«KTZ Express» АҚ - «KTZE Солтүстік» филиалы (Қостанай қ.) логистика бөлімінің бас маманы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Контейнерлік және мультимодальды тасымалдау бойынша оңтайлы және бәсекеге қабілетті көлік шешімдерін қалыптастыру.
- AIKEY CRM жүйесінде тасымалдау құнының есептеулерін жүргізу.
- Филиалдың сату және клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің өтінімдері мен сұраулары негізінде тасымалдау құнының жедел есептеулерін ұсыну.
- Көлік шешімдерін қалыптастыру кезінде филиалдың тасымалдау процестерінде меншікті және тартылған көлік активтерін (контейнерлерді, вагондарды, фитингтік платформаларды) белсенді пайдалануды қамтамасыз ету.
- Шет мемлекеттердің аумақтарында бәсекеге қабілетті тарифтік шарттар алу мақсатында шетелдік қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
- Бекітілген регламентке сәйкес тасымалдау процесіне байланысты мәселелер бойынша қызмет көрсетушілермен және Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен шарттардың талаптарын келісу.
- «ШЖК-тасымалдау» ақпараттық-есеп айырысу жүйесіне жасалған шарттар, қосымша келісімдер және баға хаттамалары туралы мәліметтерді енгізу, сондай-ақ көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін қызмет көрсетушілермен жүктеу.
- Көлік-логистикалық қызметтер бойынша қызмет көрсетушілермен баға хаттамаларын бекіту және қол қою.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; құқықтану; халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
- Міндетті түрде: Rail-тариф, Rail-Атлас, АБЖ Оператор, АБЖ ДКР, CRM, ШЖК тасымалдаумен жұмыс істеу дағдылары.
- Болғаны жөн: ағылшын тілін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр