарға сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе салаларда профиль бойынша жұмыс өтілі - кемінде 1 жыл.

Білім және дағдылар:

  • Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері;
  • Кен орындарын әзірлеу және пайдалану/география/геоақпараттану/ картография және сабақтас пәндер саласындағы білім;
  • Геологиялық модельдерді құру саласындағы дағдылар (концептуалды-фациальды және петрофизикалық модельдерді қоса алғанда);
  • ЖЖҚ (УВС) қорларын есептеу және бағалау дағдылары;
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып құжаттаманы есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Кемінде бір мамандандырылған салалық бағдарламалық өніммен жұмыс істеу дағдылары (Petrel, tNavigator немесе басқа ұқсас бағдарламалар);
  • Геолого-геофизикалық деректер базаларымен жұмыс істеу бойынша білім;
  • Заманауи ақпараттық жүйелермен, техникалық құралдармен, компьютерлік техникамен тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары;
  • Стратегиялық, аналитикалық және жүйелік ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу;
  • Техникалық презентациялар дайындау және өткізу, келіссөздер жүргізу, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;
  • Қазақ және орыс тілін/ағылшын тілін білу (қалаулы).

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс кестесі.
  • аутстаффинг.
  • әлеуметтік пакет.