«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШҚ-ның «Семей» филиалының қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімінің жетекші инженері, қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы маманы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Кәсіби аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шаралар мен кешенді жоспарды әзірлеуге қатысады, бұл шаралар еңбек қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акттарға сәйкес келуі тиіс;
- Өндірістегі жарақаттарды, кәсіби ауруларды талдайды және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
- Жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі озық тәжірибені зерттейді және жинақтайды, филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде осы тәжірибені енгізуді ұйымдастырады, еңбек қорғау бойынша қарастырулар-байқаулар, семинарлар мен мектептерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- Еңбек қорғау саласындағы заңнамалық және басқа нормативтік актілердің сақталуын, жұмыскерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен компенсациялардың берілуін бақылайды;
- Белгіленген талаптарға сәйкес еңбек қорғау бойынша құжаттарды жүргізеді және есептерді дайындайды;
- Бұйрықтар мен тапсырмалардың жобаларын, қауіпсіздік және еңбек қорғау, электр қауіпсіздігі бойынша хаттамаларды әзірлейді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу, сондай-ақ еңбекке байланысты жарақаттарға байланысты зиянды өтеу бойынша белгіленген тәртіптің сақталуын бақылайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі білім).
- Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялар (вагон, локомотив және электрлі құрам); көліктерді ұйымдастыру, қозғалыс және пайдалану (теміржол көлігі); электротехника (радио техника, электроника және телекоммуникация); автоматтандыру және басқару; электр энергетикасы; стандартизация, метрология және сертификация; өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; құрылыс (теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (технологиялық машиналар және жабдықтар); инженерлік жүйелер; экология; жылу энергетикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласы бойынша кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр